|
Кенжегалиева Акзия
Махсотовна, Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Аққозы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы, I санатты тарих пәнінің
мұғалімі
1)
Республикадағы өнеркәсіптің және оның одан әрі дамуы
туралы мағлұмат алу; соғыстан
кейінгі республика экономикасының дамуын, нәтижесін
анықтау; 2)
Пән бойынша сыни
ойлауын және ойлау жүйесін дамыту, кесте құра білу
дағдысын қалыптастыру; 3)
Қазақстан тарихын
оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Отанын шексіз
сүйетін, ұлттық
рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу. 4)
Көрнекі
құралдар : кестелер, сызбалар 5)
Сабақ барысы Ұйымдастыру бөлімі. (сәлемдесу, оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді). Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. 3. Бекмахановтың
ресми түрде саяси айыптаудың басы болған, 1950 жылдың
желтоқсанында «Правда» газетінде жарияланған мақала
(«Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік- лениндік
тұрғыдан баяндайық») 6. 1950
жылдары жындыханаларда жаза тартқан «өзгеше ойлайтын» кеңес
азаматтарының саны. (90 мыңнан астам) 7. «Хрущев жылымығы» дегенді қалай түсінесіздер? Эссе
жазыңыз. Жаңа тақырыпты беру. (жүйелі ойлау әдісі
қолданылады) Мұғалім тақырыпты, жоспарды, сабақ мақсатын
айқндап көрсетеді,оқушылар өздігінен мәтінді
оқиды, содан соң негізгі аспектілерді айқындайды. Кесте,
сызба, кластер құрастырады. 1. Көмірді өндіру соғысқа дейінгі жылдардан бастап
1950 жылға дейін 6,5 есеге өсіп, жылына 17,4
млн.құрады ГЭС, ЖЭС құрылды: 1945 ж. - 1,15млрд кВт. 1960ж. - 10,6млрд кВт. Мұнай
өндіруші өнерәсіп 1945 жылдан 1960 жылға дейін 2,5 есе
өсті. Соғыстан кейінгі жылдарда металлургияға, машина жасауға,
химиялық өнеркәсіптің дамуына ерекше
көңіл бөлінді. Металлургия - машина жасау саласының дамуына
әсер етті. Теміртау металлургия зауыты Ақтөбе ферроқорытпа
зауыты Балқаш мыс балқыту зауыты 2.
Текелідегі
қорғасын-мырыш комбинаты 3.
Шымкент пен Лениногорскідегі
қорғасын зауыты. 4.
Қаратаудағы
кен-химия өнеркәсібі 5.
Жамбыл суперфосфат зауыты 6.
Қостанайдағы
жасанды талшық зауыты 7.
Қарағандыдағы синтетикалық
каучук өндіретін зауыт 8.
Ақтөбедегі хром
қосындылары зауыты. 9. Құрылыс 10.
Қалалар өсті. Өндірістер
салынды. Құрылыс ісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі ·
Сазтөбе,
Қарағанды, Өскемен, Семей, Шымкент цемент зауыттары
салынды. ·
Талдықорған,
Өскемен, Қызылжар, Қостанайда кірпіш зауыттары салынды. ·
Жамбыл, Семей,
Петропавлда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар салынды. ·
Алматы және Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. ·
Қарағандыда аяқ
киім тігу мен шұлық шығаратын
кәсіпорындар орны салынды. ·
Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Теміртауда ет комбинаттары, айран, сүт, ірімшік қайнататын зауыттар мен ірі наубайханалар іске қосылды. |
«Саяси қайраткерлер»
тапсырмасы. Топ спикерлері үстелге жақындап, карточка алыңыз.
Сіздің тобыңыз карточкада көрсетілген қайраткер туралы
кластер құрастыруыңыз керек. Аты-жөні, туған
жылдары, Қазақстан тарихымен байланысымен жазылады.Кластерді
танысытрыатын оқушыны белгілеңіз. (И.В.Сталин,
Т.Рысқұлов туралы кластер құрылады.)
4. Келесі
тапсырма берілген кезеңдегі Қазақстан экономикасымен
байланысты.
. 3
бағаннан тұратын топшамалар үлестіріледі: 1 - оқиға, 2 ±, 3 —. Егер сіз
берілген ұсынысқа келіссеңіз, «+», келіспесеңіз «-»
қоясыз.
1. «Әскери
коммунизм» саясаты большевик партиясына шетелдік интервенция үшін
қажет болды.
2. Азаматтық
соғыстың экономикалық жағдайы барлық өлке
тұрғындары үшін апат әкелді десе болады.
3. Индустрилизаия басталуы туралы шешім 1925 жылы
ВКП(б)-ның 14 сьездінде қабылданды.
4. Алғашқы
бесжылдық жылдары (1927-1931 ж)
5. Қазақстандағы
индустрилизация жылдарында ең маңызды құрылыс
Көкшетау- Петропавл теміржолы болды.
6. Алғашқы
бірінші бесжылдықта Шымкент қорғасын зауыты басталды..
7.
Екінші бесжылдық жылдары (1933-1937).
8. Қазақстан
Республикасы екінші бесжылдықта қорғасын өндірісі
бойынша 3-орынға шықты.
9. 1940 жылы Қарағанды көмір
бассейні Қазақстанға
90% көмір өнімін берді.
5. Келесі
тапсырма ауыл шаруашылығына байланысты.
Оқулыққа назар аударайық. Мен сұрақ
қоям, сіздер оқулықтан іздеу тиіссіздер. Кім бірінші жауап
берсе, сол қолын көтереді. Дұрыс жауап берсе, өз тобына
бонус жинайды.
1. Шаруаларға
қарсыласқаны үшін қандай жаза қолданылды?
2. Ұжымдастыру қандай әдістер арқылы жүзеге
асырылды?
3. «Ұжымдастыру» термині не білдіреді?
4. Сансыз малдың өлуі неге әкеліп соқты?
5. Ауыл шаруашылығындағы жағдайға Ф.И.Голощекин мен
Қазақстан билігі қалай қарады?
6. Ұжымдастырудың салдары қандай болды?
7. Жергілікті тұрғындар қай елдерге көшті
және атамекеніне оралды ма?
6. 1920-1940 ж. Қазақстанның
қоғамдық-саяси жағдайы.
Балалар! Келесі тапсырманы айттам, мен кілт сөздерді айтам, сіз осы
сөздермен қатыстырып, сөйлемдер құрастырасыз :
режим, репрессия, ГУЛАГ, АЛЖИР, ұлтшылдар, «үштіктер», «халық
жаулары».
7. Келесі
тапсырма мәдениет пен атаулы даталарға байланысты.
Қазақстан
мәдениетіне байланысты датаны табу керек.
Жауаптар:
А
- 1919 – Сауатсыздықты жою туралы
Декрет.
Б - 1931ж – желтоқсан «15-50 жас арасындағы
сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру»
енгізілді
В - 1928 – Алматыда Қазақстандағы
бірінші жоғары оқу орны педагогикалық Мемлекеттік Университет
ашылды.
Г-
1921 – Алғашқы
оқулықтар шықты.
Д
-1929 – араб
графикасынан латын графикасына көшу туралы Жарлық шықты.
2)Жауаптар:
А - 1926 – Қызылордада алғашқы кәсіби қазақ
театры ашылды.
Б - 1920 – Қазақстанда бірінші
шығармашыл суретші Әбілхан Қастеевтің
шығармашылығы басталды.
В - 1937 – Қызылордада Корей музыкалық театры ашылды
Г- 1938 – Бірінші көркем фильм студиясы ашылды.
Д - 1934 –Қазақстан хроникалық фильмдер студиясы
ұйымдастырылды.
Үй тапсырмасы : §
34, терминдерді
білу. Келесі
сұрақтарға жауап беруге тырысу: - Егер салқын
соғыс болмаған жағдайда ел жақсы өмір сүрер
ме еді? Экономика басқаша дамыр ма еді?