ӘОЖ 159.9
САБАҚТЫ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ
Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті
аға оқытушы Уразова Г.М., Урстемов Е.Б., Касымова А.Д.
Көшпенді деп аталып келген қазақ
халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға,
ерте заманда археологиялық деректер дәлелдегені бойынша,
көңіл бөлгені байқалады. Ежелден садақ тарту,
бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт
түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани
байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған.
Қай заманның болмасын өзіне тән
экономикалық, саяси әлеуметтік және идеологиялық
ерекшеліктері болатыны баршамызға айқын. Сол сиякты бүгінгі
күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы мен
ерекшеліктері бар. Халқымыздың терең де мағыналы дана
сөзі «Тауына қарай аңы, заманына карай заңы» деп жауап
айтқан. Қазіргі танда егеменді ел болып, өз
шаңырағын көтеріп, туын тіккеннен бері ана тілін, салт
дәстүрін қайта жаңғыртуда. Жаңарған
елге жаңа тіл заңы, және тұжырымдамалар мен
бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарастағы
ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.
Мәселен, осы жөнінде Республика Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасында Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлауқаты барлық
қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын
білім мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту деп атап
көрсетеді.
Дене шынықтыру оқушыларды жан-жақты
үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап
нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын
қалыптастырып, қимыл, қозғалыс қабілеттерінің
негізін салып, оларды белсенді болуға, елін қорғауға
дайындайды.
Мектеп оқушыларына жүргізілетін
жұмыстардың алдына қоятын максаттары:
-денсаулығын нығайту, денесін
шынықтыру;
-жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып,
олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды
орындай білу;
-қимыл қозғалыс негіздерін орындау
техникасының дүрыс негізін қалап, балалардың жалпы
икемділігін арттыру;
-қимыл сапаларын жетілдіру, дене
құрлысын дұрыс қалыптастыру;
-өз денелерін дұрыс ұстап,
жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету;
-жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт
түрлеріне әуесқойлығын арттыру.
Бұл мақсаттарға жетуге дене
шынықтыру сабақтары мен денені сауықтыру жұмыстары,
сабакқа дейінгі таңертеңгілік жаттығу, сергіту
сәттері, үзіліс кезіндегі жаттығулар мен ойындар
жүргізіледі. Адамның күші ол қай жаста болмасын,
бұлшык еттердің дамуына байланысты болады.
Жасөспірімдердің бұлшық
еттерінің дамуына, ең әуелі сүйек бұлшык ет
жүйесінің дамуы әсер етеді. Сондықтан,
күш-қуаты дамыту үшін жаттығулар орындау әдістерін
білу керек.
Балалардың күш қабілеттерін,
қимыл белсенділігін жетілдіру үшін мына төмендегідей жалпы
дамыту жаттығуларын пайдалану ұсынылады:
- гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулары;
- салмақ (батпан, гантель), нығыздалған
доп және қарсылас баланы көтеру;
- күшті дамытуға арналган
қозғалмалы ойындарды пайдалану, арқан тартыс, ат
үстіндегі тартыс, (екі бала, басқа екі баланы ат қылып мініп
тартысады) балалар бірін-бірі ат қылып мініп, эстафеталық жарыстар
өткізу;
- гимнастиқалық жабдықтарда күшті
дамытатын жаттығулар орындау (тартылу, өрмелеу, акробатикалық
жаттығулар);
- алаңда өткізілетін жаттығулар орындау
(тас лақтыру,салмақ көтеріп отырып тұрып, бір орында
тұрып ұзындыққа, биіктікке секіру) т.б.
Мектептегі жалпы дене тәрбиесі жүйесі
болашақ жеткіншектердің тек денсаулығын сақтау
максатында ғана жүргізілмеу, олардың жан-жақты
дамуының негізгі кепілі. Демек, дене тәрбиесі жұмысы
дұрыс жолға қойылу үшін ең әуелі
сабақ қызықты да, оқушылар үшін тиімді өтуі
керек. Сабақ тиімді өту үшін мұғалім әр
сыныптың бағдарламасын жақсы білуі керек, сонда ғана
мектепте дене тәрбиесіне қатысты оқу тәрбие
жұмысы өзінің нәтижесін береді.
Дене тәрбиесінің мұғалімдері
төмендегідей мәселелерге баса көңіл аударулары керек:
1.Өткен оқу жылындағы
оқылған бағдарламалық материалдарды
оқушылардың жақсы біліп, орындай алу және осы
жұмысты орындаудағы жіберілген кемшіліктерді жою.
2.Сабақты қазіргі заман талабына сай
өткізе білу.
Дене тәрбиесі сабақтарында балаларды
оқытудың, яғни оқушылардың жаттығуларды
дұрыс орындаудың тиімді жолдарын қарастырып және
пайдалану. Әсіресе бағдарламаның гимнастика, женіл атлетика,
шаңғы дайындықтары, спорттық ойындар,
қозғалмалы ойындар бөлімдерін өткен кезде оку
материалдарын оқушылардың қаншалыкты орындай
алатындықтары тексеріліп отырады. Демек, өзара жарыс
өткізіліп, бақылау жасалынады. Сабақтың мақсаты
нақты қойылады. Айталық, жүгіріп келіп,
ұзындыққа секірудің жаттығуымен таныстыру, онда
сабақтың негізі осы тұрғыда өтуі керек.
1. Мұғалімнің негізгі міндеті
оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі. Баға
оқушылардың сабақтағы үлгеріміне қойылады,
яғни оқушылардың сабақтағы инициативасы
және үйге берген тапсырманы орындауы ескеріледі.
2. Оқушылардың дене тәрбиесі
сабағында және сабақтан тыс уақытта спортпен
шұғылданғанда санитарлық-гигиеналық талаптарды
орындауға, спорттық жарақаттанудың болдырмауына аса
көңіл аударылады.
3.Тек сабакта ғана емес, сондай-ақ сабактан
тыс уақытта да спортпен шұғылдану әрбір
оқушының, өзінің жеке басының ғана емес
қоғамдық міндеті деп түсіндірілуі керек.
Сабақ өткізудің тиімділігі, негізінен
мұғалімнің сабаққа дайындығы мен
сабақ жоспарын қалай іске асыратынына, сабаққа
үлкен жауапкершілікпен қарауына, және оқушылардың
осы сабаққа деген қызығушылықтарына байланысты.
Екінші жағынан сабақтың
әдістемелік тиімді де қызықты өтуі, мұғалімнің
біліміне, ізденімпаздығына байланысты.
Сайып келгенде мектептегі жалпы дене тәрбиесі
мұғалімнің жұмысының жемісті болуы, оның
ұжымдағы беделіне де байланысты. Десек, одан біздер қателеспейміз.
Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа
қатысуының өзі мұғалімнің беделіне
байланысты. Оқушылар әдетте, эсіресе жоғарғы сынып
балалары сабақты көбірек өз бетінше, еркін ойнағанды
жақсы көреді. Сондықтан да оларға еркіндік беріп, керек
уақытта ғана ақыл-кеңес айтуға болады. Жалпы
мектепшілік және қоғамдық жұмыстарына спортпен
шұғылданып жүрген белсенділерді пайдалана білу, яғни
оқушылардың өздеріне жұмыс жасатқызу
мұғалімнің таптырмайтын өнері.
Сабақ тиімділігінің негізгі
тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе
гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде
оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топка бөлу
керек. Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы
оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән
мұғаліміне қолғабыс тигізеді.
Мұғалім сабақ өрнегінің
түрін сақтай отырып, оқушылармен өткізілетін
сабақтың әр бөліміндегі жаттығулар оларды
қызықтыратындай және өз белсенділіктерімен орындай
алатындай болуы, яғни оқушы белсенділігін оқушы үнемі
назарда ұстауы керек.
Оқушы келешек өміріне қажетгі білім,
біліктілік, дағдылық, қимыл шеберлігі даярлықтарынан
өтуі керек. Ол үшін бұрынғы кездегі жүйедегідей
даяр оқулық, даяр жол бойынша бірдей информациялар алып, бір хабар
кеңістігінде болып барлық оқушыларға бірдей білім беру
емес, көп ізденіс қажет болады. Әрбір оқушы
өзінің ми қабілеттілік, психикалык, физиологиялық,
акыл-ой мүмкіншілігін пайдаланып өзін-өзі даярлауы
(самореализация) керек. Мұғалімдер сабақтарда
әртүрлі оқу амалдарын, әдістерін, әдістемелерін
пайдаланып оқушылардың әртүрлі қабілеттерін,
қызығушылықтарын анықтап, осы мүмкіншіліктері
бойынша әртүрлі кәсіби қызметтерге бағыттауы
қажет.
Сіздер білесіздер көптеген оқушылар
мұғалімнің, ата-ананың, жанындағы кұрбы-құрдастарының
сөзіне еріп, әртүрлі хабарлар әсері арқылы
өз мүмкіншіліктерін ескермей басқа мамандықтар
таңдап, өз ойлағанынан, армандағанынан басқадай,
басқа өмірсоқпақтарына түсіп кеткенін. Бірталай
жасқа келіп алып «әттеген-ай мен жас кезімде сол мамандықты
тандауым керек еді, менің жолым солай болуы, өмірім солай қалыптасуы
керек еді» - деп, өткен өміріне өкініп жүрген адамдар
қаншама.
Мұғалім мектепте қандай жұмысты
орындамасын, оқушылардың алдында үлгі тұтарлықтай
болуы керек. Бұл үлгі барлық жағдайда дене
тәрбиесі мұғалімі үшін, бөлек. Себебі әр
уақытта шәкірттің ұстазға еліктейтінін ескере
«Ұстазымдай болғым келеді» дегенді спортшылар айтады,
аңсайды. Екіншіден мектептегі барлық пәндердің ішіндегі
мұғалімнің сабақта оқытуда көрсету
тәсілін қолданатын тек дене тәрбиесі екендігінің
ескеретін болсақ, онда сабақтың оқуға
дайындық үшін мұғалімнің өзі
жаттығулар жасауы керек. Дене тәрбиесі сабағында тек кана
түсіндіру арқылы сабақ өткізу оншалықты тиімді
бола бермейді және де оқушылардың бәрі бірдей
түсіне бермейді. Сондықтан мұғалім сабақ
үстінде, яғни көрсету тәсілін қолданғанда
өзі үлгі болады.
Менің педагогикалық басты талабым -
оқушыны өзіңнің педагогиқалық шеберлігімен, дене жаттығуларына деген
сүйіспеншілігімен, былайынша айтканда шәкіртті
қызықтыра білуімен ынталандыру керек.
Спорт немесе дене қимылы қалай болғанда
да тынымсыз жұмыс істеуді талап етеді. Демек, талапқана денсаулыкка
кепіл бола алады. Олай болса күнделікті жаттығу, жүгіру
денені ширата түссе, өзін-ақ спорттың өзің
қалаған түріне икемделе басталуына жол ашады.
Жалпы дене шынықгыру шәкірттерді ғана
емес, ересектердің де күш-куатын өсіріп, олардың
денсаулығын шындап қан тамырларының жүйелі жұмыс
жасауына ықпал етеді. Мектеп табалдырығында әрбір
сыныпқа арналған дене тәрбиесі окулығы бар. Бұларда
белгіленген бағдарлама бар. Оқушыны сол бағдарламаға сай
тәрбиелеп, оларды дене шынықтыру пәнінен қажетті білім
алып шынуға бауылаймыз. Бұл білім беру жүйесінің
мектептегі талап-тілегі.
Әрбір оқушының дене тәрбиесі
пәнінен басқа алар спорттық бағыт-бағдары
мұғалімнің мойнында, оның шеберлігі мен
еңбекқорлығында. Әрине, бағдарламадағы сабағынды
беріп, қол қусырып отыруға да болады. Бірақ, жеткіншек
ұрпақ бізден тәрбиенің өтімді жолдарын сұрайды.
Олай болса дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ол -
жаттықтырушы міндетін атқарса және оны абыроймен
жүргізсе шәкірттің де, өзіңнің де, мектептің
де, мәртебесі өсері анық.
Сонымен бірге, денсаулықты нығайту,
ағзаның жұмыс қабілеттілігін жақсарту,
жаттыққандық деңгейін жоғарлату үшін спорт
түрінен жаттықтырулар, дене тәрбиесі сабақтары
арасындағы демалуды 1-2 күннен ары созбау керек. Дене
тәрбиесі сабақтарын бір жетілік циклде дұрыс қоя білу
керек. Өткен сабактың әсері толық жоғалмай
тұрғанда келесі сабақ өткізіліуі тиіс. Жетісіне
үш реттен аз өткізілген жаттықтыру және дене
тәрбиесі сабағынан денсаулыққа, окушы ағзасына
ешқандай пайдалы әсер болмайды. Дені сау бала ғана оқу
мен тәрбиеге ықыласты болады. Қазіргі қимыл
белсенділігі тапшы- гиподинамия заманында балаларымыздың, өзіміздің
денсаулығымызды ойлауымыз қажет. Дүние жүзі
ғалымдары оқушылардың қимыл белсенділігі, жетісіне
14-21 сағат, күніне 2-3 сағат болуы керек деп
дәлелдейді. Біз дене тәрбиесі сабағы арқылы ғана
оларды көп қимылдауға үйретеміз.
Сөз соңында, тәуелсіз елімізге білімді,
саналы, парасатты адамды тәрбиелеу үшін ұшкыр ойлы,
тәні таза, денсаулығы мықты, адал да терең білімді,
жоғары талғамды шәкірт тәрбиелеу басты мақсаты
болған ұстаздарға алдағы уақытта да мол
шығармашылық табыстар тілей отырып, шәкірттері мен
әріптестірінің ыстық ықыласына бөлене беріп,
еңбектеріңіз жана берсін демекпіз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан -2030». Ел президентінің Қазақстан
халқына жолдауы.- Алматы.- 1998- 25-57
бб
2.Адылханов А.С. Как быть
здоровым. Алматы, 1997.
3.Амосов Н.М. Раздумье о
здоровье. Москва, Физкультура и спорт, 1987.
4.Адылханов А.С., Брусенко З.Г.,
Сейдуманов С.Т. Шымырлылық шынығудан. Мектеп оқушыларына
арналған валеология жөніндегі бағдарлама, Алматы, 1998.