Абдрасилова Г.Л., Сапахова Д.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты, Тараз қ,. Қазақстан
№48 мектеп-лицейінің бастауыш
сынып мұғалімі, Астана қ.
Қазақстан
Тәрбиелеудегі гуманистік бағыттылық
Білім беру саласындағы бүгінгі басты
бағыттардың бірі бастауыш білім беру жүйесіндегі оқыту
мен тәрбиелеудің тұтастығы мен егіздігі.
Тәрбиесіз берілген білім нәтижесіз істелінген жұмыспен
тең, сондықтан жаңартылған білім беру мазмұнына
байланысты тәрбие жұмысына гуманистік тұрғыда
қараудың маңызы ерекше екендігі айтпаса да түсінікті.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында мектеп оқушылары бойында адамгершілік және
тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа
тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет
екендігі айтылған. Бүгінгі қоғамның
болашағы – өскелең ұрпақтың бойына рухани -
адамгершілік сананы қапыптастыратын тәрбие беру мазмұнын
жаңаша құруды қажеттігі туады. Бастауыш сынып
оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,
яғни гуманистік бағыттылықты басшылыққа алу бүгінігі
күннің талабы болып табылады.
Тәрбиелеудегі гуманистік бағыттылық
оқушыларға рухани-адамгершілік
тәрбие берудегі маңызды бағыт. Өмірге деген адамның
өзіндік көзқарасын қалыптастыруды - рухани – адамгершілікке
тәрбиелеудің ең маңызды да жетекші саласы ретінде
танып, қарастырған жен. Себебі, тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуы - тұлғаның
құндылықтық-мазмұндық аясының
кеңеюуі мен нығайтылуы, адамның дәстүрлі
моральдық нормалар мен адамгершілік идеялардың негізінде өзіне,
басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, елге,
әлемге қатынасының құрылуы мен бағалауы
бейімділіктерінің қалыптасуы жүзеге асырылатын үдеріс. Атап
айтсақ, тұлғаның маңызды қасиеттері –
руханилығы мен адамгершілігі болып табылады. Жалпы руханилық
тұлғаның алға қойған мақсаттарына жетуге
талпынысы, адамгершілік санасының құндылықтық
сипаты ретінде қарастырылады. Демек, рухани-адамгершілік
тәрбиесіндегі басты мәселе – балаға құрмет
көрсету, өз деңгейіндегідей қарым-қатынас орнату.
Сонда ғана әрбір оқушы өзін-өзі жетілдіру
үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім
алуға ұмтылады және оған деген қажетттілікті
түсінеді. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса
қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Қай кезеңде, қай қоғамда
болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстазына
байланысты. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер
ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім
алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі
болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың
қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге
қазіргі заманғы оқыту әдістерінің жеті модуль
арқылы ұсынылып отырғаны бәрімізге аян:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және
оқуды бағалау.
4. Білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
қарай білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқарушы және
көшбасшылық.
Жоғарыда аталған жеті модульдердің
әрбірінде баланы тәрбиелеу мәселесі ұмыт қалмауы
тиіс. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса
да, мұғалім оқушының адами
құндылықтарын оята алмаса, берген білім күткен
нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде
қалыптасуы рухани –адамгершілік тәрбиесі арқылы жүзеге
асады. Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру - сана
әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және
жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін
қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды
тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасындағы тәрбие мен
оқытудың ажырамас байланыста болуы. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті,
тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын,
ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға
қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам
тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік
сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа
тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды
құжаттардан орын алуда.
Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин жас
ұрпақты дүниеге «дұрыс көзқараспен»
тәрбиелеу керектігін атап өткен. Ол өз шығармаларында
жас ұрпақты өнер-білімге шақырып, жамандықтан
аулық болып, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, біреуге қиянат
жасаудан бойын аулақ ұстауға үндеген. Сондықтан
да, оның бала тәрбиесіне арнаған адами
құндылықтарға тәрбиелейтін шығармалары
әлі күнге дейін өз құндылығын жойған
жоқ. Осыған орай рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім
берумен ғана шектелмейтінін ескерсек, баланың сезіміне әсер
ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның
рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани - адамгершілік
тәрбиені ісжүзіне асыру мынадай гуманистік қағидаларды
сақтағанда нәтиже береді. Олар:
-
оқыту мен тәрбиелеу үрдісі оқушылардың рухани - адамгершілік
қасиеттерді игеріп, үйренуіне қарай ұйымдастырылса;
- оқушылар
рухани - адамгершілік қасиеттерді өз іс- әрекетінде, ерікті,
ешқандай күштеусіз таңдаса.
Әдебиеттер:
1.
ҚР
«Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.
2.
Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы:
Қазақстан, 1994ж
3.
Мемлекеттік жалпыға ортақ бастауыш білім беру
стандарты. 25.4.2015 ж. №327 бұйрық. [Электрон.ресурс].
4.
. Алтынсарин
Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1994.