Ескенеев Ф.А. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан

 

Қазақстанның заманауи музыкалық өнері: ағымдар мен бағыттар (1991-2011 жылдар)

 

Тарихқа тереңдеп көргенде, жалпы алғанда эстрада өнері қатаң ғылыми анықтамалардан тыс қалатыны туралы деректі ең алдымен мойындау қажет, оның мәні мен шектері анық еместей болып көрінеді. Түрлі елдерде, түрлі мәдениеттерде ол өз атауын аса байқарлықтай түрде ауыстырып тұратыны кездейсоқ емес. Сонымен қатар оны көбіне театрмен біріктіреді, ал эстрада терминдері, эстрада өнері біздің түсінігімізде тек бірнеше елде ғана кездеседі. Бұл мәдени бөлік аз пысықталған сала болып табылады. Қарастырылып отырған құбылыстың аз зерттелуіне және эстраданың теориялық проблемаларына қалай да қатысты арнаулы әдебиеттің болмауына байланысты бұл бағытты зерттеуде белгілі бір қиындықтар туындайды.

Осыған байланысты Қазақстан музыкалық мәдениетіндегі жаңа құбылыс – 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында пайда болған, ал гүлдену кезеңі өткен ғасырдың 90-шы жылдарына сәйкес келетін эстрада өнеріне деген қызығушылық артуы толық негізді әрі мақсатқа лайық еді. Отандық эстраданың қазіргі заманғы моделін қарастыра отырып, біз бәрінен де бұрын, қарқынды, тоқтап тұрмайтын, қалыптасу үдерісінде болатын құбылыспен бетпе-бет келеміз. Оның тарихи алғышарттарын, әлеуметтік-мәдени маңызы мен оның қызмет ету жүйесін қарастыру аталмыш зерттеудегі маңызды міндеттердің бірін құрайды. Соңғы жылдары музыкатанушылардың осы құбылысты зерттеп білуге және өнердің осы түрінің жалпы теориясын құруға деген ұмтылысының артқанын байқамау мүмкін емес. Бұл музыкатанущылар – Д.Әмірова, А.Айтуарова, О.Ощепкова және басқалардың ғылыми еңбектері.

Бұл еңбекте, қазіргі заманғы отандық мәдениетте аталмыш бөлімді тудыруға себепкер болған жағдайларды ашып көрсету қажет. Бұл, ең алдымен, өз уақытында негізгі эстрадалық нысандар мен бағыттардың қарқынды туындау үдерісімен, эстетикалық, әлеуметтік, экономикалық негіздер мен қызметтерді бекітумен ерекшелінген еуропалық және кеңестік эстраданың жемісті әсері болса керек. Кеңестік эстрадатану өз кезегінде шет елдік практикаға сүйенді. Нақты айтқанда, еуропа елдерінің (Франция, Англия, Германия және басқалар) негізгі эстрадалық формаларына – кафе мен ресторандағы варьете-бағдарламаларға, мюзик-холлдардағы ревюлер мен шоуларға, кабаре-театрлердегі спектакльдерге сүйенді.

Яғни, ұсынылған мәдени бөлімнің теориялық проблемаларын табу үшін бірінші кезекте шет елдік және кеңестік эстраданың даму тарихы мен қарқынын, оны отандық эстрадамен салыстыра отырып, қарап шығу қажет. Оның қалыптасуына, қазіргі заманғы музыкалық практикада белсенді таратылатып және негізге алынып жүрген батыс мәдениеті дамуының нәтижесі айтарлықтай дәрежеде әсер еткені белгілі. Есепке алу нүктесі эстраданың көшелер мен алаңдардан кабактар мен кафелердің шаңырағы астына белсенді түрде кете бастау уақыты деп есептеуге болады. Қарастырылып отырған бастапқы сатысының аяқталуы деп эстрадаға, эстрада өнерінде тыңдармандар аудиториясымен қарым-қатынас жасаудың сапалы түрде мүлде басқа әдістерінің басымдылық етуін ауыстыратын қуатты техникалық құралдардың және бұрын көрмеген әсер ету құралдарының жаппай келуін есептеуге болады.

Танымал музыка саласында қазіргі заманның рухани ахуалынан туындайтын жаңа эстетиканы білдіретін, ағымдағы ғасырдың рухани құрылысын нақты көрсететін, басым түрде шет ел музыкасы арқылы енгізілетін жаңа бұқаралық жанрлар пайда болды. «Бұрын ешқашан қоғамның музыкалық өмірінде жеңіл жанр дәл қазіргі кездегідей айтарлықтай «мәртебелі» орын алып көрген жоқ … оперетта мен свинг, вальс пен рэгтайм, бард әндері мен рок, эстрадалық мугамалар мен фри-джаз – бұрын ешқашан опералық-симфониялық бағыттағы кәсіби композиторлық шығармашылықпен мүлде басқа бағыттағы осындай көптеген құбылыстар қатар тұрып көрген жоқ» . Сонымен қатар, музыкалық жанрлар эволюциясы біздің көз алдымызда үздіксіз жүріп жатыр, біз осы үдерістердің қалың ортасында отырмыз. Оның үстіне, бұқаралық музыканың өзі де, әсіресе оның мода әсеріне ұшырайтын немесе қоғамның әлеуметтік құрылымы жаңаруы үдерістерімен тікелей байланысты түрлері де айтарлықтай қарқынды түрде өзгеру үстінде. Қалыптасқан жағдайдағы музыкатанушылардың ұстанымы қандай болуы керек: тарихи ретроспектива пайда болуын, нәтижелер анықталуын, тұрақты дәстүрлер қалыптасуын күту керек пе немесе туындап келе жатқан күрделі қазіргі заманғы үдерістерді түсінуге тырысып көру керек пе?

Қарқынды дамып келе жатқан практика мен әзірге аса дами қоймаған эстрада теориясы арасында қалыптасқан қарама-қайшылықты әр түрлі түсіндіру мүмкіншілігі бар. Эстраданы зерделеу мәселелерінде эстрада жанрлары шығармаларының арнаулы сапасына төмендетіп қараудан анық байқалатын жағымсыз негіздер бар екенін жоққа шығару мүмкін емес. Оған тән көңіл көтеру қызметі өнерді сауықтың күмәнді формаларымен жиі жақындата түседі. Нәтижесінде, қатаң эстетикалық нормаларды сақтаушылар тарапынан әділетті наразылық туындатқан өнерге кереғарлық пайда болды.

Эстрадатануды зерттеудің теориялық аспектілері көбінесе бұл салада композициялық негіздер бірлігі болмауына байланысты қиындай түседі, бұл салада көбінесе, бір қарағанда, оларды біртұтас бүтін дүние деп қарастыруға болатындай жеткілікті ортақ қасиеттерге ие емес көрінетін ең сан алуан өнер түрлері көршілес тұрады да, соның салдарынан жалпылаушы «эстрада өнері» деген термин бірнеше шығыс-еуропа елдері мен біздің елде ғана қабылданған. Кәсіби термин ретінде «эстрада» сөзінің алғаш рет сенімсіз түрде қолданылуы 1897 жылғы «Театр и искусство» журналында кездеседі, алайда тіпті 1912 жылдың өзінде «Киевская рампа» «театр, эстрада және спортқа арналған журнал» ретінде шығарыла бастады. Шығыс еуропалық елдерде қазірге дейін барлық жекелеген эстрадалық формалар (варьете, кабаре, мюзик-холл, кафе-концерт және басқалар) дербес қызмет етеді және оқып-үйретіледі.

Эстрадалық термині «эстрадалық өнер» ұғымынан туындаған сөз ретінде латын тілінде төсеніш, тұғыр, еден дегенді білдіретінін еске салып өткен жөн. Бұл жерде актердің көрерменмен тікелей байланысына жәрдемдесетін кеңістіктің ашықтығы ерекше рөл ойнайды. Эстраданың бүгінгі даму кезеңінің ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, сондай-ақ оны тұтас қалпында қарастыру емес, керісінше, сол арқылы «эстрада өнері» ұғымына бастапқы, анағұрлым тар мағынасын қайтара отырып, оның бағыттары мен формаларын жеке-жеке талдаудың мақсатқа лайықтылығын атап өткен жөн. Сол арқылы өз бастауын орындаушылық өнердің ерекше салаларынан алатын эстрада тарихы бірыңғай, айтарлықтай тұрақты белгілер мен қасиеттерге ие екенін дәлелдеу мүмкін және қажет екендігі белгілі болады.

Эстрада өнері, әдетте өнертануда бөлек-бөлек қарастырылатын, өзінің формаларының сирек кездесетін сан алуандығымен ерекшеленетіні белгілі. Сонымен бірге, олардың барлығы бірдей зерттеуді қажет ететін бірқатар ортақ негіз қалаушы сапа мен қасиеттерге ие.

«Поп» және «рок-музыка» деген терминдер туралы айтқанда олардың біріншісіне коммерциялық музыкалық-көңіл көтеру индустриясының барлық құбылыстары жататынын түсінідіріп өту қажет. Рок-музыка – қазіргі заманғы поп-музыканың өзіндік стилдік атрибутикаға ие салаларының бірі. Бүкіл жаңалықтар мен сынақ атаулыға ашық қарайтын поп-музыканың көптеген құбылыстары өзгерістер мен түрлендірулерге ұшырағаны белгілі.

Сонымен бірге, зерттеушілер өзгеше бір серіктестер болып табылатын эстрадалық актерлер мен көрермендердің өзара қарым-қатынасының ерекше сипатын атап өтеді.

Бұқаралық музыкалық мәдениеттің қызмет етуінің жалпы заңдылықтары бұл құбылыс таралуының жергілікті облысы үлгісінде қарастырылады. Осыған байланысты, Қазақстандағы эстрада өнерінің қазіргі заманғы моделіне көңіл бөлеміз және оның қызметінің жергілікті жүйесін қарастырамыз. Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениеті әлі де аз зерттелген сала болып қалып отыр. Отандық мәдениеттегі оның дамуы проблемаларын жариялаудың алғашқы және әзірге жалғыз ғана бастамасы деп қазақ бұқаралық музыка мәдениетін (әрі қарай – БММ) жіктеу тәжірибесі ұсынылатын, оның генезисі ашылатын А.Айтуарованың «Қазақстанның бұқаралық музыкасындағы халықтық дәстүрлер»  тақырыбындағы диссертациялық зерттеуін санауға болады. Ғалым құбылысты салыстырмалы аспектіде қарастырады: бұқаралық музыка – қазақтың дәстүрлі мәдениеті. Мұндай ракурс бұл құбылыстың, музыкалық мәдениеттің фольклорлық бөлігіне де (әдет-ғұрып фольклоры, тұрмыстық лирикалық әндер, балаларға арналған әндер, жастардың әзіл айтысы т.б.), сондай-ақ ауызша-кәсіби шығармашылыққа да (сал-серілер институты) тән генетикалық бастауларын анықтауға мүмкіндік береді[1]. «Бұқаралық музыка» анықтамасын ғалымдар «шығармашылықтың қабылдаудың бұқаралық («жеңілдетілген») типіне және музыкалық қарым-қатынастың орындаушылықтың «еуропаландырылған» формалары («симфониялық» немесе эстрадалық типтегі аспаптылық…; ансамбльдік, оркестрлік көпүнділік, гармония, полифония элементтері) арсеналын пайдаланатын және музыка өнерінің көңіл көтеру, компенсаторлық және коммуникативтік қызметтерін жүзеге асыратын ауызша типіне бағытталған кәсіби формалары» деп біледі.

Шындығында, аталмыш құбылыстың қазақстандық нұсқасы, А.Айтуарованың пікірінше, халық музыкасы мен «жалпыодақтық бұқаралық-көпшілік жанрлардың дәстүрлі номенклатурасының»  өзгеше синтезінде өз бейнесін тапты. Мұндай синтез бұрынғы КСРО жүргізген мәдени саясаттың музыкалық-көңіл көтеру саласын «стандарттаудың» нәтижесі болып табылады. Оның мәнісі мынада, жалпы одақтық кеңістіктегі бүкіл бұқаралық музыка кеңестік эстраданың әмбебап моделі бойынша дамыды. Осы модельдің Қазақстандық баламасы «қазақстандық эстрада» деген атқа ие болды. Қазақстан эстрадасының өркендеу кезі өткен ғасырдың 60-70-жылдарына сәйкес келді және Қазақстанға жаңа БММ «пайда болып келе жатқан моделі» енгенге дейін жалғасты. Дәл осы жергілікті бұқаралық музыканың эстрадалық нұсқасы, «халықтық дәстүрлерді өзектілендіру тәсілдерінің бірі» ретінде А.Айтуарованың зерттеу пәніне айналды. Қазақстандық БММ қазіргі заманғы типінің алғышарттары ерекше геосаяси (еуроазиялық) жағдайы мен ақпараттық ашықтық болып табылады. Осы себептерге байланысты Қазақстан жалпы мәдени жаһандану үдерістерінен тыс қалған жоқ. Ел өміріндегі соңғы онжылдықтардағы саяси-мәдени өзгерістер қазақстандық эстраданың бүкіл басқару және қызмет ету жүйесінің өзгерістерін ғана туындатып қоймай, сондай-ақ құбылыстың өзін түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Бұрынғы танымал эстрадалық концерттердің орнына батыстық түрдегі, онда ойын-сауық жағы басым болып келетін үлкен шоу-бағдарламалар пайда болды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Айтуарова А. Народные традиции в массовой музыке Казахстана. Автореф. дис. к.иск.: 17.00.02. Ташкент, 1993.

2.       Музыка Казахстана: Произведение и исполнитель. – Алматы: КазНИИКИ., 2000.

3.       Культурология ХХ век. Словарь. СПб, 1997.

4.       Абдрахман Г. Современное самодеятельное песнетворчество в казахской музыкальной культуре. – А., 2002.

5.       Арын Е Ұлттық рухты ұлықтаушылар («Дос-Мұқасан» музыкалық ансамблінің тарихынан) // Егемен Қазақстан. – 2000, 16 желтоқсан.

6.       Қазақ энциклопедиясы. – Алматы: «Кітап», 2002.



[1] Автор мұндай шығармашылықты «көңіл көтеретін кәсібилік» деп атайды