ЖАҢАРТЫЛҒАН
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Темірболатова Назгүл
Бақытнұрқызы
Есіл ауданы,
Еңбек бастауыш мектебі, СҚО, Қазақстан
Білім – тоқтаусыз, толассыз
үрдіс болғандықтан «Білім беру» ұғымының
қaзіргі таңда бұрынғыға қарағанда
мағынaсы да, қолданылу aясы да кеңіді. Себебі
бұрын жоғары білім алған адамға бүкіл
өмірінe алған білімі мектептeн соң басқа қaндай
да сала бойынша азық болатын еді. Сондықтан да бұл оқу
oрындары жетeтін білім беруге күш салатын. Бұл күнде қазір
адамның бүкіл өміріне жeтeтін білімді қандай
мықты оқу орны болсын бере алмaйды. Оның басты себебі –
жоғары жылдамдықпен қоғамның дамуы және
соның негізінде қазіргі таңда адамның ақпараттар
кезеңінде өмір сүруі. Ол кез-келген aдамға үнемі
білім алу үшін, өз қатарынан кейін қалып қоймау
үшін қажет.
Қазіргі таңда білім беру
жүйесі мақсатының бірі – әлемдік білім беру
кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам
қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім
берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Облысымызда
орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика
кадрларының біліктілігін арттыру
курстарында (қысқамерзімді, ҚР бастауыш білім беру
мазмұнын жаңарту шеңберінде болып жатқан курстарда)
әлем педагогтеріне бағдар болған, нәтижеге
бағытталған 2010 жылы ЮНЕСКО ұсынған стратегиялар
тиімді қолданылуда. Атап айтсақ, Storytelling (Сторителлинг),
Enguiry Iearning (зерттеуге негізделген оқу), Problem Solving
(мәселелерді шешу), Values Education (құндылықтарға
негізделген оқу), Experiential Iearning (эксперименталдық
оқу). Жалпы біліктілік арттыру жүйесінде оқуға
инновациялық тұрғыдан келу-кәсіби қызметтің
педагогтің өзін іс жүзінде танытуға және
кәсіби-тұлғалық әлеуетін
қалыптастыруға ықпал етуші қасиеттерін дамытуды
қарастырады. Осыған байланысты жыл сайын оқу
бағдарламалары жаңартылады, ал оны жүзеге асырудың
негізгі механизмі зерттеу, жобалау, үлгілеу,
құрылымдау,қашықтықтан оқыту сияқты «өнімді әдістер» болып
табылады. Тәжірибелік сабақтар барысында пәндік аспектілер
ескеріліп, сабақтарды тиімді жоспарлауға көп мән
беріледі.
Жаңартылған білім беру мазмұнының
мақсат, міндеттерін іске асыру біздердің міндеттіміз. Ең
бастысы осы бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін
нәтижелерді білуіміз керек.Сабақты құруда ойланып
оның құрылымын
сақтап, күрделілігін ұғынуымыз
қажет.Сабақ мақсатын анықтағаннан кейін осы
мақсатқа қалай қол жеткізу үшін мен сабақты
қалай жоспарлауды бастаймын деген ой келеді.
Оқу жоспары ол – белгілі бір пән және
сынып бойынша мұғалімдер әзірлейтін
құжат.Оқу жоспары
белгілі бір пән аясында осы пән бойынша қамтылатын
материалдарды қандай ретпен оқытуға және
оқуға болатыны ұсынылады.(МАН 30 бет) Оқу
бағдарламасының
талаптарын орындап ,жаңа
заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың
қажеттілігін қанағаттандыра отыра, сабақты тиімді
жоспарлау керек.
-Оқушылар нені білу
керек?
-Олар қандай түйінді идеяларды
түсіну қажет?
- Оқушылар нені талдау керек? Осы сұрақтардан сабақта мұғалім не істейді
емес, оқушылар немен айналысады-деп шебер мұғалім
тұжырымдайды. Уақытқа
негізделген тапсырма нақты, түсінікті болғаны дұрыс.
Бұл жағдайда мұғалімнің іс-тәжірибе шеберлігі
маңыздырақ. Жоспарлау барысында бастауыш сынып
мұғалімдері «Мен өзім оқушы болсам осы тақырыпты
қалай қабылдар едім ? Бұл баланың қабылдауына
қиын ба?», басқа
қандай шешу жолы бар екенін іздену керек. Көбіне сабақта
мұғалім бағыттаушы, нұсқау беруші, оқушы
ойын айтып пікірлерін ортаға салады, бастысы, дайын материалды бермей өзі ізденіп,
түсінуіне бағыт беріп отыру қажет. Мәңгілік
Елдің оқушылары теориялық білімді тәжірибемен
ұштастырып, өмірмен байланыстыра өз болжамдарын жасау керек.
Оларды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыта
отыра,тыңдалым,айтылым, жазылым,оқылымды игерумен қатар
кең ауқымды дағдыларды меңгерту. «… бала әуелі
тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе
туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге
үйренсін-деп Ж. Аймауытов айтқандай үйлесімді қолайлы
орта туғызумен қатар, адами рухани құндылықтарын байыту маңызды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша
сабақ жоспарындағы ең маңызды тиімді оқыту. Оны жүргізу сабақты жоспарлау барысында
жүзеге асырылады.
Тиімді
оқыту бағдарламасы бойынша сабақ жоспарлау
мұғалімнің өз сабағының жоспарын
мақсатты құруына, кәсіби шеберлігін одан әрі
жетілдіруіне септігін тигізеді. Бұл бағдарлама
оқушылардың бірігіп оқу қабілеттілігіне ықпал
ететін бірнеше бөлімнен тұрады.
Ол мұғалімнің қолдауы
мен оқыту үшін жауапкершіліктен басталады, мұғалімнің
қолдауы оқушылар өздеріне оқу үшін
көбірек жауапкершілік сезінгеннен бастап біртіндеп күрделіден жеңілге
қарай өтеді. Тиімді оқытудың түрлері: сабақ
мақсатын белгілеу, модельдеу (үлгілеу), оқытуды
басқару, бірлескен жұмыс (топтық жұмыс) және
өз бетімен орындалатын жұмыс.
Сабақтың мақсаты оқушылар үшін олар орындайтын
тапсырма мен оларды оқыту себептерінің арасындағы байланысты
көре алуы үшін анық баяндалуы тиіс.
Мақсаттар –
сабақ кезінде жүргізілетін оқытуды білдіреді.
Мақсаттардың үш түрі болады: оқу
материалының мақсаты, тілдік және әлеуметтік
мақсат.
- Оқу материалының
мақсаты: оқушылардың не істейтіндігінен күтілетін
нәтиже.
- Тілдік
мақсат: оқушылардың
өз білімін ауызша немесе жазбаша тіл арқылы қалай
көрсететіндігін түсінуді білдіреді, оқушылар сабақ
кезінде пайдаланатын тілге қатысты болжалдарын белгілейді.
Тілдік мақсаттың мысалы: жалпы, ұқсас
және т.б. тірек
сөздерді пайдалана отырып, бір шығарманың екі
нұсқасын салыстыру
және теңестіру.
- Әлеуметтік
мақсат: оқушылардың
сабақ кезінде бір-бірімен қалай тілдесіп, өзара
әрекеттесуі керек екендігін түсінуді білдіреді.
Әлеуметтік мақсаттың
мысалы: басқа
оқушылардың сөздерін мұқият тыңдау.Әр
оқушының пікірін бөлей тыңдау.
Модельдеу оқытушы
өзі жоспарлаған әрекеттерді таныстыра отырып, тапсырманы
орындаған кезде нұсқау беріп отыруы.
Тиімді модельдеудің жеті
түрлі жолы бар:
-Стратегия,
дағды немесе міндетті
айту.
-Мақсатты
айту.
-Стратегия немесе дағды
қолданылатын жағдайды түсіндіру.
-Алдыңғы білімдерді
жаңа ақпаратқа байланыстыру
үшін аналогияларды пайдалану.
-Дағды, стратегия немесе міндеттің қалай
қолданылатындығын көрсету.
-Қателерді
болдырмау керектігін ескерту.
-Дағды
пайдасын бағалау.
Басқарылатын оқыту
Басқарылатын оқыту кезінде мұғалім оқу үшін
жауапкершіліктің біраз бөлігін оқушыға
жүктейді. Мұғалім
оқушыға
оның жаңа дағдыны немесе стратегияны меңгеруі кезінде
қолдау көрсетеді Мұғалім
оқушылар үшін көмек сөздер,
сұрақтар немесе жетелеуші
сөйлемдер арқылы қолдау көрсетеді. Мұғалім тапсырмаға
қатысты сұрақ берген кезде ол оқушының
түсінген, түсінбегендігін анықтайды.
Сұрақ:Берілген тапсырманы не мысалды таба аласың ба?Басқарылатын оқыту әдетте шағын топтарда жүреді. Мұғалім оқушыларды
топтарға бөліп, олармен жаңа
оқу материалы мен мәліметтерді бекіту
үшін жұмыс істей алады.
Бірлескен жұмыс
Бірлескен жұмыс кезеңінің тиімді оқыту барысында
оқушылар жаңа материалды бекіту мақсатында бір-біріне
көмектесе отырып, оқу үшін
өздеріне одан да көп жауапкершілікті
жүктейді. Осы кезеңде оқушылар бірігіп
жұмыс істейді. Мұндай өзара
әрекеттесу оқушылардың оқу материалын
меңгеруі үшін аса маңызды. Көптеген зерттеулердің
көрсетуі бойынша, балалар оқу материалдарын бір-бірімен
және өзара әрекеттесу барысында
жақсырақ оқиды. Басқалармен бірігіп жұмыс істеуі, сондай-ақ
қазіргі әлемдегі табысқа жетудің қажетті
дағдысы болып табылады.
Мұғалім оқушылармен
бірге олардың сыныптағы бірлескен жұмыстарының қандай
болатындығының топтық нормаларын белгілеп алу қажет.
Нақты үйретілуге және баулуға керек
болатын дағдылардың арасында
сұрақтар қою, келіспеушілікті игілікті шешу және
топтың әр қатысушысы үшін жауапкершілікті
жүктеу дағдысын атап айтуға болады.
Бірлескен
жұмыстың өнімділігін қамтамасыз ету
мақсатында топтың әр мүшесіне бұл ретте оның жеке
жауапкершіліктің жүктелуі қажет болады.
Өз бетімен
жұмыс істеу мектепте
және одан тыс жерде орындалуы мүмкін.Өз
бетімен жұмыс істеудегі
мұғалім – оқушыға нақты тапсырма беру. Ол қысқа да түсінікті болғаны
абзал.
Кейінгі кезде мұндай өзекті
мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық
бары байқалады. Білімді даралап,саралап берудің басты бір
бағыттарының бірі – дарынды,талантты балалар мен
жасөспірімдерді оқыту. Осы арқылы білім беру жүйесін
нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуға
жаңаша жағдайлар жасалды.
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры:
— мектептік оқулықтарға;
— әдістемелік оқу құралдарына;
— ұстаздардың білімі мен
шығармашылықпен еңбек етулеріне;
— шәкірттердің даярлықтарына,талаптарына;
— оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуына
байланысты.
Ең тиімді оқыту – нақты әрекет
арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып есептеледі. Олай болса, педагогтерді
жаңартылған мазмұн бойынша
нақты тәжірибе негізінде оқыту
олардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі деп
санауға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Avalos
B. «Teacher professional development in Teacher Education over ten years»,
Teaching and Teacher Education, 27(1), 2011.- рр.10-20
2.
Əлмұхамбетов
Б. А., Жаңа мазмұнды білім беру ісін жүзеге асырудағы
біліктілікті арттыру жүйеснің рөлі // Білім беру мекемесі басшыларының
анықтамалығы //Справочник образовательного учреждения. - 2007.-№1.
3.
Қазақстан
Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып
пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы 4 Бодди Д., Пэйтон Р. Основы
менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.
4.
Кларин
М.В. Интерактивное обучение – инструмент освоения нового опыта // Педагогика. –
2000. – №7