БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ КӨПТІЛДІЛІКТІ ДАМЫТУ

Ш.Б.Канапина

М. Айтхожин атындағы №1 орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Петропавл қ.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында өскелең ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу үдерісін іздестіру қарқынды жүргізіліп отырғанын байқауға болады.            Қазіргі  таңда өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде жас ұрпақты бәсекелестікке  дайындаудың бірден бір жолы  көптілділік болып табылады.

Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.

Елімізде  үздіксіз жүргізілетін маңызды іс – тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін – жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау [2].

Көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыру үшін оқу үдерісін ұйымдастырғанда, оқытудың мазмұны, принциптері ерекше іріктелгенде, жоспарлау, оқытудың сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі назарда ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін.

Бірін бірі өзара толықтырып отыратын мына жолдар ұсынылады.

Бірінші жол. Білім беру ұйымдарында бірыңғай тақырыптық-сөздік негізбен сипатталатын элективті курс, факультатив, оған үш не төрт тілден белгілі бір тақырыпта қолданылатын лексикалық-грамматикалық материал іріктеліп алынады. Бұл оқушыларға көп тіл үйретудің оңай жолы, оқу жоспарларына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ.

Екінші жол. Кіріктірілген тілдік курс құру немесе кіріктірілген сабақтар ұйымдастырып, өткізу.

Үшінші жол. Ол – тілдік емес пәнді (дүниетану, математика, информатика, музыка,т.б) екі және үш, одан көп тілде когнитивтік-коммуникативтік технология бойынша  оқыту.

Бүгінгі таңда  ағылшын тілін ерте жастан оқыту ғылымда педагогикалық жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, меңгеру және қолдануды басқару процесімен түсіндірілетін инновациялық үдеріс болып қабылданады.

Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай, оның жан-жақты дамуына көмек жасалмаса, оның ақыл-ой, қабылдау,есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Балаларды алғашқы оқыту сатыснда сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады.

Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады.

Сондықтан да бүгінгі өзгермелі уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз дамыған тұста ана тілі, ағылшын, орыс тілі сабақтарында балалардың коммуникативтік, танымдық және басқа да белсенділіктерін, оның еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысынан көрсетуге деген қабілеттіліктерін арттыру жолдарына баса назар аударамыз.

Ерте жастан шетел тіліне бейімдеу оқушы бойында ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектепте жүйелі оқытудың артықшылығы, әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

В.И.Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М.И.Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттіктерін қалыптастыру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген: Шет тілі оқу пәнін оқытудың басты мақсаттары-оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Оыған сәйкес оқыту мазмұнына шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас үрдісінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік, дағдылар қажет.[3;22]

Тіл үш аспектіде қызмет етеді: а) тілдік-құрылымдық, мұнда төменгі деңгей бірліктері жоғары деңгей бірліктерін құрайды. б) сөйлеу тілінің құрылымы, мұнда қандай да бір ойды білдіру үшін сөздер мен сөз тіркестері, предикативтік қолданылады; в) тілдік емес, мұнда тілдік жүйе тілдік құрылым емес, яғни ол материалдық-заттық әлем, қоғам, санаға қатысты қызмет етеді. .[4]

Бастауыш мектеп оқушылары үшін тілдік минимумды анықтауда тілдік емес қызметтерді ескеру 1-сыныптың оқу үдерісін ұйымдастыруда сыртқы әлемнің «бейнесін» пайдалану тәрізді нәтижелі болып табылады.

Тілдің көптүрлі қызметінде таным, ұлттық-мәдени және аккумулятивті қызметтер басым болып табылады, олар өз бірлігінде когнитивті қызмет атқарады.

Орта білім және одан кейінгі кәсіптік білім деңгейлерінде көптілділіктің қалыптасуы бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуды дұрыс ұйымдастыру әдістемесіне байланысты болады.

Көптілділікті дамыту мәселесінің туындаған себебі мемлекет дамуымен тікелей байланысты. Осы тұрғыда ең маңызды істің бірі – жалпыға міндетті білім беру стандартын оқушылар мен студенттерге меңгерте отыра, оларды көптілді тұлға ретінде қалыптастыру. Бұл кезде «оқыту технологиясы» ұғымына сүйенеміз. Оның мағынасы: қысқа уақыт ішінде күш-қуат пенен құралдарды аз жұмсай отырып, алға қойылған оқыту мақсатына жетуді қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастырылған еңбектің неғұрлым тиімді тәсілдерінің жиынтығы. Технология қолданбаса, стандартта берілген сағатты пәннің мазмұнымен қосымша мемлекеттік немесе ағылшын тілді меңгеру мүмкін емес: немесе стандарт оқыту тілінде ғана меңгеріледі, немесе екінші тілмен шұғылданып, стандарт мазмұны толық меңгерілмей қалуы мүмкін.

Көптілдік дегеніміз көпмәдениетті тұлға тәрбиелеудің негізгі шарты болып саналады. Көптілдік жеке адамға ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда әкелетін фактор деп санауымыз қажет. Көптілдікті дамыту барысында патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі туындайды. Басқа тілдерді үйренумен, басқа мәдениетті білумен қатар, жас ұрпақтың өз елінің құндылықтарын биік ұстауына бүгінгі мектеп пен жоғары оқу орындары жауапты. Ол үшін жүйелі түрде тәрбие жұмысының концепциясын Академияның тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту зертханасы жасауда. Тағы бір өзекті мәселе – көптілділікті дамыту барысында оқушылардың жүктемесін нормадан тыс асырмау. Тілдік пәндердің мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы осы бағытта атқарылатын істердің бірі болып саналады.

Әдебиеттер:

1.    Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».

2.    «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

3.                      Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері 2003-№4Ж:42 б.

4. Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 12 б.

5. Верещагина И.Н., Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях».