Жулбаева Жаннат Толеукадировна,Е.А.Букетов атындағы№ 52ЖББОМ,
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Ергалиева Амангуль Жумагазиновна, Е.А.Букетов атындағы№ 52ЖББОМ,
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Қарағанды қаласы
Қазақ тілі сабақтарында сын
тұрғысынан ойлау модулін
қолданудың тиімділігі
Қазіргі
дамыған өркениетті Қазақстанның болашағы
алдымызда отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы
оқушыларға жан - жақты білім беру, өз пікірін айта білу,
білімді тұлға тәрбиелеу мұғалімдердің міндеті.
Білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Соның
бірі - Кембридж бағдарламасымен мұғалімдердің
біліктілігін арттыратын курстар. Бұл
курстың ерекшелігі - теорияны алдымен өзіміз машық кезінде
колданып көреміз. Әр модульдің мәнін ашқан сайын,
олардың, яғни, жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланыстылығын
көрдім. Модульдердің тығыз байланыстылығы сонша,
қолданылатын әдіс-тәсілдерді модуль бойынша бөліп
тастау мүмкін емес.Осы модульдерді сабақтарымызда бұрын
пайдаланып жүрсек те, қандай мақсатта немесе кейбір
әдіс-тәсілдердің аттарын білмеппіз.Жеті модуль идеяларын
сабақтарыма кіріктіру үшін орта мерзімді жоспар жасап үйрену
арқылы мұнда әр сабақтың жеке-жеке
кезеңдеріне толық тоқталып, тіпті күтілетін
нәтижеге болжам жасадық.
Жалпы сын
тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар
сұрақ қойып,мағынаны анықтау үшін
дәлелдер айтып, саналы түрде мақсатқа жету жолын
таңдайды. Бала сын тұрғысынан ойлана отырып, кез келген
мәселеде жауаптар емес, сұрақтар табуға ұмтылады.
Қазақ
тілі сабақтарында сын тұрғыдан ойлау көбінесе
қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау
және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген
тәсілдері енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған
қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни
тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Негізгі
деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
релеванттық
ақпараттар жинауды;
делелдерді сыни
тұрғыдан талдау мен бағалауды;
кепілдендірілген
шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
ауқымды
тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта
қарауды қамтиды.
Сыни
тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары
төиендегідей сипатталады:
·
бақылау;
·
талдау:
·
қорытынды;
·
интерпретация
Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының жүзге тарта стратегиясы бар екені белгілі,
демек сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен
қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың
мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзуге асыруға
мүмкіндік мол. Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік
бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі
жағдайда бұл стратегиялардың маңызы зор. Соның
ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн кестесі», «Көрнекілік
арқылы баяндау», «Семантикалық карта», «Кластер құрау»,
«БББ» /білеміз-білгіміз келеді- білдік», «Таблица толтыру», «Даналық
кілттері», «Жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем
құрастырыңыз» сияқты стратегиялар мен техникалар әр
сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай
лайықтала қолданылады Мәселен: «Даналық кілттері» нің
ішінен «Әліпби» кілтін қолдануға болады.
Пайдалы Сү, балық, жеміс,көкөніс
«Венн
кестесі» арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі
затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы
сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді.
«Кластер
құрау» тәсілі. Кез
келген ауқымды тақырыпты өткеннен кейін, оқушылар
тірек-сызба құрастыру арқылы тақырыптың
мәнін ашады.
«БББ» тәсілі (білеміз-білгіміз келеді-білдік)
Бұл тәсілді Донна Огл ойлап тапқан. Бұл жұмысты
кест үлгісінде пайдалануға болады.
«ИНСЕРТ» кестесі. Бұл тәсіл
мәтінмен танысқанда өте тиімді. Мәтіннің
мазмұнын ашуда, мұқият оқып шығып, керекті
белгілерді қойып шығу керек. Мысалы: «V» -біліп тұрмын.
«+»-жаңа., «-»-басқаша ойладым. «?»-түсініксіз.
«Фишбон» тәсілі
Бұл
стратегиялардың қай-қайқысы болмасын
оқушының ізденесін, қызығушылығын дамытады.
Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптастырады.
бағдарламасының стратегиялық бағыттары
ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді. Сабаққа
тиімді стратегияларды қолданғандықтан оқушылардың
мотивациясын өсіп, пәнге қызығушылықтары артты. Жалпы
сын тұрғысынан ойлау, оқыту мақсатына жетудің
нақты жолдарын көрсетеді.
Қорыта
келгенде оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады,
танымдық көзқарасы жетіледі. Оқушы талдаудың барасында
өзіне берілген мәліметті жүйелеп,жинақтап жеткізуге
үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға,
әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады.
Әдебиеттер
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс
мектебінде» - 2015.№2
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»
- 2014.№2
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс
мектебінде» - 2011.№3
4. Мұғалімге арналған
нұсқаулық 2016 ж