Есбол.Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

 

А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның ұлтжандылық айшықтары

 

Ұлылық  дегеніміз -кісілік пен

                                                                      кішілік,  қарапайымдылық.    

          (Әбу Жәми )

 

 

ХХI ғасырлық  жаhандық  дағдарыс кезеңіне қарамастан, біз ’’Ұлы дала перзенттерінің өр мінезділігін көрсетіп ‘‘ Қазақстан мемлекетінің 25 жылдығы мен Қазақ хандығының 500 жылдығын бүкіл әлемге паш ете мерекелеп, елдігімізді таныттық.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек.»  [1]

- деп, Қазақстан халқының кәрі мен жасына  '' өмір үшін өлгенше күресу керектігін '' айтады.

Енді ХIX ғасырдың басында '' Ұлы дала – Ұлысым! ''-деп, елдік ұранды көтерген  топ-топ алаштың арыстары тарих сахнасына шығып, өздерінің Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектерімен халықтың мәңгі есінде қалды. Олай болса, ұлттың ұлы көсемі А.Байтұрсынұлы және ұлтжанды педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің тағлымдарына тоқталайық.

А.Байтұрсынұлы болашақ ұрпаққа: ’’...Көп ісіне көп болып жабылайық...Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. ‘‘  [2]  -деп, қиын – қыстау кезеңдерде адам шыңдалады, оның шығармашылық  қыр – сырлары ашылады. Сондықтан сары уайымға түспей, ақылға салса '' еңбектенгеннің еметіне '' шүбә келтірмейді. Жастардың көңіліне отаншылдықты ұялататын уағыз екен.

Ы.Алтынсарин  «Кел, балалар, оқылық!» еңбегінде:

                                Өнер-білім бар жұрттар

                                Тастан сарай салғызды.

                                Айшылық алыс жерлерден,

                                Көзіңді ашып жұмғанша,

                                Жылдам хабар алғызды. [3]  - деп, есті елдің балалары туған жеріне қызмет қылады, көркейтеді оның өркендеуіне үлес қосуға барынша тырысады. Ол үшін күш – қайрат болуымен қатар, білімді де игеру мақсатқа жеткізетінін шегелеп тұрып айтады.

А.Байтұрсынұлының ұлағатты наздарына көңіл аударайық: ’’Көп жұмыстың ауыры да,  жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. ‘‘ [2] – деп, қандай заман, қай өркениет болмасын алдарында тұратын, оның шешуін табатын сан-алуан мәселелер тұрады. Даналарымыз айтпақшы: ’’жақсы болса көп  үшін,  жаман болсаң өзің үшін .‘‘, тағдырдың қойған сұрақтарына дұрыс жауап бере алсақ, соншалықты жетістіктерге жетеміз. Құйма құлақтарға құйып алатын тәлім!

Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!» еңбегіндегі шумақтан ХХI ғасырдағы ғылыми жетістіктерді көзі көріп тұрғандай бізге жеткізіп отырғанына таң қаласың:

                                     Аты жоқ құр арбаны

                                     Мың шақырым жерлерге

                                     Күн жарымда барғызды.

                                     Адамды құстай ұшырды

                                     Мал істейтін жұмысты

                                     От пен суға түсірді.

                                     Отынсыз тамақ пісірді. [3] – деп, аталарымыз айтқандай '' адам бір сырлы сегіз қырлы '' болуы  керек, сонда ғана қоғамға пайдасын тигізе алады. Иә, ХХI ғасырдағы ғылыми жетістіктерді,  әрбір азамат оқуда да, жұмысында да, кәсібінде де меңгере білсе '' нұр үстіне, нұр '' төгілетінін білер едік!

 

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев.Н. -  '' Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы''. Егеменді Қазақстан.- №230, 2015ж.

2. Байтұрсынұлы.А. «Баталар!» . 6 том.- А,2013.-21бет

3. Алтынсарин Ы.  Кел, балалар, оқылық! –А.-1том, 2003.-24 бет.