Жасөспірімдерде «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуының психологиялық  ерекшеліктері

П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова

Магистрант Г.Калдыбекова 

«Тұран-Астана» университеті

Астана қаласы

         «Мен-тұжырымдамасы» ұғымы (ағылшын тілінен тікелей аударғанда «self-conception», өзі туралы тұжырымдама). «Мен-тұжырымдамасы» - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы.

«Мен-тұжырымдамасының» құрауыштарын көп жағдайда «Мен бейнесі» немесе «Мен картинасы» деп атайды. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды. «Мен-тұжырымдамасы» тек тұлғаның өзі жайлы елестетулерін ғана анықтамайды, сонымен қатар ол өзі жайлы не ойлайды, болашақтағы даму мүмкіндіктері және жаңа бастамаларына қалай қарайтындығы жөнінде [3].

«Мен – тұжырымдамасы» түсінігін 20 ғасыр соңында америкалық философ және психолог У.Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э.Эриксонның еңбектері арқылы «Мен – тұжырымдамасы»  теория түрінде және қолданбалы дамыды [3].

         Кеңестік психологияда «Мен – тұжырымдамасының» мәселесімен Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, Д.А.Леонтьев, В.В.Столин, А.А.Реан айналысты.

Төменде үлгіде К.Роджерс бойынша «Мен-тұжырымдамасының» негізгі ережелері ұсынылған:

«Мен-тұжырымдамасы» — бұл мәдени құндылықтарға құштар  индивидтің елестетулері және ішкі болмысы.

«Мен-тұжырымдамасы» тұрақтылық қасиетке ие және адамның іс-әрекетін орнықты тәсілдерімен қамтамасыз етеді.

«Мен-тұжырымдамасы» даралық және бірегейлікк қасиетке ие.

Индивидтің тәжірибесі мен оның «Мен-тұжырымдамасының» арасындағы айырмашылық психологиялық қорғаныш механизімінің көмегімен бейтараптанады.

«Мен-тұжырымдамасы» «өзіндік сана-сезім» ұғымына жақын, бірақ «Мен-тұжырымдамасы» өзіндік сана-сезімнің нәтижесі болып табылады.

«Мен-тұжырымдамасы» қоршаған ортамен әлеуметтік өзара қарым-қатынас процессінде психикалық даму  нәтижесі ретінде көрінеді  [39].

С.Л. Рубинштейн пікірінше тұлғаны психологиялық зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық ерекшелігін – оның қабілеттіліктерін, темпераменті мен мінезін зерттеумен ғана емес, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады [4].

XX ғасырдың басында социолог Кули «Айналық Мен» теориясын жасады, адамның өзін-өзі елестетулерімен байланысты, «Мен идеясы», айналадағылардың пікірінің әсеріне салынып және 3 компонентті құрайды:   басқа адамға мен қалай көрінемін, ол адам мені қалай бағалайды деген елестетулер, және осыған сәйкес өзін-өзі бағалау,   мақтаныш және кемсіту сезімі.

Белгілі бір әлеуметтік топтар  шегінде индивидтің басқа адамдармен шынайы өзара байланыс үдерісінде адамның «Менінің» қалыптасуын зерттеген Д.Т. Мид болатын. Мид пікірінше, өзіндік сана-сезім – индивидтің басқа адамдармен практикалық өзара қарам-қатынасы негіз болып табылатын үрдіс. Басқа адамдармен табысты қарым-қатынас жасау үшін, оның белгілі бір іс-әрекетке деген қатынасын алдын-ала болжау қажет. Өзінің психикалық күйін түсіне алады, бірақ мәселе онда емес, өзін басқалардың орнына қойып көру, басқалардың өзіне деген қатынасын ұғынуда [4].

К. Роджерс өзіндік сана-сезім жайлы, «Мен-тұжырымдаманы» индивидтің санасында бар өзіндік фигура мен фон және «өзіндік Менді», сондай-ақ ол түсе алатын қарым-қатынасты, сонымен қатар өткеніндегі, қазіргісіндегі, болашақтағы «Меніне» қатынасымен және түсінетін сапалық қасиеттерімен байланысты позитивті және негативті құндылықтарды қосатын күрделі құрылымдық бейне деп түсіндіреді. «Мен-тұжырымдамасы» өзіне «Шынайы» және «Идеалды Менді» қосады.

Тұлғаның дамуын  өзін-өзі жандандыру теориясында А. Маслоу басынан бастап темперамент, мінез, интеллектке қатынасында өзінің тұқым қуалаушылық және генетикалық бейімділігін жандандыру ұмтылысымен байланысты ішкі процесс ретінде түсіндіреді. Маслоу өзін-өзі жандандыруды немесе өзін-өзі танытуды маңызды адами қажеттіліктің бірі деп атап көрсетеді [3].

Карен Хорни актуальды, немесе эмпирикалық «Менді»  бір жағынан идеаландырылған «Меннен» және басқа жағынан шынайы «Меннен» — бөліп көрсетеді. Актуалды «Мен» —  адам дәл қазіргі уақыттағы жағдайы туралы: оның жаны мен тәні, денсаулығы және жүйкесі.  Идеаландырылған «Мен» —бұл субъект өзінің иррациональды қиялындағы қандай екендігі немесе  невротикалық астамшылдығы немен  байланыстылығы. Шынайы «Мен» — бұл невроздан тәуелсіз кезінде субъект қайтадан толық идентификацияға жете алатын, өзін-өзі көрсету мен индивидуалды өсуге бағытталған «бастапқы» күш [4].

И. С. Кон  өзіндік сана-сезімнің маңызды қызметтері – реттеуші-ұйымдастырушылық және эго-қорғаныш мәселесімен байланысты индивид өзін адекватты қабылдап және бағалай алама деген сұрақты көтереді. Өзінің әрекетін табысты бағыттау үшін субъект қоршаған орта жайлы  және өзінің тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайы туралы  адекватты ақпаратпен қамтылған болуы керек. Керісінше, Эго-қорғаныш қызметі көбінесе өзін-өзі бағалаудың қолдауына және ақпарат бұрмаланған күннің өзінде де мен образдың тұрақтылығына бағытталған. Осыған байланысты дәл сол субъект адекватты және де жалған өзін-өзі бағалау беруі мүмкін. Невротиктің өзін-өзі сыйлауының  төмендеуі— бұл түрткі, сонымен қатар қызметтен кеткеннен кейінгі өзін-өзі ақтау, онда шығармашыл тұлғаның өзін-өзі сынауы— өзін-өзі кемелдендіруге стимул және  жаңа белестерді бағындыру [5].

Пасторино және Дойль-Портийо «Мен-тұжырымдамасы» - біздің қабылдауымыз, біздің қабілеттіліктеріміз бен бірегейлігіміздің бейнесі. Басында біздің әрқайсысымыздың «Мен-тұжырымдамамыз» өте жалпылама және құбылмалы мінезге ие. Біз есейе бастаған сайын, бұл тұжырымдама ұйымдастырылған, айқын және нақты бола бастайды [6].

Вейтен Данн және Хаммер «Мен-тұжырымдамасы» - өзіндік табиғаты жөнінде елестетулерді, бірегей сапаларды және әдеттегі іс-әрекеттердің жиынтығын көрсетеді. Сіздің «Мен-тұжырымдамаңыз» — сіздің өзіңіз жайлы ойша көрінісіңіз. Ол өзіне мысалы, «мен қозғалуға жеңілмін», «мен сүйкімдімін» немесе «мен еңбекқормын» деген секілді мақұлдауларды қосуы  мүмкін.

Адамның психологиялық-әлеуметтік даму үдерісі, тұлғаның «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасу кезеңдері Э.Эриксонның шығармашылық жұмыстарында толық ашылған.

         Э.Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне  байланысты, сондай-ақ тіршілік етіп жатқан қоғамдағы  рухани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол «топтық ұқсастық» және «эго-ұқсастық» түсініктері болып табылады. Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың арқасында топтық ұқсастық қалыптасады.  Эго – ұқсастық, топтық ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына байланысты  өзгерістерге қарамастан өзінің «Мен» деген сезімі үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен өтеді [8]. Эриксон: адам өзінің өмірлік жолында ішкі сенімділікке ие болатын болса эго-ұқсастық сезімі оптималды болып табылады деп санайды. Ұқсастықты қалыптастыру процессінде индивидуалдық тәжірибенің нақты мазмұны ғана емес, сондай-ақ индивидтің тәжірибенің ажырамас бөлігі ретінде әр түрлі ситуацияларды қабылдай алу қабілеті де маңызды [7].

         «Мен-тұжырымдамасы» – қарым-қатынас және қызмет барысында жинақталатын тұлғаның психологиялық кейпінің маңызды құрылымдық элементі, индивидтің өзі жайлы идеалды елестетулері. «Мен-тұжырымдамасы» адамдар арасындағы қызметтің алмасуы кезінде туындайды, субъект «басқа адамның айнасы ретінде көрінеді және осылайша өзінің «Мен бейнесін» талқылайды, нақтылайды және түзетеді». Басқалардың өзі жайлы не ойлайтынын түсінуге тырысу арқылы адам өзін, өзінің әрекеттерін және  олармен қарым-қатынас ерекшеліктерін талдайды, яғни ол басқа адамдармен өзара байланыс жасауда өзінің қандай екендігіне талдау жасайды. Осындай талдаулар нәтижесінде адам «өзінің Мені» жөнінде біршама білімдермен танысады. Мұндай  өзін елестетулер өзін-өзі тәрбиелеу процессінде айтарлықтай маңызға ие, яғни өзінің басқа адамдармен қарым-қатынасын талдауда адам өз мінезінің ерекшеліктерін, оның ішінде негативті жақтарын да түсіне бастайды [7].

         Өсіп, дамып келе жатырған тұлғаның талаптары да өсе бастайды. Нақ осы арқылы адам және оның «Мен-тұжырымдамасы» пайда болады. Жағдаяттық Мен бейнесінен( дәл қазіргі сәтте индивид өзін қалай көріп, сезініп отырғандығы) «Мен тұжырымдамасының» айырмашылығы, ол адамда өзінің үнемі анықтылық, өзіндік теп-теңдік сезімін тудырады. Адекватты «Мен тұжырымдамасын» және бәрінен бұрын өзіндік сананы қалыптастыру – қоғамның саналы мүшесін тәрбиелеуде маңызды шарттардың бірі болып табылады [7]. «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы, дамуы және өзгеруі ішкі және сыртқа реттілік факторларымен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік орта (отбасы, мектеп, көптеген формалды және формалды емес топтар) «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуына өте қатты әсер етеді. «Мен-тұжырымдамасының» іргетасының қалануына отбасы ең басты әсерін тигізеді [8].

Әдебиеттер тізімі

1.Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.

2.И. С. Кон "Психология старшеклассника" 1982 г

3. Бернс, Р. Я-концепция и воспитание / Р.Бернс. - М.: Прогресс, 1986. - 424 с. - ISBN: 978-5-01-000123-1.

4.Бапаева М.Қ. Даму психологиясы. - Алматы,2014

5.К.Роджерс. Взгляд на психотерапию. Становление человека. М.: "Прогресс", 1994 

6.С.Л. Рубинштейн Проблемы общей психологии (1973)

7.Ч. Кули и Дж. Мид Концепции Я.- Москва, 2000

8.Роджерс, К. Взгляд на психотерапию / К.Роджерс. - М.: Эксмо-Пресс, 2001. - 416 с. - ISBN: 5-04-008274-6.

9.Maslow A., Toward a psychology of being, New York, Van Nostrand, 1968, р. 71.
10.Хорни К. Самоанализ.  М. : Академический проект, 2009.

11.Кон, И.С. В поисках себя: личность и ее самосознание / И.С.Кон. - М.: Политиздат, 1984. - 335 с. -

12.Пасторино и Дойль-Портийо я-концепция (2013)

13.Лебеденко, Е.Н. Развитие самосознания и индивидуальности. Выпуск 1. Какой Я? Методическое руководство / Е.Н.Лебеденко. – М.: Книголюб, 2005. - 64 с. – ISBN: 5-93927-045-Х.