ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ
КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН МӨЛШЕРІН ТӨМЕНДЕТУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР
Атырауский государственный
университет им.Х.Досмухамедова
Абуова А.Е., Есенаманова Ж.С., Есенаманова М.С., Султангереева Т.А.
Мұнай
өңдеу зауыттарында жүретін өндірістік процесстер
қоршаған ортаға және атмосфераға
жұмыстық газдар мен ластанған суларды шығарады.
Қоршаған ортаны өндірістік қалдықтардан
қорғаудың негізгі бағыты зиянды қалдықтары
болмайтын немесе аз болатын қалдықсыз немесе аз
қалдықты технологиялық процестер құруға
негізделген. Бүгінге дейін қолданыс
таппаған қалдықтарды белгіленген санитарлы мөлшерлер
бұзылмайтындай дәрежеде тазалап шығарылуы тиіс.
Технологиялық жабдықтарды және тазалау
құрылғыларын пайдаланған кезде
қалдықтардың концентрациясы мен мөлшерін барынша
төмендетіп, оларды барынша жоюға негізделген технологиялық
процесстерді енгізеді.
Мұнай
өңдеу өндірістері атмосфераға көп мөлшерде
газдар мен шаң-тозандарды шығарады. Қазіргі мұнай
өңдеу зауыттары ауаға көмірсутектерді,
технологиялық қондырғылар пештерінде отынның жануынан
және факелдерде газдың жануынан түзілген
көмірқышқыл газын, отын құрамындағы
күкірттің жануынан күкіртті ангидридті, күкіртті
мұнайларды сақтау және өңдеу кезінде
бөлінетін көмірсутекті бөліп шығарады[1].
Санитарлық
бақылау органдарымен ауадағы әртүрлі зиянды заттар
үшін концентрацияның рұқсат етілген шегінің
мөлшері белгіленген. Бұл мөлшерлер сақталғанда
зиянды заттар адам ағзасына зиян келтірмейді. Атмосфералық ауаны
қорғау үшін қалдықтарды азайту, болдырмау немесе
өндіріске қайтаруға бағытталған
технологиялық шаралар қолданылады.
Көмірсутектер
мен күкіртсутектің көп мөлшері барометрлік
конденсаторлардан бөлінеді. Сондықтан жобалау кезінде оларды
шамамен газ бөлусіз жұмыс істейтін конденсаторлармен алмастырады.
Қысым астында жұмыс істейтін процестерді автоматтандыру және
блокировкалау арқылы қысымның есептелген параметрлерден
аспауын қадағалайды да, сақтағыш клапандардан қалдықтардың
сыртқа шығуына себепші болады.
Жоспарлау
шараларының мәні өте зор. Өндірістік
кәсіпорындарды жобалауда санитарлы мөлшерлерге сәйкес зиянды
қалдықтар бөлетін өндірістерді тұрмыстық
аудандардан санитарлы - қорғаныс аймақтарымен бөлінуі
тиіс. Бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшері мен
сипатына қарай санитарлы - қорғаныс аймақтарының
ені 1000 метрден, 50 метрге дейін бес классқа бөлінген.
Автомобиль
көліктерін жоғары сапалы бензиндермен жеткілікті мөлшерде
қамтамасыздандырумен қатар автокөліктердің
қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттардың
мөлшерін де төмендету мәселесі туындады. Автокөлік
қозғалтқыштарының жақсы және тиімді
жұмыс істеуі үшін жоғары антидетонациялық
қасиеттерге ие отындарды қажет етеді. Бұл отындарға
алкилбензол, ароматты көмірсутектер, қорғасын
қосылыстары және т.б. қоспалар қосу арқылы
жүзеге асырылады. Бірақ қорғасын қосылыстары қосылған
отындар улы болғандықтан, қазіргі қоршаған ортаны
қорғау талаптарына сай келмейді.
Көптеген
зауыттарда күкіртті мұнайлар өңделеді. Екіншілік
өңдеу процестерін қоса терең өңдегенде
мұнайдын 8-10% газ тәрізді көмірсутектерге айналады. Олар
өз кезегінде гидротазалау және гидрокрекинг
қондырғылары арқылы өткенде күкіртсутекпен
байытылады. Бұл газдар күкірт өндірісінде қолданылады.
Ал егер оларды Клаус қондырғысында жағатын болсақ,
күкірттің біраз мөлшері күкірт диоксиді SO2
түрінде атмосфераға шығып кетеді. Гидротазалаудан және
тұрақтандырудан өткен дистилятты өнімдер
күкіртсіз деп атауға болады. Бірақ мұнай
қалдықтарын күкіртсіздендіруге сирек шалдықтырады
және де оларды қазандық отын ретінде пайдаланса, түтін
газдарымен байытылады. Екіншілік өңдеу өнімдерінің
көпшілігінде (күкіртті мұнайдан алынған)
күкірттің мөлшері біріншілік айдау өнімдеріне
қарағанда жоғары болады. Себебі каталитикалық
және термиялық крекинг және кокстеудің шикізаты ретінде
мұнай құрамындағы күкірттің 40-70% болатын
қалдықтар мен дистиляттар қолданылады. Алюмосиликатты
катализаторларды регенерациялау кезінде регенерациялық газ
құрамында азот, көміртегі және күкірт
тотықтары болады. Газдың артық мөлшерін
жағуға қолданылатын факелдерді де ескерген жөн болады.
Бұл газдар факелге күкіртсутектен тазартуға дейін беріледі.
Жоғалтулар мен атмосфераны ластаудың осындай көзін зауытта
факелдік шаруашылықты ұйымдастыру арқылы жоюға болады.
Аталған шаруашылық құрамы газды жинау, күкірттен
тазарту және оны ары қарай пайдалануға негізделген.
Түтін газдарының құрамындағы күкірт
диоксидінің мөлшерін екі жолмен төмендетуге болады:
- қазандық отындарын күкірттен тазалау
(гидрокүкіртсіздендіру);
- түтін газдарын тазалау.
Түтін
газдарын тазалау үшін бірнеше әдістер жасалған -
әртүрлі оксидтер мен тұздар ерітінділерімен сулы тазалау
(аммиакты-бисульфатты, магнезитті және тағы басқалары)
және адсорбенттермен құрғақ тазалау (активті
көмірмен, мыс оксидімен). Бірақ тазалауға шалдығатын
газдардың үлкен көлемдері және де компоненттердің
көптігі (азот оксиді, көміртегі оксиді, су буы, азот)
тазалаудың жеткілікті экономикалық әдісін құру
үшін бірқатар қиындықтар туғызады. Жану
өнімдеріндегі азот оксидтерінің концентрациясын ауаның
артықтық коэффициентін төмендету, яғни, жану
аймағындағы оттегі мөлшерін төмендету арқылы
азайтады[2].
Ауаның
көмірсутекті булармен ластануының негізгі көзі резервуарлы
парк болып табылады. Булану резервуарларды толтыру және босату кезінде
болады (үлкен дем) және резервуарлардың ішіндегі немесе
сыртындағы температура өзгерісі кезінде шығару клапандары
арқылы жүреді (кішкене дем). Көмірсутектердің
жоғалуы ұстағыштар мен көлшіктерден, ластанған
суларды тазартуға арналған қондырғылар мен
градирняларда буланудан байқалады. Жоғарыда айтылған
факелдердің, аппараттардың сақтандырғыш клапандары
арқылы, арматура, компрессор және сораптардың
сальниктерінің тығыз болмауынан да бірқатар жоғалтулар
болуы мүмкін[3].
Экожүйеге
мұнайдың биохимиялық әсер етуіне көптеген
көмірсутектік және көмірсутексіз компоненттер, соның
ішінде минералды тұздар мен микроэлементтер қатысады. Кейбір
компоненттердің улы әсері келесі бір компоненттің
қатысуы мен бейтараптануы (нейтрализациялануы) мүмкін.
Сондықтан
мұнайдың улылығы, оның құрамына кіретін
жекелеген қосылыстардың улылығымен анықталмайды.
Бірақ айта кетер жай, кейбір қосылыстар суммация эффектісі деп
аталатын қасиетке ие. Суммация эффектісі – бұл оның
құрамына кіретін жекелеген компоненттермен салыстырғанда едәуір
қауіпті және өте улы болып келетін аралық
қосылыстардың түзілу процесі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Макаревич
В.Е. Строительное проектирование химических предприятий. –
М.:
Химия, 1983.
2. Мокрый Е. Н., Котович Х. З., Гуменецкий В. В. Охрана
окружающей среды нефтеперерабатывающей промышленности. – Львов.: Львовский
университет, 1989.
3. Белов
П.С. Экология производств химических продуктов из углеводородов нефти и газа. –
М.: Химия, 1991.