Экономические
науки/
10.Экономика предприятия
э.ғ.к., А.Е. Муханова
магистрант, Тәжібай Әнел
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университет,
Казақстан. Қызылорда
Еңбекті ынталандыруда -
еңбек өнімділігін арттыру бағыттары
Еңбекті
ынталандыру - бұл ең алдымен сыртқы ниеттену күші,
персонал уәждемесінің материалдық қабықшасы
және адамның еңбек ортасындағы
жүріс-тұрысына әсер ететін еңбек жағдайының
бір бөлігі.
Еңбекті ынталандыру, қажетті жағдайларды
жасауды білдіреді (шаруашылық механи змін), соның арқасында
белсенді еңбек іс-әрекеті
алдын-ала анықталған нәтижелерді бере ді,
қызметкердің мәнді және әлеуметке
бағытталған қажеттіліктерін қанағаттандырудың,
онан кейін еңбек уәжін құрудың қажетті
және жеткілікті шарты болады[1].
Еңбек уәждері мен
ынталандырулардың жүйесі белгілі бір негізге, яғни
еңбектік іс-әрекет норматив деңгейіне сүйенуге тиіс.
Қызметкердің еңбектік катынастарға баруының өзі,
оның алғаш келісілген
еңбекақы бойынша кейбір жауапкершіліктерді орындауға тиіс екендігіне мойындағанын
көрсетеді. Бұл жағдайда ынталандыруға орын жоқ. Қойылған
талаптардың орындалмау мүмкіншілігіне байланысты жаза алу
қорқынышынан туатын қашқақтау уәжі
болғандықтан әрбір іс-әрекет бақылауда болады.
Материалдық игілікті
жоғалтуға байланысты жазалаудың кем дегенде екі түрі бар: келісілген жалақыны жарым-жартылай
төлеу немесе еңбек
қатынастарын тоқтату. Қызметкер қандай талаптар
қойылатынын білуге тиісті, қойылған талаптарды
мүлтіксіз орындағанда қандай жалақы алатынын, оларды
бұзғанда қандай жазалар қолданатындығын
білуі тиіс. Тәртіп әр уақытта жүріс-тұрыс
түрлерін еркін таңдауды шектейтін мәжбүрлеу
бөлігінен тұрады.
Экономиканың тиімді жұмыс
атқаруы үшін ең алдымен еңбекте жоғары нәтиже алуға талпынатын
жұмыскерлер қажет. Осындай
жұмыскерлер біліктілігін жоғарылатуға ұмтылады, себебі
олар еңбекте өз мүмкіндіктерін біліктілігімен байланыстырады.
Кесте 1 - Кәсіпорын
жұмысшыларының орташа жылдық
еңбек өнімділігі деңгейін бағалау
|
№ |
Көрсеткіштер |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
Өзгерісі 2016/ 2015ж.ж. |
|
|
+,- |
% |
|||||
|
1 |
Барлық
өткізуден түскен табыс көлемі , мың тенге |
892046,7 |
579368 |
595159 |
15791 |
102 |
|
2 |
Орташа тізімдік жұмысшылар саны (ЧР) |
184 |
212 |
243 |
31 |
114 |
|
2.1 |
оның ішінде: негізгі қызметтегі |
172 |
201 |
233 |
32 |
115 |
|
3 |
Негізгі қызметтегі жұмысшылар
саны-ның үлесі (УД), % |
94 |
95 |
96 |
1 |
101 |
|
4 |
Бір жылда жұмысшының істеген күндер
саны (Д) |
242 |
242 |
246 |
4 |
101 |
|
5 |
Жұмыс күнінің орташа
ұзақтығы, сағат (П) |
7,8 |
7,95 |
8,0 |
0,05 |
106 |
|
6 |
Орташа жылдық өнімділік, мың теңге(ГВ):
|
|
|
|
|
|
|
6.1 |
барлық жұмысшылар |
4848,0 |
2732,8 |
2434,4 |
-298,4 |
89,0 |
|
6.2 |
негізгі қызметтегі жұмысшылар |
5186,3 |
2882,4 |
2554,3 |
-328,1 |
88,6 |
|
7 |
Орташа күндік өнімділік, (ДВ): |
|
|
|
|
|
|
7.1 |
барлық жұмысшылар |
20,03 |
11,29 |
9,89 |
-1,4 |
87,5 |
|
7.2 |
негізгі қызметтегі жұмысшылар |
21,43 |
11,91 |
10,38 |
-1,53 |
87,1 |
|
8 |
Орташа сағаттық өнімділік, ЧВ) |
|
|
|
|
|
|
8.1 |
барлық жұмысшылар |
2,56 |
1,42 |
1,23 |
-0,19 |
86,6 |
|
8.2 |
негізгі қызметтегі жұмысшылар |
2,74 |
1,49 |
1,29 |
-0,2 |
86,5 |
|
*Ескерту - «Казгермұнай» БК ЖШС мәліметтері негізінде автордың
есептеулері |
||||||
Кәіпорында еңбек өнімділігінің артуына ықпал
ететін факторлар:
-
тынушыларға
қызмет көрсетудің сапасын аттыру;
-
тиеу-түсіру
жұмыстарын механизациялауды аттыру;
-
өнімділігі
жоғары жаңа техника мен прогрессивті жаңа технологияларды
ендіру.
Кәсіпорында жұмысшыларының еңбек өнімділігіне
экономикалық факторлардан басқа әлеуметтік, психологиялық,
ұйымдастырушылық және т.б. факторлар әсер етеді. Мысалы,
еңбек өнімділігі көбінесе жұмысшының жеке
басының ерекшеліктеріне,оның білім, еңбек өтімі, біліктілігіне
байланысты.
Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдардың
еңбек өнімділігіне жұмысшыларды материялдық
ынталандырудың деңгейі мен дұрыс ұйымдастырылуы
үлкен ықпалын тигізеді.
Еңбек өнімділігін анықтаудағы
ең басты көрсеткіш – ол бір жұмысшының орташа
жылдық өнімділігі болып табылады. Жұмысшының орташа
жылдық өнімділігі негізгі қызметтегі
жұмысшылардың орташа тізімдік жұмысшылар санындағы
үлесі, бір жылда жұмысшылармен атқарылған күндер
саны, жұмыс күнінің орташа ұзақтығы
және орташа сағаттық өнімділікке байланысты есептеледі.
Еңбекақы
шығындарын үнемдеу кәсіпорынның басты
мәселелерінің бірі. Еңбекақы шығындарын
үнемдеу кәсіпорынның резервтерінің қатарына
жатады. Резервті кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуіне
қажетті ресурстардың қоры, яғни қосымша
сұраныс болған жағдайда құралады. Сонымен
қатар, өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндігін резервтер деп
атаймыз[3].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджмент негіздері.
Ауылшаруашылығы жоғары оқу орындырының студенттеріне
арналған оқу құралы. Алматы - 2003 ж. 252 бет.
2. Ладанов И.Д. Практический менеджмент. Психотехника управления и
самотренировки. Москва, 2005 г.
3.Фатхутдинов Д.А. Производственный менеджмент. Учебник
для вузов. – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2007. – 447 с