Экономические
науки/ 11.Логистика
к.э.н.
Казбекова Л.А.
Магистрант: Пржанов А.Б.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Логистикалық жүйелерді
тиімді ұйымдастыру ереекшеліктері
Логистиканың жетістіктерін жол көлігінде
пайдалану көлік әлеуетінінің тиімділігін арттырудың
кепілі, әрі әлемдік көлік жүйесіне белсенді
интеграцияланудың формасы болып табылады. Соңғы
жылдары стратегиялық
мүмкіндіктері мол көлік саласының ағындық
экономикалық процестерде негізгі қызмет атқарып
отырғандығын атап айту қажет. Бүгінгі күні
тасымалдау көлемін ұлғайту, көптеген отандық
жүк және жолаушы тасымалдаушылар мен экспедиторлардың
іс-әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері
өзектене түсті. Логистика қағидаларын енгізу және
Қазақстан аймағындағы жүк тасымалын
басқарудың логистикалық қағидаларын дамыту
арқылы тасымалдау процесін қазіргі талаптарға және
халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ететін
жаңа технологияларды пайдалану, көлік саласының сапалы
өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел тәжірибесі растап отыр.
Көлік логистикасының экономикалық табиғаты
бірқатар экономистермен табыс алуға бағытталған
коммерциялық делдалдық іс-әрекет тұрғысынан
зерттеледі. Көлік логистикасы тұтынушылардың төлеуге
қабілетті сұранысын қанағаттандыру мен тауар
өндірушілердің пайда түсіруі мақсатында орындайтын
тауарлар мен қызмет көрсетулерді тарату және алмастыру
барысындағы көліктік жеткізулерді ұйымдастырумен
байланыстырылады [1].
Жиынтық
шығындар тұжырымдамасы көлік ағындары
логистикасының шығындардың азайтуға
бағытталған
маңызды бағыттарын пайдаланады. Тұжырымдамаға
сәйкес, көлік ағындарының бөлінуі өнімді
өндіру бекетінен тағайындалған бекетке тасымалдануы
(сақтау) барысындағы шығындарды (клиенттерге қызмет
көрсетудің белгілі деңгейіне сәйкес) азайтады.
Жеткізушілерден өнімді алу және тауарды тұтынушыға
жеткізу үшін де сол бір көлік құралдарын пайдалану мен үйлестіру
логистикалық жүйенің сенімділігін арттырады. Бұл
өз кезегінде, көлікпен жеткізу келісімшарт талаптарын уақтылы
орындауға мүмкіндік береді. Сонымен, өнімді тасымалдау,
сақтау және сұрыптаумен байланысты барлық операциялар
жеке – жеке емес, біртұтастықта қаралауы тиіс. Мысалы,
аталған тұжырымдаманы пайдалану барысында жиынтық
шығындарды құрайтын қызметтерге: клиенттерге
қызмет көрсету; сұранысты болжау; құжат айналымы;
цехтар мен фирмалар арасындағы тасымалдаулар; дайын өнім
қорларын басқару; тапсырыстарды қабылдау және
өңдеу; орап - каптау; қызмет көрсетулер мен
қосалқы жабдықтарды жеткізудегі көмек; зауыт пен
қойманың орналасатын орнын таңдау; өндіріс кестесін
әзірлеу мен орындау; сатып алу; өнімді жарнамалау; қалдықтарды өңдеу
мен жою; тасымалды басқару; қоймаларды және тарату
орталықтарын басқару жатады [2].
Логистикалық
жүйе құрамындағы көлік жүйесі
тармағының негізгі ерекшелігі болып мыналар саналады:
- Логистикалық
жүйедегі барлық көлік түрлерінің жұмысын
ұйымдастыру, тауар қозғалысының барлық
бөліктерінде транспорттың тоқтап қалуы мейлінше аз
болатындай етіп құрастырылуы керек.
Көтеріңкі-көліктік логистикалық операцияларды
бұлай ұйымдастыру тауардың құнын
төмендетуге жағдай жасайды.
- Көлік
мекемелері жүк пен жолаушыларды тасу үшін көп жағдайда
қозғалыс басталмас бұрын ақысын төлеу жағын
қарастырады. Бұл тасымалдау үрдісінің
материалды-қаржылай дайындығының қажеттілігіне
байланысты. Тек ерекше жағдайда өндіріс ішілік
транспорттардың барлық шығындарын, транспорт
құралдарының мекеме-иесі өз мойнына алады.
- Көлік
мекемелерінде негізгі қордың ерекше құрылымы болады,
оның басқа салалардан айырмашылығы, негізгі
қордың үлкен мөлшері үздіксіз жүріп
тұратын және тәулік бойы жұмыста болуы талап етілетін
транспорт техникасына салынады. Көлік құралдарының
арту-түсіру жұмыстарын белсенділігін арттыру үшін
көпшілік тасымалдаушыларға арнайы санкция ендірілген: белгіленген
уақыттан асыра тоқтап тұрған т.б. вагондарға айып
салынады.
- Тасымалдау
үрдісі сатылады және сатып алынады, сондықтан оның
тауар сияқты тұтынушылық бағасы және соған
сәйкес тасымал үрдісі бағасы да болады. Тасымал
үрдісінің тұтынушылық бағасы – бұл
транспорттың жүк тасу мен жолаушылардың қажетін
қанағаттандыра білу қабілеті. Тасымалдау
үрдісінің бағасы – бұл көлік мекемесінің
жүк және жолаушы тасымалдауға кеткен қажетті
шығындарының жиынтығы.
- Логистикалық
жүйе құрған құрамдағы жүк
тасымалдаушылардың алдына қойған негізгі тапсырма,
өніруші орыннан өнімді өз уақтысында және
жақсы күйде сақтап мақсатты жерге транспорт
құралдарын барынша пайдалы түрде қолдана отырып
жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген.
Осылайша,
қарапайым жүйе тармақтарын пайдалана отырып, біртіндеп
көліктік-логистикалық жүйені қолдануға көшу
тиімді болады. Жүктерді таратудағы мәселелер, оны бөлу
үрдісінің сапасына деген жаңа талаптарды тудырады. Негізінен,
жіберілетін жүктің көлеміне, тасымал
құралдарының коммерциялық жарамдылығына,
қоймалардың ыңғайлы орналасуына, тасымалдау
бағытының сызбасына т.б. басқаша талаптар қойылады.
Осының барлығы жүкті әкелуші мен тұтынушыға
дейін жүкті жеткізу жолындағы логистикалық тізбекті кешенді
түрде шешудің қажеттілігін тудырады. Жүк әкелуші
мен тұтынушыға дейін жүк жеткізу жұмыстары ішкі
және сыртқы мақсаттардың негізінде қалыптасуы
тиіс, ол мақсаттарға жүкті «өндіріс – тасымалдау –
тұтынушы нарығы»
аясында жеткізу жүйесі арқылы қол жеткізілуі керек.
Әдебиет:
1.
Логистика. Под ред. Б.А.Аникина. - М.: Инфра-М., 2003
2. Логистика товародвижения. - М.: Маркетинг, 2000