К.э.н. Бекхожаева
А.К.
Магистрант
Серикбай Н.Б.
Кызылординский
государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан
Агроөнеркәсіптік
өндірісі дамуының аймақтық ерекшеліктері
Ауыл
елді мекендер тұрғындары облыс халқының 40%-ын
құрайды. Ауылдардың 75%-ы шартты жер үлестерін
алғанына қарамастан, ауылдағы
әлеуметтік-экономикалық жағдай, табыс деңгейі әлі
де төмен қалып отыр.
Ауыл
халқының алатын табыстарын талдау көрсеткендей облыс бойынша
бір ауыл тұрғынына есептегенде жылдық табыс көлемі
27181 теңге болды. Бюджет
табысының негізгі көзі
еңбек ақы 42,1%, зейнетақы 20,3%, атаулы
әлеуметтік көмек төлеу 18,6%, жеке кәсіпкерліктің
табысы 6,5%, қосалқы шаруашылықтың табысы 1,9%
және басқалар 5,4%.
Қызылорда
облысының жер қоры - 24899,6 мың гектар, оның 12947,9
мың га ауылшаруашылық жері, осының ішінен 140-150 мың
га (1,1%) – егістік, 116,5 мың га (0,9%) – шабындық, 12538,4
мың гектары (96,8%) – жайылымдық жер [1].
Қызылорда
облысы топырақ және өсімдік жамылғысына байланысты
шөлейтті аймаққа жатады. Барлық ауыл
шаруашылығына ыңғайлы жердің 10% Сырдария
өзенінің бойына, 25% - жартылай шөлейтті аймақта, 65% -
шөлейтті аймақта. Топырағы сұр топырақты,
сұр-құба, шөлейтті құба топырақ,
тақыр тақылеттес, ал ылғалды аймақты
сазды-шалғынды, негізінен тұзданған, 2 метрлік
қабаттағы тұздың қоры 33-325 т/га осыған
байланысты топырақтың қара шірігі 0,5 тен 2,5 дейін, аз
өңдеу қабатындағы орташа мөлшері 0,8-1,2%.
Облыстың
негізгі су ресурстарын Сырдария өзенінің ағынды суы
құрайды. Қызылорда облысы үшін су алудың
жылдық лимиті – 10,2 текше шақырымды, ал су тапшы жылдары – 8,66
текше шақырымдай болады. Егісті суаруға жыл сайын – 4,9 текше
шақырым, ал осыдан күрішке – 1,8 – 2,0 текше шақырымдай су
жұмсалады. Жыл сайын Орталық Азия елдерімен су алуды реттеу
мәселелері жөніндегі келіспеушіліктен күз-қыс
мезгілдерінде су көп болғанмен, жаз айларында егістікке су жетпеу
мәселелері туындайды.
Қызылорда
облысының агроөнеркәсіп кешенінің жұмысы
АӨК тұрақты дамытудың 2014-2018 жылдарға
арналған өңірлік бағдарламасын, сондай-ақ облыс
әкімі белгілеген басым бағыттарды іске асыруға
бағытталған. Әсіресе, бұлар, агроөнеркәсіп
кешені саласының нарықтық қатынастарға
өтуімен және экономикалық, ұйымдық, техника-технологиялық,
әлеуметтік, құқықтық және басқа
да атқарылған жұмыстардың әсеріне байланысты.
Қызылорда
облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы негізгі
басым бағыттары күріш өндірісі мен мал шаруашылығы
болып табылады. сонымен қатар, көкөніс-бақша
дақылдарының өндіріс көлемін арттыруға
мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдары
Қазақстанның күріш жармағы
өнімдерінің 80%-дан астамын өндіретін Қызылорда
облысында күріш өндірісін дамытуға миллиондаған
қаржылар салынуда. Олар мемлекет тарапынан көктемгі егіс егу
және күзгі жинау жұмыстарына кредит, тұқым,
минералдық тыңайтқышқа және улы
химикаттардың бағасын арзандатуға субсидия түрінде
және тікелей инвестициялар түрінде енгізілуде. Осындай
шаралардың арқасында және ішкі нарықтағы
күріштің тұрақты бағасы отандық
күріштің бәсекелестік қабілетінің нығаюына
әсер етті.
Қазіргі
уақытта ірі шаруашылықтарда күріш өндірудің
өзіндік құны тоннасына 12900-13850 теңгеге жетті.
2016 жылдың
желтоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнім
көлемі тұтастай облыс бойынша ағымдағы бағамен
835,1 млн. теңге деңгейіне жетті, өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары.
2012-2016 жылдарының салыстырмалы
бағаларымен есептегендегі ауыл шаруашылығының жалпы
өнімінің орташа жылдық көлемі 1996-1998 жылдардың
орташа жылдық деңгейінен 62,7% және 2000-2002 жылдардың
орташа жылдық деңгейінен 23,0% жоғары.
Ескертпе
- [2] әдебиет негізінде автордың құрастыруы
Сурет 1
- Жалпы ішкі өнім құрамындағы ауыл
шаруашылығының
үлесі,
%
Өндіріс
көлемінің ұлғаюына және ауыл шаруашылығы
даму қарқынының тұрақталуына қарамастан
ішкі жалпы өнімдер құрамындағы ауыл
шаруашылығының үлесі өңдеу салаларындағы
және өндірістегі экономикалық өсуінің
жоғары қарқынының көрінісінде 5,6%
деңгейіне дейін қысқартылды (Сурет1). Салыстырмалы
бағамен (1995ж.) 2012-2016 жылдарда егістіктің 1 гектарынан
түсетін ауыл шаруашылығының жалпы өнімі орташа есеппен
жылына 17975 теңгені құрады, бұл 1999-2002 жж. орташа
көрсеткіштен 2,3 есе жоғары.
Жалпы
өндірістің құрылымына өсімдік шаруашылығы
саласының үлесі өсуде. Егер ол 2012 жылы 52,2 %
құраса, қазіргі уақытта 75,2% құрайды [4].
Ауыл
шаруашылығы өнімін өндірушілерінің құрылымы
да өзгеруде. Егер 1998 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына
жалпы өнімнің 42,5% келетін болса, 2016 жылы-19,6%. Атап айту
керек, 1998 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2016 жылы
өндірілген өнімнің негізгі көлемі тұрғындар
шаруашылығында (72,3%) өндірілген.
Соңғы
жылдары шаруашылықтарды ірілендіру бойынша белгіленген шаралар
қабылдануда. Ірілендірілген шаруашылықтардың шаруашылық
жүргізу жағдайлары және ұйымдастыру түрлері
соңғы қорытынды – табыстылыққа әсерін
тигізеді, бұл деңгей облыс бойынша әлі де оң
өзгеріссіз күйде қалуда.
2012-2016
жылдары агроөнеркәсіп кешенін қолдауға
республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қорларының
көлеміне келсек, 2016 жылы бөлінген қаражат 2012 жылдың
көлемінен 2 есе жоғары болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш
84,5% құрады.
Жалпы
өндіріс көлеміне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта
өңдеу үлесінің жыл сайын өсуі байқалуда.
Өндірістің жалпы көлемінде ет – 2,2%, сүт – 8,1%,
астық-89,5%, майлы дақылдар-0,6%-ға дейін
өңделеді.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін
қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін
негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы
«Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты халқына
арнаған кезекті жолдауынан туындаған «2013-2017 жылдарға
арналған Қызылорда облысының экономикалық
тұрақтылығын, әлеуметтік әл-ауқатын
қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі
іс-шараларды»қамтитын 9 басым бағытқа негізделген жоспар
дайындалды. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға
байланысты қабылданған шараларға сәйкес,
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
экспортты әртараптандыруға бағытталған екі
маңызды мәселе қарастырылған. Бүгінгі күні
Қызылорда қаласы халқының азық-түлік
өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз етуді
ұйымдастыру мақсатында азық-түлік белдеуін облыс
орталығынан 80 шақырым радиуста орналасқан елді-мекендер
арқылы жүргізу белгіленіп отыр. Осы радиуста орналасқан 39
елді-мекен арқылы Қызылорда қаласының
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Аталған мақсатқа жету үшін
қалаға жақын орналасқан жерлерде көкөніс,
бақша, жеміс-жидек және картоп егістерінің көлемін, ет,
сүт және жұмыртқа өндірісін құру
және ұлғайту көзделуде. Осы бағыттағы
жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныс білдірген
кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жергілікті
атқарушы органдар тарапынан барлық инфрақұрылымдармен
қамтамасыз етілген жерлерді бөлу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыруға қаржылай
қолдау көрсету мақсатында «Даму Агро Қызылорда»
облыстық ауыл шаруашылығына қолдау көрсету
корпоративтік қоры құрылды.
Қызылорда
қаласының азық-түлік белдеуін құру
шеңберінде 6 ірі жоба жүзеге асырылатын болады. Олар:
сыйымдылығы
20,0 мың тонна құрайтын жеміс-көкөніс
өнімдерін сақтау қоймасының құрылысы;
облыс
халқының жұмыртқа және құс етіне
деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда
қаласының аумағында барлық
инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген жерде жылына 51 млн.
дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу;
«Алтын
Қамба» ЖШС-нің негізінде дәнді-дақылдарды
өңдейтін, құрамында 4 ірі зауыттары, оның ішінде
ұн, құрама жем және күріш өңдеу
зауыттары бар кешенді іске қосу жобасы;
-20,0
мың бас қой бордақылау кешенін салу;
-көлемі
-өсімдік
май шығару зауытының құрылысы.
Аталған
жобаларды жүзеге асыру облыстың аграрлық саласының
дамуына, оның ішінде егін, жеміс-көкөніс, мал
шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
өндірісін дамытуға серпін беріп, өңіріміздің
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін
толық шешуге қол жеткізілетін болады. Осы жобаларды жүзеге
асыру арқылы 1070 жаңа жұмыс орындары ашылады деп
межеленуде.
Осындай
аймақта агроөнеркәсіп кешенін дамыту саясатына байланысты
дайындалған жобалар бүгінгі күні өзекті, өйткені,
елдің экономикасын қайта құру аграрлық
сектордың үлгісін түпкілікті өзгертуді
қарастырады, қоғамның түрлі тараптарының
терең экономикалық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік
мүдделерін қозғайды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Блеутаева К.Б. Аграрлық саладағы
экономикалық тұрақтылық және даму жолдары //
АльПари №3-4, 2016, с.14.
2. Аубакиров Г.М.
Демографические аспекты развития населения. Проблемы агрорынка, № 1,
2016г.
3. Омаров. Н.А. Жуматаева
Г.Б. Проблемы бедности и меры по ее снижению// Проблемы агрорынка, № 1, 2016, с.10.
4. Калиева А. О
перспективах развития сельских населенных пунктов западного региона
Казакстана//Саясат №8, 2016, с.3.