Экономические науки/ 4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

К.э.н. Казбекова Л.А.

Магистрант: Бимагамбетов К.Б.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, Казахстан

 

Қаржылық талдау негізінде мұнайгаз компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалау

 

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шарт болып табылады. Жоғары инвестициялық тартымдылық бәсекелестерге айқын және жасырын артықшылықтар жасайды немесе күшейтеді. Кез-келген кәсіпорынның табысты қызметі ұзақ мерзімді болашақта, ең алдымен, дұрыс стратегияға, құзыретті басқаруға, құнды ресурстардың болуы, сату нарықтарына және инвестициялық капиталға қол жеткізу мүмкіндіктеріне байланысты. Атап айтқанда, аз инвесторлар тұрақты басқару жүйесі мен қызметті бақылаусыз кәсіпорынға айтарлықтай қаражат салуға дайын. Осы жағдайларда кәсіпорын үшін ағымдағы кезеңнің нақты міндеті бірқатар объективті факторлардан туындаған күрделі саяси және экономикалық жағдайлар кезінде орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету болып табылады.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру капиталдың қосымша түсуіне, экономиканы сауықтыруға ықпал етеді. Инвестор өз қаржысын инвестициялау үшін кәсіпорын таңдап, белгілі бір сипаттамаларды басшылыққа алады: кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын айқындайтын қаржылық тұрақтылық пен инвестициялық әлеует.

Дегенмен, қазіргі уақытта кәсіпорындарда инвестицияларды қоса алғанда барлық ресурстарды тиімді басқару мәселесі бар. Бұл қазақстандық кәсіпорындарда инвестициялардың тиімділігін бағалауға бағытталған, атап айтқанда, инвестициялық тартымдылықты бағалайтын мақсатты, үнемі жұмыс істейтін, ғылыми негізделген интеграцияланған жүйе болмағандықтан, кәсіпорынның жалпы тиімділігіне кері әсерін тигізеді, бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалауды компанияның өмірлік циклын талдау және оның қаржылық жағдайын диагностикалау негізінде жүргізіледі.  Компанияның пайда болу кезінен бастап оның жойылуына дейінгі уақыт кәсіпорынның өмірлік циклы деп аталады. Нарық теориясында компанияның өмірлік циклының 6 кезеңі қарастырылады: туу, балалық шақ, жастық шағы, ерте ержету, түпкілікті есею, қартаю [1]. Өмірлік циклінің сатысын анықтау мұнай-газ компаниясының динамикалық қызметін талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Компанияның өмірлік циклінің кезеңі көрсеткіштердің өзгеру қарқыны бойынша анықталады және оның инвестициялық тартымдылығына алдын ала бағалау жүргізіледі.   

Компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін компанияның балансынның мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау жүргізіледі. Қаржылық талдау келесі кезектілікте жүргізіледі: өтімділікті және төлем қабілеттілігін талдау; қаржылық тұрақтылықты талдау; іскерлік белсенділікті талдау.

Компанияның баланс активтерінің құрамында ең үлкен үлес салмаққа ұзақ мерзімді активтер ие, 63,7% -71,2% құрайды, себебі мұнай-газ саласы қорсыйымды болып табылады. Олар негізгі құралдармен (кеніштер, жабдықтар, қондырғылар, өтпе жолдар және т.б.) ұсынылған. Қысқа мерзімді активтердің үлесі 28,7% -36,2% құрайды, олардың құрылымында ақшалай қаражат және олардың баламалары басым.

Баланс пассивтері қысқа мерзімді міндеттемелермен, ұзақ мерзімді міндеттемелермен және капиталмен ұсынылған. Құрылымда ең үлкен үлес салмаққа компанияның капиталы ие (36,3% -55,1%).

Өтімділікті талдау. Ұйымның өтімділігі - мерзімі келуі бойынша оның барлық қажетті төлемдерді жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру мүмкіндігі. Баланстың өтімділігі - міндеттемелерді активтермен жабу дәрежесі, ақша нысанына айырбастау мерзімі міндеттемелердің өтеу мерзіміне сәйкес келеді. Баланстың өтімділігін талдаудың бірнеше жолы бар.

Активтер құрылымындаең үлкен үлес салмақты қиын сатылатын активтер ие (2015 жылы: 63,7,1%), және олардың құны 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 62,4%-ға дейін төмендеген, ал 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 71,2%дейін артқан. 2016 жылы ең өтімді активтердің құны 3% -ға, ал 2017 жылы 5,6% -ға төмендеді. Талданып отырған кезеңде жылдам сатылатын активтердің көрсеткіші төмендеді, ал активтердің құрылымында ең төменгі үлеске ие болса да, баяу сатылатын активтердің құны сәл өсті. Баланстың пассивтері оларды төлеудің мерзімділігі бойынша топтастырылады

Пассивтер құрылымында елеулі үлес салмаққа тұрақты пассивтер келеді (36,4% -55,1%), олардың көлемі берілген уақыт кезеңінде ұлғаюда. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пассивтер төмендеуде. Бұдан кейін кәсіпорын балансының активтері мен пассивтері арасында теңгерім жасау қажет. Егер келесідей шарт орындалса: A1> П1, А2> П2, А3> П3, А4 <П4, баланс толық өтімді болып табылады.

Өтімділік көрсеткіштері компания талданған кезең ішінде активтердің өтімділігі бойынша қысқа мерзімді міндеттемелерді орындауға қабілетті екендігін көрсетеді және өз міндеттемелерін уақытында төлей алады. Талданып отырған кәсіпорындарда кейбір коэффициенттердің нақты мәні нормаға сәйкес келеді, компанияның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі жоқ немесе іс жүзінде аз, және компанияның нақты қаржылық тұрақтылығы тиісті деңгейде қалып отыр.

Компанияның іскерлік белсенділігін есептеулері, атап айтса капитал рентабельділігі көрсеткіштері 2015-2016 жылдарға аралығында жаман емес, бірақ 2017 жылы өндірістің толық төмендеуі мен табыстың болмауына байланысты  мұнай-газ компаниясының қызметі рентабельсіз болып отыр.

 Сонымен, компанияның қаржы индикаторлары негізінде инвестициялық тартымдылығын бағалау компанияның инвестициялық тартымсыз деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, компания инвестициялық тартымдылықты дереу арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауы қажет. Бұл өнімді әртараптандыру, инвестициялық әлеуетті арттыру, сондай-ақ компанияның қаржылық сауықтыру шаралары болуы тиіс.

Әдебиет:

 1. Найденков В.И. Инвестиции. Учебное пособие. ПРИОР: ИНФРА-М.: 2010.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. – М.: Финансы и статистика, 2006.