ӘӨЖ 369.066.4(475)

 

Қазақстандағы нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің жағдайы.

 

Магистр аға оқытушы Абдуразаков Н.С., Садыбекова Ә. А-студент., Хасанова А.М.-Бішкек қаржы-экономикалық академиясының аға оқытушысы

Унверситет «Мирас», г. Шымкент, Казахстан

 

Резюме

В данной статье описываются особенности бухгалтерского учета в условиях рыночной экономики в Казахстане

 Summary

This article describes the features of accounting in a market economy in Kazakhstan

 

Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде сондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті-жоспарлауды, бақылау, бағалауды-жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығымен жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді[1].

Қоғамда қаржылық талдау берудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес[2].

Қай уақытта болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілдік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті іскерлік, басшүылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қоданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік , әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады[3].

Нарықтык экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазаксатан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қардылық есептік», «Салық және бюджетке міндетті түрде басқа да төлемдер» туралы заңдарына сәйкес басылып шығарылды. Сондай-ақ Қазакстан Республикасының бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Департаменттің нұскаулары, ережелері, ұсыныстары бойынша мынадай түтынушыларды кажетті қаржылык ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептесу мен есеп беру жүйесін жасау керек:

- капитал қоса алатын инвесторлар оларды құнды кағаздарға салып және еншілес серіктестерді бірлесе бақылау жасайтын занды тұлғаларды инвесторлау;

- несие берушілер, несие бола ма және олар тиесілі проценттерін уақытылы төлей ме, осыларды анықтау үшін;

- кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі туралы, әсіресе ұзақ мерзімді келісімшарт немесе тәуелді жағдайда ақпаратқа мүдделі сатып алушылар;

- өздеріне жұмыс берушілердің тұрақтылығы мен рентабельділігі, субъектінің жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ете алатын қабілеті немесе жалдамалы жұмыс тауып беру мүмкіндігі туралы ақпаратқа мүдделі жұмысшылар мен қызметшілер;

- ресурстарды бөлу туралы, демек кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратқа мүдделі мемлекет және т.б.

 Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашкы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қорытындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген акпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңкы деректер шаруашылық қызметінің жинакталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қорытындылаудың және салыстыра өлшеудін нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі[4].

 Басқару міндетіне қарай экономикалық акпарат жүйесі нормативтік, жоспарлық, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат кашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз - деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.

«Ақпарат» деген ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.

Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық операциялар түрінде жүзеге асады.

 Әрбір шаруашылық операциясы - бір белгілі уақыт пен кезеңдікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш-қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қорытындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйіседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаурашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады. [5]

Шаруашылық операцияларының орындалуын белгі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операцяилары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.

Шаруашылық операциялары мен фактілерінің жалпы қасиеттеріне операцияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай-ақ олардың ақшалай бағалануы жатады.

Сөйтіп, шаруашылық есеп дегеніміз - шаруашылық қызметтің баскару мен аудит үшін керекті кешенді көршісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір орын экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар.

Демек, шаруашылық есеп - экономикаға басшылык жасау үшін кажетті шаруашылық кызметтегі бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен кұбылыстар туралы ақпаратты өндеу және дайындау.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің басты мақсаты келесілер болып табылады:

-қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер;

-активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, олардың таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

-айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

-қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ эәне қысқа мерзімде болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

 

Қолданылған әдебиет тізімі

1.        ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-111 «Бухгалтерік есеп және қаржылық ессптілік туралы» заңы

2.        Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъек­тов. Алматы: Экономика, 2004.

3.        Ряжнова О.В. «Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности». М, 2012.

4.        Ержанов М.С. «Финансовая отчетность». Алматы, 2007..

5.         Пузикова Е.П., Честпиков В.А. Международный туристический бизнес. М.:-1997.-35 с.