Төлеметова А.С., Серік Е.Н.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің даму жағдайы

Әлемнің көптеген елдерінде жеңіл өнеркәсіптің дамуына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені еңбекке қабілетті халықтың, әсіресе әйелдердің, жоғары жұмысбастылығын қамтамасыз ететін бұл саланың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы аз емес. Саланың тұтыну деңгейі бойынша азық-түлік өнімдерін тұтынуға ғана жол беріп екінші орында екендігі, оның маңыздылығын көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін негізгі әлемдік өндірушілер Қытай, Үндістан сияқты елдер болып табылады. Мақтаның әлемдік өндірісінің 40%, жіптердің әлемдік өндірісінің 64%, матаның әлемдік өндірісінің 41%  және киімнің әлемдік өндірісінің 50%  Қытайдың үлесіне тиеді.

Экономиканың басқа салаларына қарағанда біздің елдің экономикасына бұл саланың әсері шамалы. Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 1,2 %-дан аспайды.

2015 жылы ҚР жеңіл өнеркәсіп өндірісінің құрылымы

Сала шикізатты бастапқы өңдеуді, сондай-ақ дайын өнім шығаруды іске асырады. Бұл 20-дан астам кіші салаларды қамтитын кешенді сала, оларды үш негізгі топтарға біріктіруге болады: тоқыма; тігін; былғары, тері, аяқ киім. Жеңіл өнеркәсіптің құрылымында тігін және тоқыма кіші салаларының үлесі басымырақ.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімін тұтынудың ішкі нарығы 1,4 млрд. АҚШ долл.құрады, оның 7,3% отандық өндіріске,  92,7% импорттық өнімге тиесілі .

Жеңіл өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% болды. Саладағы өсім тоқыма өнеркәсібі өндірісінің 3,2% -ға өсуі есебінен болғаны байқалады. Төмендеу киім өндірісінде (0,4%-ға), былғарыдан бұйымдар және аяқ киім өндірісінде (10,4%-ға) орын алған.

Жеңіл өнеркәсіп саласында іс-әрекеттегі кәсіпорындар саны 2016 жылдың 1 маусымына 933 болды, оның ішінде негізгі үлес тігін кәсіпорындарына (58% немесе  538 кәсіпорын) тиесілі, өйткені киім өндірісін ұйымдастыру тоқыма және былғары-аяқ киім өндірісін ұйымдастыруға қарағанда аз инвестицияны талап етеді.  31% немесе 289 кәсіпорын тоқыма бұйымдары өндірісімен және 11% немесе 106 кәсіпорын былғары және былғары бұйымдары өндірісімен айналысады.

Жеңіл өнеркәсіпте іс әрекет ететін шағын кәсіпорындардың саны 872, бұл сала кәсіпорындарының жалпы санының 95% құрайды. Меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың жалпы санының 99,66% жеке кәсіпорындар болып табылады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысына жуығы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарықтарының жақындығы мен еңбек қорларының барлығына байланысты болып отыр.

2015 жылы аймақтық кесіндіде жеңіл өнеркәсіптегі негізгі кәсіпорындар келесілер:

-                Өңтүстік Қазақстан облысы - 35%, мұнда облыстың негізгі кәсіпорындары мыналар: «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «Azala Textile» ЖШС, «Жанаталап-МТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза», «Бал Текстиль» ЖШС;

-        Алматы қ-сы – 14% негізгі кәсіпорындары: «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «КазСПО-N» ЖШС, «ПКФ «Казахстан Тексти-Лайн», Mimioriki;

-        Алматы облысы – 12% «Медиатекс-Н» ЖШС, «Glasman» ЖШС, «Универсал» ЖШС.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнім импорты 1,6 есе төмендеп, 441,2 млн. АҚШ долл. құрады, экспорт 149,2 млн.АҚШ долл. құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен  2,2 есе жоғары болды. Импорттың экспорттан басым болуының бірден-бір себебі экспорттың негізінен құны төмен шикізаттық  тауарлардан, ал импорттың қосымша құны жоғары дайын өнімдерден тұратындығынан болып отыр. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің импорт көлемінің жоғары  болуы отандық тауарларға бәсекеге тудырады. Осылай бола тұра, салада оңтайлы өзгерістер байқалады.

Әскери киім-кешек және басқа да арнайы киімдер өндірісінде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру мақсатында бір жыл бұрын құрылған  Жеңіл өнеркәсіптегі өндірушілер Одағы жеңіл өнеркәсіптің шикізаттық кәсіпорындары мен дайын өнім өндірушілерін консорциумға біріктірді. Сондай-ақ, бес жылдың соңына қарай шикізатта қазақстандық мазмұнды 100%-ға жеткізу жоспарланған бағдарлама әзірленді. Консорциум бес жылда барлық әскери құрылымдарды формалы киіммен қамтамасыз ету міндеттемесін алды. Егер бұрын Қазақстанда мемлекеттік әскери тапсырыстарды орындауда өндірісте отандық шикізат пайдаланылмаған болса, биылғы жылы әскери киім-кешек 30% қазақстандық шикізаттан тұрады.

Қазақстанда бизнес жүргізуде үлгі болатындай кәсіпорындар жеткілікті, олардың қатарына мына компанияларды жатқызуға болады:  «Mimioriki» балалар киімінің брендісімен  Қазақстан Текстилайн, шетелдік спортшыларды киіндіретін «Каз СПО-N», ZIBROO спорт киімдері ЕАЭҚ ЕО (ЕАЭС ЕС) елдеріне экспортталады,  «Семирамида» - «SMD» брендімен сырт киімдер шығарады, «Glasman» - ҚР бірқатар бутиктер ашып, ЕАЭҚ және ТМД елдеріне өз өнімдерін (ерлер костюмдері және мектеп формасы)  шығаруда және т.б. 

Қазақстандық дизайнерлер Aida KaumeNOVA, Aigul Kassymova, Камила Курбани және басқалары да шетте қалмай, отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуда.  Табысты компаниялар: «AZALA Textile» ЖШС, қазіргі уақытта тоқыма бұйымдарын шығарады, «Бал Текстиль» фабрикасы, кілем өндіреді, әлемге танымал «IKEA» компаниясымен ынтымақтастық орнатты.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде кездесетін келесідей маңызды мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. Олар:  заманауи талаптарға сай білікті мамандардың жеткіліксіздігі, тек жұмысшылар, тігіншілер ғана емес, сонымен қатар  жоғары және төмен буынның техникалық жұмыскерлері; салықтық жүктеме – кедендік баж,  сондай-ақ ҚҚС, кедендік алымдар төлеп, өндіріс үшін сырттан әкелінетін шикізатты декларациялау қажеттілігі; жеткілікті тереңдетілмеген өңдеу және сапалы шикізаттың жеткіліксіздігі. Статистикалық  мәліметтер бойынша шикізаттың 90%-ға жуығы (шитті мақта, өңделмеген тері, жуылмаған жүн түрінде) шетелдерге экспортталады. Тігін өнеркәсібі өз жұмыстарында импорттық маталар, тоқыма жіптері, жіптер, фурнитураны пайдалануға мәжбүр, өйткені олар Қазақстанда іс жүзінде өндірілмейді. Сондықтан, бұйымдардың жоғары құны қалыптасады да, импорттық өніммен баға бойынша бәсекеге қабілетсіз болып шығады.

Саланың отандық кәсіпорындарына мемлекет қолдау көрсетіп отырғанын айта кету керек. Осылайша, Инвестициялар және даму министрлігі 2015-2019 жылдарға жеңіл өнеркәсіптің дамуының Кешенді жоспарын бекіткен. Кешенді жоспардың негізгі мақсаты жеңіл өнеркәсіп өнімінің әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, оның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту жұмыстарының негізгі бағыттарының арасынан  Жоспарда келесі іс-шаралар көзделген:

-  өндірістерді жаңғырту;

– экономикалық саясаттың іс-шараларын жүйелі іске асыру, соның ішінде мемлекеттік сатып-алулар аясында қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру;

  саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;

– ғылым мен инновацияны дамыту;

– саланы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру және қаржылық сауықтыру.

Бұдан басқа, бизнесті қолдаудың басқа да құралдары бар, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін де – бұл «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020, Еңбек өнімділігі 2020, Экспортер 2020 және т.с.с.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін  барлық алғышарттар бар – мемлекеттік қолдау; негізгі өндірістер, адами ресурстар. Алайда, біздің кәсіпкерлердің бұл секторда жұмыс істеуге қызығушылығы жоқ (мақта егу, былғары мен теріні өңдеу, киім мен аяқ киімді пішу және тігу), өйткені бұл жерде, мысалы, сауда мен қызмет көрсету аясындағыдай бірден пайдаға кенелу жоқ.

Бүгінгі күнге тоқыма өнеркәсібінің өндірістік қуаттары қайта жаңғыртылған және де жоғары сапалы тоқыма өнімдерін шығаруға  мүмкіндіктері бар. Қазақстандық тоқыма өнімдері жалпы қабылданған халықаралық стандарттар мен регламенттердің қажетті талаптарына сай, бұл  сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін мүмкіндіктер береді.

Сонымен, жеңіл өнеркәсіптің дамуының тарихи және ағымдық динамикасын, саланы мемлекеттік қолдаудың іс-әрекеттегі және жоспарланған шараларын, қалыптасқан интеграцияны(ЕАЭҚ, ӘСО), сондай-ақ кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктерінің артуын ескере отырып, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін және жалпы саланың дамуын күтуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Сейдахметов М.К. и др. Анализ современного состояния легкой промышленности Казахстана и перспективы его развития//Научно-технический журнал «Технология текстильной промышленности»- РФ, г. Иваново.-2013.-№6

2 Казахстан в 2015 году. Статистический ежегодник Казахстана.- Астана, 2016.-475с.

3 Промышленность Казахстана и его регионов. Статистический сборник.- Астана.-201с.