Шрымбай Дана
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН
ҚҰРУ
Автоматтандырылған
жұмыс орны дегеніміз - жұмыс істеуші адамның
компьютерлік желі қызметіне араласуын үйымдастыратын қосымша
аспаптармен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орны;
техникалық құралдардың тиісті кешенімен
жарақтандырылған және тиісті программалық,
ақпараттық жасақтамамен жабдықталған дара
жұмыс орны. Құрамына жұмыс істеуші адамның
есептеу желісі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша
аспаптар кіреді.
Маманның
автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – бұл
басқарушылық жұмыстың қарқындауы мен
ұтымды етудің құралы.
Кәсіптік автоматтандырылған
жұмыс орны – бұл жергілікті желілерде жұмыс
станцияларының, үлкен интеллектуалды ЭЕМ терминалдарының,
автономды жұмыс орнын қызметін атқаратын адамның ақпараттық
жүйелермен қарым – қатынасының басты
құралы. АЖО жеңіл бейімделеді және ашық
құрылымды болады. АЖО нақты пәндік салаға
мәселелі – кәсіптік бағытталып, маманның
автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен қарым –
қатынасы болып табылады. Егер басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымының алатын болсақ,
басқарушы жұмыскердің АЖО орта және жедел
деңгейлерін, АЖО жетекшісін шартты түрде айырып алуға болады.
Маманның автоматтандырылған жұмыс орны:
- Қарапайымдылықты,
қолданушыға ыңғайлы және достық қарым
– қатынасты;
- Қолданушының нақты
функцияларына қарапайым бейімделуді;
- Орналастырудың ықшамдылығы
және пайдалану шарттарына шағын талаптарды;
- Жасампаздықты және үлкен
сенімділікті;
- Техникалық қызмет
көрсетудің салыстырмалы қарапайым ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді.
Автоматтандырылған
жұмыс орнының жұмыс режимінің тиімділігі болып
оның жергілікті есептеуіш желі шеңберінде жұмыс жасауы.
Маманның автоматтандырылған жұмыс орнының
құрылуы байланыс желілерімен жіберуге және
шығаруға, нәтижелі ақпараттартың
нақтылығын анықтауға, ақпаратты
өңдеуге, бақылау жасауға, мәліметтер енгізуге
ыңғайлы, ағымдағы тапсырмаларды жедел шешетін,
қолданушыға диалогті режимде жұмыс жасауға
мүмкіндік береді. Автоматтандырлыған жұмыс орнын
ақпараттық қамтамасыз ету мына жағдайларда тиімді:
- Басқару нәтижесінде
уақытты үнемдеуге және объекттерді басқару
жағдайлары туралы нақты ақпаратты жедел түрде алуда
басқару үрдісінің тиімділігін көтеруде;
- Шығармашылық еңбек
үшін ақпаратты жинау және әртүрлі есептерді
құру бойынша кері тартпалыққа негізделген
еңбектен барлық деңгейдегі басқару органдарын жұмысын
жеңілдетуге;
-
Қағаз түріндегі құжатайналымды
қысқартып, қағазсыз іс жүргізуге көшуге;
- Iс
қағаздарын жүргiзудiң стандартизациясында;
-
Түрлі бағыттағы мониторинг зерттеулерін жүргізуге.
Әрбір
маманның автоматтандырылған жұмыс орны нақты тапсырмалар
тізіміне жауап береді.
Автоматтандырылған
жұмыс орны шарттарында есепті ұйымдастыру технологиясы үш
қадамнан тұрады:
-
Ақпаратты дайындау және оны өңдеу ;
-
Қор түрлері бойынша бақылау, саралау және оны тексеру
есептерде есептік ақпараттарды жинақтау және жүйеге
келтіру;
-
Кәсіпорынды басқаруда алдағы уақытта қолдану
үшін ақпаратты қалыптастыру.
Кәсіпорынды басқару үрдісінде жедел,
тактикалық және стратегиялық басқарушылық
шешімдерде қолданылады. Осы мақсатпен басқару үш
деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгейде
құрылымдық бөлімшелермен жедел басқару
жүзеге асырылады (цех, дүкен, бөлімше). Бұл
деңгейде ақпараттың пайда болу орнында басқару
есептерін қабылдау үшін ақпараттың есебі және
бейнесін өңдеуді жүзеге асыратын алғашқы деректер
қалыптасады (АЖО I категориясы). АЖО I категориясы аудиторлық
тапсырмаларды қажетті есептерді шешу үшін оның пайда болу
орнында (цех, дүкен, бөлімше) тікелей алғашқы
деректерді дайындау және қалыптандыру үшін қажет.
Тапсырмаларды шешу үрдісінде кәсіпорындар, цехтар,
бөлімшелерде және басқа өндірістік бірліктерді сонымен
қатар әрбір жұмыс орнында ауытқуды айқындайды.
Ақпаратты басқарудың екінші деңгейінде ішкі тексеру
және бақылау орындалады, есеп телімдерімен, тапсырмалар кешенімен
қорытындыланады және жүйеге келтіріледі. Бұл
деңгейде тапсырмалар кешенімен (АЖО II категориясы) нақты
басқару тапсырмаларын шешу үшін ақпарат бейімделеді
және қалыптасады. АЖО II категориясында есеп бөлімшелері
бойынша (тапсырмалар кешені) шартты жұмыстан ауытқуды тауып,
аналитикалық және аудиторлық есептер шешіліп және
алғашқы ақпараттың шығуын бақылау
жүзеге асырылады. Бұл деңгейде алынған ақпарат
аналитикалық және жинақтамалы есептер мәліметтер
бойынша автоматты тексеру жүзеге асырылады, сонымен қатар
алынған ақпарат нақтылыққа логикалық
бақылау жатады. Сонымен қатар АЖО II категориясында бөлек
тапсырмалар кешенінен басқару есептерін қабылдау, тексеруді
жүргізу, есеп үрдістерін модельдеу жүзеге асырылады.
Үшінші деңгейде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық
әрекеттерін тексеру және сараптау, бақылау, келтірілген
мәліметтерді қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл
басқару деңгейінде болашақтағы жоспарлар мен
олардың орындалуын жетілдіріп, ішкі саясатын анықтап,
кәсіпорынды толықтай басқару жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған жұмыс орнының
негізгі міндеті – басқарушы қызметкерлер құрамын
техника және технологиялардың жаңа
құрылғыларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Автоматтандырылған
жұмыс орнының қорында орналасатын немесе орталық
мәліметтер қорына жиналатын, мәліметтерге жедел енетін
және қолданушылардың диалогті ақпараттық
өзара әрекеттестігін автоматты диалогті басқарудың
негізгі функцияларын орындайтыны туралы сөз болып тұр.
Автоматтандырылған
жұмыс орнын ұйымдастыру басқару міндеттерінің
орындалуының техникасын және әдісін өзгертеді.
Мәліметтердің көптерезелі түрде ұсыну, графиктер
және диаграммалар, кестелер және электронды тізімдер –
мәліметтерді көрсетудің жаңа әдісін қолдану
арқылы экрандық диалогтi жүргiзудің жаңа
технологиялық операциялары пайда болды.
Автоматтандырылған
жұмыс орны есептер шешу үшін қолданылатын күрделі
тапсырмаларды ақпараттық қолдауды қалыптастыруды
қамтамасыз ететін есептік тапсырмаларды шешуді автоматтандыруға мүмкіндік
береді.
Сонымен,
автоматтандырылған жұмыс орны бұл – кәсіби –
бағытталған жұмыс орнында орындалатын маманның міндетін
автоматтау үшін арналған техникалық, ақпараттық
және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Әдебиет:
1.
Автоматизация
управления жизненным циклом продукции: А. В. Скворцов, А. Г. Схиртладзе, Д. А.
Чмырь — Санкт-Петербург, Academia, 2013 г.- 320 с.
2.
Волкова К.А. и
др. Предприятие: стратегия, структура, положения об отделах и службах,
должностные инструкции. - М.: ОАО "Издательство "Экономика",
НОРМА, 1997. - 526с.
3.
Кибанова А.Я
«Управление персоналом организации», ИНФА-М, 2001г.