Бірманова Қ.И.   мектеп директоры                                                   

            Рудный қаласы әкімдігінің  «№7 мектеп-гимназиясы», Қазақстан

ҰСТАЗДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ-ӨРКЕНИЕТ ШЫҢЫ

                                                               

 

     "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"-деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, өркениетті елдің өрістеуіне һәм көкжиегінің кеңеюі алдыңғы озық елдердің қатарына енуі үшін ең алдымен жаһандану заманының талабына сай болу қажеттілі бесенеден белгілі. Таң қалуға бір-ақ сәт жеткілікті.  Ал, таң қалдыруға адамның ғұмыры да жетпей жататын заман. Жаңа өмір жаңашыл болғандықтан жаңа әрекеттерді талап етеді. Білім беру саласына сандық-мультимедиялық  қорлардың енуі ұстаз қауымының стилін, оқыту әдістемесін өзгертті. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына біздің жаңаша дамудың жаңа кезеңі өтіп жатыр.   Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін  сұрыптауға зор ықпал етеді.    Бүгінгі жаһанданған әлем бізден келешек ұрпағымыздың ғаламдық білім додасында бәсекеге қабілетті болғанын талап етіп отыр. Адамның өмірлік тәжірибесі әр алуан. Бүгінгі ұрпақтың ойлайтыны келешек ұрпақтың, буынның қамы үшін игілікті істерді жасауында.. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр оқушының дұрыс ой түюіне, өнегеге жол сілтеуі, ғылым жетістіктерін терең меңгертіп оқыту, білімге деген мәңгілік құштарлық та ұстаз парыздылығының кемел көрінісі болмақ.Дана халқымыз «Өнегесіз өсу жоқ»дегендей, үлгіні ең алдымен ұстаз ұсынуы керек. Асқан  білік керек. Халқыңның қызметшісі, білікті ұстаз болсаң,қанатың көсіледі,қиялың шарықтайды,бүгінгіні ғана шолмайсың,келешекті де ойлайсың.Бұл ақиқат. Мұғалімнің кәсіби даму үшін практикалық дағдылары қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалім мектептерге инновациялық қызметті «әкелуші»деп қабылдайтын пікірмен астасады,оған оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп болып отыр.Осы ретте мектептің дамуы, оның тиімді болуы мұғалімдердің құзыреттіліктерінің барынша мол болуына байланысты

Кәсіби шеберлікті жетілдіру бұл үздіксіз үдеріс. «Білген адам-өкінбейді, мейірбан адам-мазасызданбайды, батыл адам-қорықпайды»,-дейді Конфуций. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, әлемдік ортада өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы әлемдік оқу үдерісінің өзегі-жаңа технологияларды жетік меңгеруіне тікелей байланысты болмақ.Педагогтың дамуының басты өлшем шарты кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі, шығармашылық өсуі, оқу үдерісіне жаңа педагогикалық және сандық мультимедиялық  технологияларды енгізу болып табылады.Бұдан педагогтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына негізделетін қағида:

-кәсіби өзін өзі жетілдіруі;

- өзін-өзі кәсіби реттеуі;

-ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қалыптасуы;

- жаңаша технологияларды меңгере отыра, өзін-өзі дамытуы;

-кәсіби дұрыс бағытты анықтауы;

-кәсіби стильді қалыптастыруы;

-түрлі деңгейдегі(облыстық, республикалық,халықаралық) сайыстарға, конференцияларға қатысуы;

-қоғамдық шараларға белсене ат салысуы;

- қызмет саласында өз шеберлігін жетілдіруі. Барлық жұмыс жүйесі шынайы, нақ, айқын мақсатқа жетуіне бағытталады. Бастысы іс-тәжірибе алмасады әрі өз тәжірибесін таратады.Педагог тұлға ретінде үйретуші, бағыттаушы, жаңалықтың жаршысы, креативті тұлға. Педагог бойында бірнеше қызметтер анықталған.Тұлға ретінде оның позициясы- қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, іс-әрекетке негізделген. Рухани-адамгершілік құндылықтар, дүниеге көзқарасы, басты мақсат-мұраты,қойылған талапты орындауы оның педагог ретіндегі ұстанымы болып табылады. Ұстаным арқылы оның жеке басының, қоғамның белді мүшесі ата-ана алдындағы бағасы, кәсіби құзіреттілігі, әрекеті көрініс береді. Мұғалімнің кәсібилігіндегі үш басымдық:жалпы азаматтық сапа, мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,пән бойынша білім, іскерлік, дағды. Осы сапалар арқылы мұғалімнің еңбекке деген уәжі, кәсіби шеберлігі,қарым-қатынасы көрінеді. Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта. Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік  білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Негізгі факторлардың бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі  саласынан хабардар болуы,  өз пәнін жетік біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны үдеріс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі  мұғалім – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімдік кəсіби білікті  шыңдаудың үздіксіздігі шығармашылық қабілеттің  дамуының кепілі жəне жеке педагогтік тəжірибенің  дамуының, үздіксіз білім берудің алғы шарты болып  отыр. Ұстаздық  кəсіби шеберлік  негізі, біріншіден,  педагог ретіндегі өмірге көзқарасы, идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты дайындығы, оқушылар бойына жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды үйретуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім де бола білу керек. Басты алтын ереже: біліміңіз, қызығушылығыңыз, ниетіңіз, үлгіретіндігігіңіз. Түрлі тапсырма беру. Бұл менеджмент заңы. Заманауи оқыту әдістемелерінің нәтижелері.. Өзінің саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы: “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы” деп бағалаған еді. Бұл-аса көрегендікпен бүгінгі күн үшін айтылған сөз. Жаңа талаптарға бағына отыра, педагогтың кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдарын анықтауға болады:

-         Әдістемелік бірлестіктерде, шығармашылық топтардағы жұмысы

-         Зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізу

-         Инновациялық жұмыстар

-         Педагогикалық қолдау түрлерін үйрену,үйлестірушілік

-         Сандық мультимедиялық құралдарды сабақтарда пайдалана білуі.

-          Сайыстарға шеберлік сыныбы, форум, кіріктірілген сабақтарға қатысу. Педагогтың кәсіби құзыры шеберлігі оның тұлғалық дамуына байланысты белсенді үздіксіз үйренуінде қалыптасады. Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.

 Кәсіби құзыретті тұлға- маманға берілген мінездеме,мұғалім мамандығының талаптарына сай дәреже көрсеткіші. А. Байтұрсынұлы : «Ұлттың ұлағаты, мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты-оқу мен әдебиетте» деген қанатты сөзі бүгінгі  жаңа өзгеріске келіп саяды.  Қазіргі кезде өзгеріссіз қалу қауіпті. Үздіксіз білім беру,өркениет көшінен қалмау,жаңа  сатыға көтерілу, білім, ғылымдағы  білім жүйесінің  қыр сырын зердеге тоқып, белесті бағындыратын тұлға –ол нағыз педагог, өз ісінің майталманы болмақ!. 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Мудрик А.В, Учитель: Мастерство и вдохновение-Москва 1986

2. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары-К.С.Құдайбергенова Алматы 2007