Әдебиет
сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау
әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдары
Оралова
Гүлзира Сапарқызы
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы, ф.ғ.к.
Оразбек
Аружан ҚМУ-дың студенті
Бүгінгі заман сұранысы
білім саласында жаңаша білім беру талабын туғызып отыр. Қазіргі
білім беру жүйесі алдында тұрған күрделі
мәселелердің бірі – білім алушы жастар бойына бәсекеге
қабілетті құндылықтарды қалыптастыру, дамыту.
Білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат білімді тұлға
ғана дайындау емес, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі
бай, қоғамдық өмірдің барлық аясында
ұлттық құндылықтарды түсініп, оны дамыта
алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын, әрбір жеке
тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық
пайдалана білуге уйрету болып табылады. Қазіргі таңда елімізде жаһандық
проблемаларға жауап бере
алатындай жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен
оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті
құндылықтар мен мақсаттар білім алушылардың
үлгерімін жақсартып, педагогикалық технологияны ғылым
мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде дағдыларды дамытып, ұлттық
сананы қалыптастырып, іске асыруды және халықаралық
тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Білім беру
мазмұны белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас
арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру
мазмұнын жаңарту мақсатындағы, яғни,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау
жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Бұл
бағдарламалар оқушылардың коммуникативтік, яғни, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым
дағдыларын дамытуға көмектеседі.
«Қазақ әдебиеті»
пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары да
осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады
Қазақ әдебиетінің асыл мұраларын танытып, оның
мазмұны мен теориялық негізін меңгерту
оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің
дамуына, өмірлік дағдыларының шыңдалуына негіз бола
алады. Сонымен қатар, пән бойынша бағдарлама оқушыларды
ұлттық мәдениет пен
әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы
әдебиетті бағалай білуге үйретеді.
Әдебиет
пәні оқушы
жүрегіне жол тауып, оның
зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым
тіршілігін, тынысын жеткізетін
халқымыздың
көркем тарихы, тәжірибесін реттейтін өмір оқулығы.
Әдебиеттің осындай білімділік, тәрбиелілік мәні мұғалімдерге көп ізденіп, ұтымды, тиімді деген
әдіс-тәсілдерді
шығармашылыпен
қолдана отырып, заман
талабына сай оқытуды
міндеттейді. Қазақ әдебиеті – қалыптасқан
тарихы бар, әлем әдебиетінде өзіндік орнымен ерекшеленетін бай
әдебиет.
Жалпы
білім беретін мектептерде қазақ әдебиетін
оқытуда пәннің мазмұнын, стилін, идеяларын және
жанрын бағалай білу, талдау
жасау,
шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса
назар аударылады. Қазақ әдебиетін оқыту
барысында оқушылардың көркем шығармалардағы
көтерілген мәселелерді
жан-жақты талдау, бағалау, өзіндік ой айту
дағдылары қалыптасады,
бұл рефлексия дағдыларын дамытуға мүмкіндік
туғызады. «Қазақ әдебиеті» пәні
бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды шығармашылық ойлауға
бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне
және жаза білуіне
қолдау көрсету, дәлелдер келтіру,
салыстыру және талдау,
бағалау дағдыларын
қалыптастыру. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы
ұғымдарын
кеңейтуге,
әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және
адамзатқа ортақ ойларды,
дилеммаларды, проблемаларды зерттеуге мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні
бағдарламасының
мазмұны мен құрылымы оқу
мақсаттарына негізделіп
құрылған.
Пәндік білімнің мазмұны
бөлімдерге
бөлінген: түсіну және
жауап беру, анализ және
интерпретация, бағалау және
салыстыру, сонымен қатар,
дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады.
«Түсіну және
жауап беру» бөлімі
аясындағы
бөлімшелер
оқушылардың
төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
-
көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау
және талдау;
-
әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
-
көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау ;
-
шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және
интерпретация» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
-
әдеби шығарманың композициясын, композициялық
амал-тәсілдерді талдау;
-
шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін
талдау;
-
көркем шығарманың тіліне, көркемдегіш
құралдардың қолданысын талдау;
-
көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып,
шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау
және салыстыру»
бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
-
шығарманың тарихи және көркемдік
құндылығына баға беру;
-
әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру;
-
шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе
жазу;
-
әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және
сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Баланы
ең бірінші ойлай білуге үйретуіміз керек. Бүгінгі таңда
ғалымдарымыз ойлаудың 1.Сыни ойлау, 2. Проблема шешуде
қолданатын ойлау, 3. Шығармашылық
ойлауын атап көрсетеді.
Сын
тұрғысынан ойлау - ой қозғай отырып,
оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарауды, естіген, білгенін талдай
алуын, салыстыра, реттей, сұрыптай, жүйелей, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,
тұжырым жасай алуын өз
бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға
бағыттау. Сын
тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Сын
тұрғысынан ойлау - оқушының ойын еркін айтуына, пікір
таластыруына, оқушылар бір-бірінің ойын, пікірін
тыңдауға, бір-бірін құрметтеуге, өзекті
мәселені тауып, оны шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
жеңуге бағыттайды. Дәстүрлі
оқытудан сыни ойлауды дамыту технологиясының айырмашылықтары
бар. Ол – оқушыға
білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір
таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдап,
құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты
жеңуге бағытталған.
Сын тұрғысынан
ойлау үшін мынадай шарттар орындалуы керек:
-
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін
уақыт керек;
-
Оқушыларға ойланып-толғануға,
ойын ашық айтуға рұқсат беру,
-
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді
қабылдау;
-
Үйрену барысындағы оқушылардың
белсенді іс-әрекетін қолдау;
-
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасалған
сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
-
Сын тұрғысынан оқуды бағалау
сияқты шаралар орындалуы шарт.
Жалпы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының мақсаты үш кезеңнен тұрады.
Олар: 1.қызығушылықты ояту,
2.Мағынаны тану,
3.Ой толғаныс кезеңдері.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі
бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,
түсініктерді өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан сабақта
қарастырғалы тұрған мәселе жайында оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
Қызығушылықты ояту арқылы
оқушылардан «Мен осы тақырып
бойынша не білемін? Немесе менің білетінім қандай дәрежеде
екен? Есімде қандай білім қалды? Ол маған қалай
қажет болды? деген сұрақтарға жауап беретіндей,
яғни өздігінен бұрын алған білімдеріне баға
беретіндей етіп белсенді жұмысқа ынталандыру қажет.
Сөйтіп олар өздерінің бұрын алған білімдерін
айқындап алады. Бала бұрынғы алған білімін
жаңадан алатын біліммен салыстырып, байланыстыра алатын болады. Осындай
әрекеттер арқылы оқушы жаңа білімді игеруге ынтасы
ауып, қызығушылығы туындайды. Әр берілетін білім
алдыңғы білімнің жалғасы екендігін ұғынады.
Оқушыларды ұдайы ойлау әрекетіне баулып, оны күнделікті
әдетке айналдыруын дағдыландыру қажет. Жаңа
тақырып оқушыларға таныс болмаса да оның бұрын
таныс емес екендігін айқындауда оқушыларды белсенді әрекет
етуге баулиды. Осы кезеңге қызмет ететін «Тірек сөздер», «Миға
шабуыл», «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Болжам жасау», «Әлемді шарлау»,
«Жұпта талқылау», «Инсерт» т.б.
мұғалім ұсынған белсенді оқу
әдістерін қолданып, осы кезеңде жаңа ақпарат,
ойлармен танысып, тақырыпқа байланысты әрекеттер жасалынады.
Қызығушылықты ояту
кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің
белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді,
қағазға түсіріп, оны көршісімен бөліседі,
тобында талқылайды. Бұл әрекеттер арқылы оқушылар
шыңдалған ойлауға бірте –бірте қадам жасай бастайды.
«Мағынаны тану» кезеңі - негізгі кезең,
сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін
түсіндіреді. Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,
тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап,
белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың
тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі - INSERT. Ол бойынша оқушыға
оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен
үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ?
– “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,
оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну –
күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында
оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,
өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны
түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
«Мағынаны тану» кезеңінде» «Т
кестесі», «Пікірталас», «Аквариум», «İNSERT», «RAFT», «ДЖИКСО», «Куббизм»,
«Хикаяттар картасы», «Бір айналым сұхбат», «Түртіп алу», «Жұпта
талқылау», «Бағытталған оқу», «Семантикалық карта»,
«Топтастыру» т.б. стратегияларды қолдану тиімді нәтиже береді.
Мәселен, жаңа тақырыпты ашу кезінде «Кластер»
әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырып,
тілдік қорын байытады. «Кластер»
әдісі проблема жайлы өз
білімдерін ұсыну; Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен
көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша); Тақырыпаралық
проблемаларға өзара байланыс орнату; Ұсынылған проблема
бойынша толыққанды түйіндеме жасау; Таным әрекеті
процесінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.
3.
Сабақтың «Ой-толғаныс»
Ой толғаныс кезеңінде «Эссе», «Топтастыру», «Пирамида»,
«Құндылық сызығы», «Т кестесі», «Sinkuein немесе бес
жолды өлең», «RAFT», «Түйін сөз», «Семантикалық карта»,
«Концептуалды таблица», «Бір айналым сұхбат» т.б стратегиялар осы
кезеңді тиімді етуге лайықталған, сонымен бірге аталған
стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады. Әдебиет пәнін оқытуда
сабақтың әр кезеңінде оқу мақсаттарына сай сын
тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді қолдану
күтілетін нәтижеге, табысты оқытуға мүмкіндік
береді.
Әдебиет
сабақтарында сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді
қолдану нәтижесінде:
· оқушы
еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
· жұппен,
топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі
табылмай жатқан мәселені
ақылдасып шешуге ұмтылады;
· бірін-бірі
оқытуға және дамытуға үйренеді;
·
салыстырулар жасап, талдап, баға беруге
машықтанады;
·
ойы
сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.
Әр сабақ соңында оқушылардан «Мен
осы тақырып бойынша не білемін?, «Не білгім келеді?, Бұл білім
маған қалайша қажет болады? деген сұрақтар немесе
кері байланыстың алудың түрлі әдістері арқылы
кері байланыс жасау арқылы мұғалім өз әрекетіне
рефлексия жасап отыру орынды болады.
Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі.
Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы
көкейтесті мәселелер қатарына жатады.
Кері байланыс
оқушының оқыту үрдісі қалай өткені
және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы
ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақ
барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының
соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты –
еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетіне
баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын
іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс
парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз
шыққан тұсын және сәтті шыққан
қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға
болатынын алдын ала біледі. Сонымен қатар, кері байланыс парағы
арқылы оқушының үніне құлақ
түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап,
келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына
түрткі болады.
Сонымен әдебиет сабақтарында сын
тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке
тұлғаның қабілеттері ашылады.
Белсенді шығармашылықты
ойлауға негіз қаланады:
-өз бетінше тұжырым жасап,
қорытындыға келеді;
- Ұқсас
құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір
алмастыруға үйренеді;
- бір-бірін сыйлап құрметпен
қарауға үйренеді;
- өзін жеке дара тұлға ретінде
тани біледі;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, проблеманы
шешуге үйренеді;
- өзін-өзі, бірін-бірі
бағалауға үйренді;
- пікірталасты жүргізе білу
мәдениеті қалыптасады
Қорыта
айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы
оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын
қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,
оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне
байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер
әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне
сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне,
қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің
өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту
технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім
сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке
тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа
әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне
қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде
ұтарымыз анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Қ.Жұмажанова
Әдебиетті оқыту әдістемесі.А.Білім.2009
2. «Қазіргі кездегі
оқытудың педагогикалық технологиялары», Н.
Қошқарбаев, 2010 жыл.
3.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен
әдістері» С. Мирсеитова, 2011 жыл.