Иманбетов А.Н., Мускунов Қ.С., Садыков Қ.И.,

Саликов Ж.К., Алиев Б.А.

 

Қазақстан Республикасы Қарағанды қ.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

 

АРНАУЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТОПТАРДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСI САБАҒЫН  ЖҮРГIЗУ  ӘДIСТЕМЕСI

 

Біздің азаматтарымыздың салауаттылығына эканомикалық деңгей өздігінен кепілдік бере алмайды. Онда адамдар өз денсаулықтарына дұрыс кеңіл белмеу нәтижесінде жылдан-жылға аурушаң болып бара жатқан сондай бір жанданған эканомиканы көз алдыңа келтіру қиын соқпайды. Біз ез азаматтарымыздың бүкіл ғұмырлары барысында дендері сау болуы үшін барған сайын күш жұмсай түсуіміз керек.

Дене тәрбиесінен арнаулы медициналық топтардағы оқытушылардың алдындағы негізгі тапсырма: жаттығушы ағзаны жеткілікті пайдалы дене қимылы жаттығуларымен қамтамасыз ету, денсаулықты қалпына келтіруге ат салысу және жетік маман иесі болумен қорытылады.

Тәлімгерде дене қимылы жаттығулары дәрісінің әдістемелік (маңыздылығы) ерекшелігі студенттер арасында жиі кездесетін ауру түрлерінде айқындала түседі.

Дене тәрбиесі оқытушыларына және де сонымен қатар студенттердің өз беттерінше жаттығулары үшін ұсынылады [1].

Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын бағытғы реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жуктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.

Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.

Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық ақталған уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады [2].

Педагогикалық ақталған уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.

Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.

Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық ақталған қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы  ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.

Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.

Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.

Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастик сабағынның негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.

Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді[ 3].

Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық ақталған қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.

Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.

Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектеулі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келеді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр соғу көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта аынқтауға тырысты. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуынын жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалтын цикддік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері.  П.ғ.д. дисс. Автореф. -М., 1974.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. Педагогака,  -Астана, 19987.  378 б.

3.Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан).  П.ғ.к.дисс. -М., 1968, 188 б.