Садыков Қ.И., Иманбетов А.Н., Мускунов Қ.С., Қайырбеков Е.Д.,

Сахабай Д.Д.

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

 

     

 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

 

  Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2050" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.

Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г.С.Акиева, Г.Д.Алимжанова, А.В.Ахаев, Е.Д.Даленов, А.С.Иманғалиев, Ж.О.Жилбаев, т.б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2,3,4,5].

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44,8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6].

 БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.

Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.

Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық- профилактикалық мәселеден санитарлық-гигиеналық, әлеуметтік- медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады.        Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.

Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз -  оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.

Оқу үдерісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.

  Әдебиеттерге шолу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы  жаңашылдықтар  оқушы денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамитын болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2050 стратегиясы. 2012.

2 Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников. -Алматы, 1997.

3 Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.- Алматы, 2001. -28с

4 Ахаев А.В. Управление здоровьесберегающим процессом.- Усть-Каменогорск, 2004. -70 с.

5 Даленов Е.Д. Хасин В.Б. О научном обосновании и технологическом обеспечении методик здоровьесбережения учащихся общеобразовательной школы // Здоровьеи болезнь-2007. -№4.

6 Аканов А.А. Формирование здорового образа жизни в Республике Казахстан // Валеология.Физвоспитание. Спорт. 2004. -№1 .