Мускунов Қ.С., Иманбетов А.Н., Садыков Қ.И.,

Шалдыбаев Д.З., Қонтай А.Б.

 

Қазақстан Республикасы Қарағанды қ.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

 

 

ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕК СПОРТ ТҮРІНДЕГІ КАРАТЭНІҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

Ел басының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының еліміздің рухани әлемін дамытудағы сүбегейлі үлесі мол дер едік. Себебі, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі-мәдениет пен спорт болады. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалармен, әлеуметтік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Осы арқылы, өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаларға танылады[1].

Сол секілді  шығыс жекпе-жек түрінің ішінде де, каратэ спорты дамып келе жатқан және бүкіл әлемде көптеген жолын ұстаушылары бар спорт түрі. Ол адам өмірінің барлық жақтарына әсер ететіндіктен, өте пайдалы. Шығыс жекпе-жегіндегі бұл спорт түрі, өнер ретінде және өмір стилі ретінде адамдармен жаттықтырылады. Шығыс жекпе-жегі   аяқ пен қол соққылары, секірулер, күшті өсіру, созылу, ұмтылу амалы мен босаңсулар біріктірілген. Шығыс жекпе-жегі   жаттығулары  икемділік, сымбаттылық, жинақылық, сенімділік, байсалдылық, шыдамдылықты және қорғану қабілетін арттырып – осы қасиеттер арқылы артық салмақты түсірумен және мазасыздыққа, тұрақтылықты, сенімділікті арттырумен қатар болады. Каратэмен   айналысушылар, жақсы сезініп, керемет дене бітімінде болып, тәртіпті уағыздайды және дененің сымбаттылығын танытады. Шығыс жекпе - жегінде   қабілеттеріңіз жоғары мәнге жетеді.

Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени - адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа ғасыр, жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып, ұлтымыздың төл мәдениеті, салтымыз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып өзіміздің үлкен спорттарда  дамып, жан-жақты өркендеуде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері ретінде азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруді» -  міндеттейді [2].

Ал,  бүгінгі таңда жеке тұлғаны  дамытуды жаңаша көзқараспен  қарап, оны әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие әдістері мен тәсілдерін ұштастырып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық пен инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, дарындылық, қайырымдылық, енбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді, сондай-ақ, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай алатын дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті дене күші - ақылына, ақылы дене күшіне сай азамат тәрбиелеу қажет.

Каратэ тарихының  тамыры жекпе-жек өнерінің жуйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің  жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сакталды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді ұзак, уакыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әpбip Tipi жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді Бодхидхарма Будда әpбip адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тужырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін - өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргенігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт кимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бipaқ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді

Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байкатты, содан кейін "ар хат қолдарының 18 қимылы" атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат - Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші мен рухын ұзақ діні лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы жолында сенімді корғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді [3].

Бодхидхарма бугінгі күнге жеткен әйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жуйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс қимылдарын осы ұрыс бағытына қойып байланыстырды. Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелген тәсілінің түрлері "Шаолинь кэмпосы" атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.  Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады. Шаруалар сотысы және азаматтық бүкіл кезінде Бодхидхарма оңтүстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше "Бес Баба" Фукиси провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Қытайдағы, Оңтустік Шаолиньге кетеді.

Осылайша "Шаолинь кэмпосы" ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады. 607 жылы Суй династиясы заманында Қытай Рюкю архипилагымен жақсы сауда қатынасын жасады. Архипелаг бірнеше ұсақ аралдар тобынан тұрады. Сакисима, Окинава, Токара және Амали аралдары. Аралдар       сызбасы.

Окинава – аралдардың ішінде қатты созылып жатқан, көлемі шамамен 1254 шаршы шақырым ең ipi арал. Орта астынан аралдың   ені   10-13 шақырым, ал ұзындығы шамамен 108-110 шақырым болады.

Көптеген  ipi  eлдi мекендер      аралдардан топталған. Бұл Наха, Сюри  және   Томари қалалары. Ең ipi порт - Наха қаласы. Ол аралдың елордасы болып табылады. Қытайдың жағалауына дейін арақашықтық тікелей 600 шақырымнан асады. Архипелагтың этникалық халқы жапондықтармен туыстас, бipaқ диалектілерде Рюку деп айтылады.

1372 жылы Окинава әміршісі Сацудо Мин династиясының императорлық ауласынан вассальды қатыстылықты мойындады. Екі ел арасында лауазымды тұлғалармен алмасу болды және 1392 жылы Окинавада тұрып жатқан Қытай отбасылары Кэмпо аралына әкелінді. 1429 жылы Окинаваның ұлығы Се Ха Си өзінің қол астында аралдарды біріктіріп және рудың барлық  турлерін ұстауға тиым салды, өйткені тұрғындарда карудың болуы ерте ме, кеш пе қарулы көтеріліске әкелуі мүмкін еді. Бұл жоғары атақтылар және әлеуметтік шенеуніктерге бола жасалды .

Халық шенеуніктер мен әскерлердің  озбырлығынан, сондай-ақ аралдың орманды тауларында жасырынған қарақшы тобынан қорғансыз болды. Бұл шаралар көптеген шаруалардың қарусыз күйде қоян-қолтық ұрыстан рухтың қатандығын күш-еркін, жаттығу бұлшықеттердің болаттығын қаруға қарсы қою мақсатында көмек іздеуіне алып келді

II-ші дүние жүзілік соғыстың алдында Жапондық каратэ-доның ipi төрт стилі болды: Годзю-рю, Сито-рю, Сетокан және Вадо-рю. Осылар көптеген баска стильдер мен мектептердің құралуы үшін негіз болды. ІІ дүниежүзілік соғыс Жапондық каратэге ескі мектептерді жаңаша модернизациялауга жетелей отырып, көптеген өзгерістер енгізілуіне себеп болды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Н.Ә. Назарбаевтың 2004-2006 жылдардағы «Мәдение мұра» мемлекеттік бағдарламасы  туралы  13.11.2004 жылғы   1277  жарлығы.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, Астана 2007.

3. Бенсон Х. Жақсы денсаулық туралы кітап. Нью–Йорк: Сайман Энд Шустер, 1993.