Асетова Ж.Б., Бейсембаева А.М., Медиева С.Х., Шаяхметова М.Н., Айдарбекова
К.А.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Педагогикалық қызмет мотиві
басымдығының құрылуы мен дамуы
Қазіргі үнемі құбылып тұратын дүниеде
бірінші орынға студенттің пәндік білімдері, білік,
дағдылары ғана емес, сонымен қатар қоғамдық
прогрессті қамтамасыз ететін белсенді іскер адамның жеке басы
қойылады.
Тек қана адамның жеке басы мен даралығы білім беру
үдерісінің нәтижесі болып табылады. Жеке бастың
тәрбиесі оның қажеттіліктері мен мотивтер
жүйесінің дамуына байланысты және оқу
мотивациясының сипаты мен жеке бастың ерекшеліктері білімнің
сапа көрсеткіштері болып саналады. Біздің зерттеулерді де студенттердің
табысты оқу мотивациясының факторы интеллект факторына қарағанда
күштірек болатыны тағайындалғанды.
Оқу мотивтерінің формалары әрқашанда оқытушы
назарында болуы тиіс; олар бойынша оқытушы студенттің
мотивациясының сипаты туралы алғашқы мәлімет алады.
Бірақ студенттің оқу мотивтерінің ішкі, мазмұнды
ерекшеліктеріне талдау жасалуы қажет. Студенттің оқу
іс-әрекеті және оның табыстылығы туралы айтпас
бұрын, жеке адамның интеллектуалдық деңгейіне
көңіл аудару қажет. Эксперименттік зерттеулерден (Т.Д.
Дубовицкая, В.И. Ковалев) мотивациялық және интеллектуалдық
факторлардың сәйкестігі мәселесіне көңіл аудару
қажеттігі шығады.
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына
мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа
жоспар құру қажеттілігі;
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік
мотивтердің қалыптасуы;
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген
қызығушылық;
- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз
қызығушылықтарының тұрақтылығы;
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен
мақсаттарды таңдауы;
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты
шешім қабылдауы;
- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін
бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің
қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну
үдерісі;
- студенттің өзін-өзі тану үдерісінің адекватты
болуы.
Студенттердің әлеуметтік және танымдық
мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным
қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби
қабілеттерінің ары қарайғы дамуының негізі екенін
көреміз.
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер
жаңа білімге деген қызығушылық, оны меңгеру
барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты
әрекеттерді жүзеге асырады. Оларда білімге деген
қызығушылық тереңдей түсіп, тек оқу
пәнінің ғана заңдылықтарын емес, сонымен
қатар ғылымның, кәсіби
құзыреттіліңтің негізіне бет бұрады.
Оқу-танымдық мотив – теориялық және
шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген
қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әдетте
ғылыми жұмыстарға қатыстыру, зерттеу
әдістерінің әр түрлерін қолдану
қызықтырады.
Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелігін
жоғарылату жолдары еліктетіндіктен, олардың ой еңбегін
рационалды ұйымдастыру және оның мәдениеті туралы
әдебиеттер қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында
процессуалды және нәтижелі оқу мотивациясының
бірлігінің пайда болуы туралы сөз қозғауға
болады.
Бұл кезеңде әлеуметтік мотивтер де бірнеше бағыттар
бойынша дамиды.
Айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынас
негізінде пайда болатын әлеуметтік мотивтер де өзгеріске
ұшырайды. Студент үшін өз қатарластарымен, оқытушылармен
жасаған қарым-қатынас өте маңызды рөл
атқарады. Бұл студенттердің оқытушымен іскерлік
әрекеттерін тығыздандыра түседі.
Басқа жас ерекшеліктері сияқты студенттік кезде де мотивацияны
тәрбиелеудің өз резервтері бар. Келесі кезектегі мотивтерді
тәрбиелеу қазіргі кездегі педагогикалық психологияның
көкейкесті мәселелері болып табылады:
- формасына қарамастан білімділікті жетілдіру (өзіндік дербес
жұмыстар, кәсіби іс-әрекет барысында өзін-өзі
тәрбиелеу, білім алу т.б.);
- құзыреттілікке жету – жеке тұлғаның жалпы
кәсіби қасиеттері мен кәсіби іс-әрекет
талаптарының сәйкес келуі;
- халық шаруашылығының еңбек ету және
әлеуметтік тәжірибеге белсенді түрде қатысу,
өзін-өзі белсенді өмір позициясына тәрбиелеу.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Божович Л.И. Проблема развития мотивационной сферы ребенка //
Изучение мотивации поведения детей и подростков. М., 1972. - С. 41-42.
2.
Конюхов
Н.И. Словарь-справочник по психологии. М, 2006. С.81.
3.
Платонов
К. К. Краткий словарь системы психологических понятий. М.: Высшая школа, 2001.
С. 71.
4.
Додонов
Б.И. Эмоции как ценность. М., 1998.
5.
Аминов
Н.А. Психологический профотбор на педагогические специальности. Ярославль,
2004. С. 14-15.
6.
Педагогика:
Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей / Под ред. П.И. Пидкасистого. М.: Педагогическое общество России, 1998. С.
25 – 76.
7.
Орлов
А.Б. Психология личности и сущности человека: парадигмы, проекции, практики.
М., 2005.- С. 142.
8.
Климов
Е.А. Как выбирать профессию. М.: Просвещение, 2003. С. 121-128.
9.
Кузьмина
Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного
обучения. М., 1990. - С. 28
10. Вершловский С.Г. Общее образование взрослых: стимулы
и мотивы. – М.: Педагогика, 2007. – 184 с.
11. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н., Педагогика. - М., 2002.
12.
Акпарова Ж.М. Педагогикалық
мамандыққа кіріспе. Оқу құралы –
Қарағанды «Болашақ – Баспа» РББ, 2009.