Ескужина Асель Зейнулловна, Шегебаева Асем Болатовна

Қазақстан, Петропавл қ. «Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК

 

Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытудағы ертегілердің рөлі

 

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.

Демек, жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер». Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.Ертегілер- халқымыздың тұрмыс- салтын, арман- үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі. Ертегілердің білім мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады. Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылық жасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие. Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл - ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді Ертегілердің балабақша тәрбиеленушілерімен өткізілетін       ҰОҚ-де қолданылады. Өз тәжірибемде мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні ең алдымен тыңдатамын, сонан соң тыңдаған ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап өткізіп, кейіпкерлерге сипаттама береміз. Жас .

Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн. Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезіміне баулуға тәрбиелейді.

Балабақша тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады. Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан –жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі- «ертегілердің» бала тәрбиесіндегі маңызды орынын көрсетуге болады.Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін байланыстырып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді.Бала ертегіні тыңдау аркылы, ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп , жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап табады. Ал келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?», «Менің сүйікті кейіпкерім» т.б. «Мүсіндеу» білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа кейіпкерлер, яғни, балалар өз қиялымен осы заманға сай кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы құс, өрмекші адам т.б. Сол сияқты ертегіні сахналау , кейіпкерлендіруді түрлі сәбилер тобында театр арқылы жүргізіп отырамын. «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен әтеш», «Маша мен аю» т .б. ертегілерін сахналағанда балалар кейіпкерлердің мінез - құлқын,іс – әрекетін жасауға тырысады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілетті дамып, өздеріне шығармашылық жол ашады.Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатуға да болады. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялының дамуына әсері мол.Суретті көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатуға болады. Мысалы: «Ертегіні баста», «Ертегіні аяқта» , «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар өткізілді. Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын, өз елін, Отанын қорғайтын азамат болып өседі.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.