Сарыбаева Ж.Қ.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, магистрант. Қазақстан Республикасы.

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУЛАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ ШАРТТАРЫ

Резюме

В статье рассматриваются выгодные условия использования мультимедийной технологий в исполнении самостоятельных работ

Summary

In the article, favorable conditions for using multimedia technologies in the performance of independent works

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 10 қаңтар 2018 жылы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап өтілген болатын [1]. Осы заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік меңгерген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады.

Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға  дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында: «...экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру...» және «...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қөабылетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп аталып көрсетілген [2.2 б].

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу [2.4 б].

            Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты, біздің Республикамыздың жалпы білім беру орындарының алдында студенттерді бәсекеге қабілеттендіру мақсатында оларды өздігінен ізденуде, мультимедиа технологияларын пайдалана білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Қазіргі кезде жоғары оқу орнының оқытушылары да бәсекеге қабілетті болуы қажет, сондықтан оған өзінің білімін үзіліссіз нығайтуы талап етеді. Инновациялық білім беру – тұлғаға бағытталу,  білім берудің негізділігі, шығармашылық, кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану деген түсініктердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны студенттердің қандай қасиеттерін, сапларын дамыту керек, қалайша өзін-өзіитәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау құзіреттілігін қалыптастыру тұлғаның нәтижеге жетуінің көрсеткіші.

          Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғары формасы бола отырып, оның субьекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталды. Осындй психологиялық детерминанттарға, ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады.

          Өзін-өзі жұмыс іс-әрекетінің ең жоғары формасы бола отырып, оның субьекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық детерминанттарға, ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады.

          Педагогикалық әдебиеттерді талдау өзіндік жұмыстың тиімді анықтамасын беруге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ бұл студенттің даралық оқу әрекетінің ерекше түрі мен өзіндік білім алуға дайындығы және оқу процесінің тиімділігін жоғарылату құралы болып табылады. «Өзіндік» сөзі тұлғаның қасиетін анықтайтын және тұлғаның жұмысты сапасымен сипатталынады. Өзіндік – бұл тұлғаның ақыл-ойының дамуы мен білім әлеуетін жүйелейтін көрсеткіш болып табылады [3.25 б].

          Өзіндік дегеніміз - жеке адамның бір қасиеті. Ол мынадай  екі фактормен сипатталады: біріншіден, жеке адамдағы бар білім, білік және дағды жиынтығымен, екіншіден, жеке адамның іс-әрекет процесіне, оның жүзеге асу шарты және нәтижелеріне тигізетін әсерімен, сонымен қатар іс-әрекет процесінде болатын басқа адамдармен байланысымен сипатталады. Бұл екі фактор бірімен-бірі өзара байланысты. Жеке адамның қасиеті ретінде өзіндікті қалыптастырудың шартын анықтау қарастырылып отырған мәселенің негізі болып табылады. Өзіндік – жеке адамның жалпы абстрактылы сипаты емес, ол – жеке адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысымен сәйкестендірілгіен сипаты емес, ол – жеке адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысымен сәйкестендірілген сипаты. Іс-әрекеттің бір саласында өзіндік көрсете алатын адам, басқаларында да өздігінен бола алмауы әбден мүмкін. Оқу – прцесінде өзіндікті қалыптастыру – оқыту ісіндегі ең негізгі міндетердің бірі. Олай болса, мұндай қалыптастырудың шартын талдау – педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Олай болса, мұндай қалыпастырудың шартын талдау – педагогика ғылымының міндеттерінің бірі [3.71 б].

             Өзіндік сөзінің сипаттамасы студенттердің оқу әрекеті мен танымдық процестердің белсенділік жағдайын көрсетеді. Өзіндік жұмыс студенттердің танымдық және іс-әрекетін жандандырудың қажетті жағдайы болып, адамды өмірге даярлаудың бір жолы ретінде қарастырылады.

     И.П. Подласыйдың пікірінше, логикалық ойлау арқылы оқу жүйесінде жетпей тұрған бөлімдерді орнына келтіре алатын біліи мен ойлау жүйелілігі білімділіктің басты өлшемі болып саналады. «Өзіндік» сөзі адам жұмысының ерекше сапасы мен белгілі жеке адамның қасиетін көрсетеді. Өзіндік дегеніміз –  адамның ой күшінің даму дәрежесінің көрсеткіштерінің бірі [4,117 б.]. Зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан қарастыратын болсақ, студенттердің лекцияда алған білімдерін тереңдетіп, әрі бекіту үшін өз ойларын жүйелеуге, жеке басының дамуына ықпал етеді деп санаймыз.

     Өзіндік жұмыс – студенттің дербестігі мен белсенділігін дамыту бағытында жүреді. Өздігінен білім алу жұмысының ойдағыдай табысты болуы үшін оның негізгі шарттарын көрсетіп берген еді. Олар:

-          Өз уақытыңды дұрыс бөлу керек;

-          Жұмыс істеу үшін өзіңе неғұрлым жақсы жағдай туғызу керек;

-          Кітаппен жұмыс істеуге тиісінше дағдыланып алу керек;

-          Дайындауға керекті материалдар дұрыс іріктеп алу керек;

-          Бірлесіп істелінетін жұмыс түрлерін күш пен уақытты үнемдеу тұрғысынан қарап белгілеу керек;

-          Қарамағына өажеттң көмекші құралдар мен нұсқаулар бол керек [5, 167 б.].

Типтік жүктеме бойынша оқу материялдарын меңгеру, арнайы тапсыраларды орындау мақсатындағы өзіндік жұмыстар және де рефераттар жазу, ғылыми зерттеу жұмыстары ( студенттердің ғылыми қоғамы).

Аудиториядан тыс орындалатын практикалық өзіндік жұмыстар: оқу залында, компьютер сыныптарында, интернетпен жұмыс, үйде оқу құралдары, оқулықтар дәріс конспектілері, ғылыми монографиялар және мерзімді әдебиеттермен жұмыс. Дербестікке жеке тұлғалық сапа ретінде дидактикалық тұрғыдан қараған жөн.

Студенттің өзіндік жұмысының негізгі мақсаты: оқу үрдісінде студенттердің дербес білім алуға деген қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту. Өзіндік еңбек студенттердің шығармашылық дамуына және өзіндік пікірі мен сенімдерінің қалыптасуына ықпал етеді, оларды жинақтылық пен тәртіптілік, белсенділік пен ынталылық сияқты қасиеттер дамиды.

Жоғары оқу орындарында оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес өзіндік жұмыстың кестесі жасалады. Кестеге қарап студенттер өздерінің уақыттарын тиімді пайдалануға тырысады. Студенттің өзіндік жұмысын оқытушы жүйелі түрде бақылап, кемшіліктерін талдап ортаға салып отырады  

          Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың маңызды формасы болып отыр. Оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауда мультимедиалық технологияларды пайдалануда іс-әрекетіне негіз болатын медиабілім мен біліктілік, ақпараттық сауаттылық пен құзіреттілікті өздігінен дамыта алатындай динамикалық жүйе қалыптастыруға болады. Студенттің өзіндік жұмсында мультимедиа технологияларын пайдалану ақпараттық дерек көздерін алуға, оларды шығармашылықпен қолдана білуге ықпал жасайды. Қазіргі кезде жоғары білімберу жүйесі оқытудың теориясы мен технологиясының педагогикалық шарттарын айқындауды қажет етеді. Бұл әсіресе, өзіндік жұмыс барысында анық байқалады. Студенттердің өзіндік жұмысты орындауы мен мақсатқа жетудің яғни нәтижелі танымдық қызметтің субьектісі болуы тиіс.

       Қорыта келе айтарымыз, студенттердің өзіндік жұмысында мультимедиа технологияларын пайдалану   проблемалары арнайы дербес зерттеуді қажет етеді деп санаймыз.

                                            Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы.- www.e.gov.kz сайты.

2.      Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2011. -28 бет.

3.       Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. –Түркістан, 2006.-170 б. 

      4. Подласый И.П. Педагогика. – М., 2006. – 436 с.

5. Федоров А.В. Медиаобразование будущих педагогов. – Таганрог: Издово Кучма, 2005. – 314 с.