Жақсылықова Н., Нұртазаева А.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

 

Қазіргі таңдағы қоғамымыздың барлық салаларында болып жатқан түбегейлі өзгерістер, соның ішінде колледж педагогтарының педагогикалық қызметіне қойылатын талаптар мен өзіндік құзыреттілігі қарқынды дамып келе жатқаны кәсіптік білім беру саласының өзегі болып табылады.

Биылғы «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы елдегі сая­си жүйені жетілдіруге, адами капиталдың сапасын жоғарылатуға, отандық IT-саланы дамытуға, жаһандық экономикаға бәсекелестікті арттыруға, жаңа индустрияларды одан әрі ілгерілетуге қойылған талаптары кәсіптік оқыту педагогтарының болашағына негіз болып отыр.

«Ең алдымен, білім беру жү­йесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біз­дің міндетіміз – білім беру­ді экономикалық өсудің жаңа мо­делінің орталық буыны­на ай­нал­дыру», деп Елбасы Н. Назарбаев атап өткендей, келешек ұрпақтың алдында тұрған келелі міндеттер­ді тиянақты орындау үшін оларды ең бірінші сапалы білімі және іскерлік білігімен қаруландыруымыз керек. Адами капитал сапасының басты көрсеткіші ұстаз бен болашақ ұрпақтың білім деңгейінен анық байқалады.

Педагогтың педагогикалық қызметі негізінде құзыреттілігін арттыру – ол колледж педагогтерінің барлық уақытта техникалық шығармашылығымен тиімді жұмыс жасай отырып, техникалық ойлау қабілеті мен қажеттілігін талап етеді. Ол оқу мен өндірістік оқыту процесі барысында колледж педагогтерінің кәсіби даму бағытын кеңейту мақсатында атқарылатын және жоспарланған жұмыс мазмұндары педагог пен білім алушының мамандығын, кәсібін, өндірістік тәжірибесін игеруімен бірге құзыреттілігін де ашу мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.

Бүгінгі кәсіптік білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік ұғымы  қолданылып жүр. «Құзырлық» сөзі туралы Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр - қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нəрсені жасау» деп берілген. Ал латын тілінен «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тəжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Құзырлылықты меңгерген колледж педагогы өз ісіне сəйкес білім мен біліктілікпен қарулана отырып,  кәсіби іс-әрекетіне толық ой-тұжырым жасайтын жəне тиімді əрекет ете алатын маман болуы керек.

Қоғамда болып жатқан нарықтық өзгерістер, Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылысы елімізде кәсіптік білім беру жүйесіне өзіндік əсерін тигізуде. Ең біріншісі оның алдына қойылатын мақсатының өзгеруі, оның салдары ретінде білім беру мазмұнын жəне сапасын өлшеу құралдарын жаңарту мəселелері шығады. Қазіргі уақытта іс- əрекет субъектісі ретінде педагогқа, оның кəсіби қасиеттері мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар өзгерді. Бұл талаптарға жауап беретін колледж педагогын даярлау, ең алдымен, оның құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты болады.

Қазіргі колледж педагогының құзырлығы жоғары, əлеуметтік ортада жетілген, кәсіптік, практикалық (өндірістік) əдіс-тəсілдерді меңгерген, креативті, өзін-өзі кəсіби жетілдіруге ұмтылған маман болуы шарт. Әсіресе колледж педагогы құзыреттілігімен қоса өз кәсібі мен мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен орын алады.

Колледж педагогтарының педагогикалық қызметтері көбінде оның кəсіби шеберлігі мен іскерлінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, колледж студенттерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты болып келеді. Педагогикалық қызметінің негінде дамуының жоғары деңгейі ол өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қоюы жəне студенттерге өз қабілетімен кәсіби іскерлік бағыттарын ұштастыру. Колледж педагогыының іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың (кәсіп иелерінің) кəсіби білімін теориялық жəне өндірістік бағытын жетілдіру болып табылады.

Колледж педагогтарының беделі мен мәр­те­бесі, олардың әлеу­мет­тік-экономикалық әл-ауқа­ты қазіргі деңгейден де жақ­сара түсетін болса, адам капита­лыны­ң сапасы да жоғары нәтиже­лерден көрінері сөзсіз. Осы орайда қоғамымызда колледждегі кәсіптік оқыту педагогтарына артылатын жүк те, сенім де салмақты болмақ.

Колледж педагогының мәртебесі – оның білім сапасымен бірге кәсіп иесін қоғамға дайындаудан көрінеді. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу керек. Бұл болашақ кәсіп иелерінің мерейінің биік­теуіне, саналы тәрбие алуына, елдің патриоты болуына тікелей оң ықпалын тигізеді. Елдің түрлі саласын жоғары деңгейге көтеру үшін кез келген адам өзінің жұмыс орнында, отбасында оған атсалысуы керек.

Қорыта айтқанда, колледж педагогының педагогикалық қызметіне байланысты, қандай да бір кәсіби білім, білік пен іскерліктерді, дағдыларды игерген, кəсіби міндеттерін жаңаша мүмкіндіктерімен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады, сондай-ақ бұл педагог құзыреттілігінен шешіледі.

 

Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері - адами капитал сапасын жақсарту, №7, 11 қаңтар, 2018ж.

2. 5В01200 – «Кəсіптік оқыту» мамандығының ҚР МЖМББС. - Астана, 2010. - 36 б.

3. Зеер Э.Ф. Профессиональное становление личности инженера-педагога. Свердловск: Изд-во Уральск. ун-та,- 120 с.