Педагогика / 4. Современные методы преподавания
Атабаева А. К.
Ы. Алтынсарин атындағы № 49
мектеп - гимназиясы
Тараз қаласы,
Қазақстан
ТҰЛҒАНЫҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі заманғы қоғамның даму жағдайы
әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен жастық
мүмкініктерін максималды түрде ескеруге білім беруді
бағыттау, сондай-ақ оқушының мүмкіндіктерін,
білімге деген сұранысы мен мүддесін дамыту мақсатымен
тұлғаның өзін-өзі дамытуы, мекемедегі білім беру
үрдісін ұйымдастыруға қойылған талаптарын орындай
отырып, білім беруді түрлендіру қажеттілігін туындатып отыр. Білім
беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріндегі топтық
оқыту әдісі сәтті болды, алайда ол тұлғаларды
орташалауға әкелді, сонымен адамның шығармашық
әлеуетін төмендетіп, оның өзін-өзі дамыту
мүмкіндігін шегерді.
Адамның
тұлға ретінде өзін-өзі дамытуы тек қана
қоғамның игілікті дамуын бағалау көрсеткіші
ғана болып табылмайды, сонымен қоса, тұлғаны
қалыптастырушы институт яғни, өзінің бастапқы
негізінде тәрбие берумен айналысушы білім беру мекемесін бағалау
көрсеткіші болып табылады.
«Тәрбие беру»
және «өзін-өзі дамыту» мағыналарының түбірі
бір – яғни адамның мән мағынасын табу және
оның рухани жан-дүниесін «қоректену» арқылы адам
ретіндегі бейнесін қалыптастыру.
Сонымен қатар, тұлғадағы
мәселелерді шешуде кешенді тұрғыда негізделуші
өзін-өзі дамыту және тұлғалық дамуын
педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және
педагогикалық көмек беру мен қолдау көрсету
маңызды рөл атқарады. Өмірдің мағынасы – ол
адамның санасындағы субьективті ең маңызды
құндылық және оның
мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған
құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте
өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің,
құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға
сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі
және қарым-қатынастағы, сондай-ақ
қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы
сәттіліктер белгісі бойынша,
іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін
ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен
қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай
білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған
адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір
сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі -
өзін-өзі тану.
«Өзін-өзі»
тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып
табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып
қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын
кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды,
күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу,
қарым-қатынас жасауға бағытталған.
Психологиялық-педагогикалық және де методикалық зерттеу
жұмыстары қазіргі танда ең қажетті салалардың
бірі болып келеді, ол жұмыстар оқушының тұлға
ретінде қалыптасуына, оқушының аналитикалық
ой-өрісін дамытуға, берілген жұмыстың шешу стратегиясын
қалыптастыруын және оңай жолдарын табу үшін
бағытталған.
Р. С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде
қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап
көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б.
баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол
берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр
өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз
iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра
бағалауы.
3. Өзiн-өзi
тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк
жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге
асыруға жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда
өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiліктi дәрежеде зерттелiнбеген.
Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн,
мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi
қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi.
Өзiн-өзi
дамытудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда,
психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi
дамыту – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi
қабылдау құралы.
- өзiн-өзi
дамыту - тұлғаның психикалық және
психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi
дамыту - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр
жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер
өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып
отырады.
Өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi
меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда
тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi
жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн
түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi
және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi –
кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету
үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың
қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз
мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам
өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi -
өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам
күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм
мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын
қанағаттандыру.
Сыртқы
дүние арқылы өзiн-өзi тану -
қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз
қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және
қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы
өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы
сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн
қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Азаров Ю. П. Студент: возможности
личностного роста Текст. / Ю. П. Азаров // Высшее образование в России. 2002. -
№ 1. - 50-57 с.
2. Немов. Р. С. Практическая психология. / Р. С. Немов. Познай себя, - М., 1999. - 378 с.
3. Маралов В. Г. Основы самопознания и саморазвития. /
В. Г. Маралов - М.: Издательский центр
«Академия», 2002. – 256 с.