Режиссердің бойында
болуға тиісті кейбір қасиет.
Кубеков Талғат Нұсқабекұлы
Алимкулова Жансая Қайсарбекқызы
Т.Қ.Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық
өнер акдемиясы
«Ғылым мен
өнердің шыңына шығам деп талпынбас бұрын,
әуелі әліппесін оқып үйреніңдер» - дейді И.Павлов
[1]. Біздің тілге тиек еткелі отырған мәселеміз – режиссура
мамандығы туралы болмақ. Ең әуелі режиссер дегеніміз
кім? Француз тілінен енген режиссер сөзі организатор яғни,
ұйымдастырушы деген мағына береді. Ұйымдастыра білу
ол-қабілет. Қабілет дегеніміздің өзі
іс-әрекеттің ойдағыдай көрінуі, адам баласының
жеке қасиеті. Қабілет жалпы арнаулы және тәжірибелік,
ұйымдастырғыштық, мұғалімдік болып бірнеше түрге
бөлінеді. Қабілетті дамытудағы ең басты
фактор-еңбек [1]. Ал еңбек ету дегеніміз бір пайыз талантты
тоқсан тоғыз пайыз еңбектің арқасында өсіру,
дамыту. Еңбек дегеніміз бойымыздағы күшімізді пайдалану. Айналамыздан
келетін әртүрлі ықпалдар мен керітартпаларға
төтеп беру керек. Еңбек еткеннің ғана жемісті болып
жүргенін талай көріп, біліп жүрміз де. Сондықтан да
дана халқымыз: еңбек- мұратқа жеткізер, еңбек –
оздырады, керісінше, жалқаулық
- аздырады, - дейді. Режиссердің қиялы басқаларға
қарағанда ауқымды болуы керек. Қиял дегеніміз не
екеніне аздап тоқтала кетейік. Сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан
жаңартып, өңдеп бейнелеуде көрінетін, тек адамға
ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда
болған кезде ми қабығында бұрын жасалған
уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түсіп,
жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады екен. Уақытша
байланыстарды қайта жасап, өңдеу процессінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады деседі [1]. Әр адамның
қиял ерекшелігі оның жеке қызығуларымен жеке
қасиеттеріне, алдыға қойған мақсатына байланысты
болып келеді. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас
және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.
Мысалы: көргені де, түйгені де көп, өмір
тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның
қиялымен енді ғана өмірге аяқ басайын деп
тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге
салуға болмайды. Ия режиссура да дәл солай. Көрген- білген,
оқыған –тоқығаныңыз мол болса көрерменге де
берер азық мол болмақ. Жалпы
режиссура өнері ересектік тәжірибелі болуды көздейді.
Өмірден түйгені көп болу режиссердің бақыты десе
болады. Режиссура ол бала кезеңнен басталады. Қонаққа
барасыз, көшеде, бақтың арасында қыдырасыз. Сол
шақтан ата-анаңызға сұрақты жаудыртудан бастау
алады. Бәрін білгіңіз кеп тұрады. Міне режиссура да тура
осындай әрқасысына сұрақ қойып, сөз
сөйлемнің бірін жібермей жіті бақылаушы. Нағыз режиссер
фальшке жол бермейді. Режиссер болу ең әуелі Құдайдан
берілер қабілет. Қабілет іс-әрекетіңді
шығармашылықпен орындау. К.С.Станиславский актер
шығармашылығын табиғаттың бір туар сирек туындысы
гауһар тасқа теңейді [1]. Ол алтыннан да ардақты,
ең аяулы, ең асыл, ең қымбатты, аса қасиетті,
табылуы қиын, көркіне құн жетпейтін бағалы тас
болса керек – деп тұжырым жасайды, белгілі режиссер, халық артисі,
профессор Маман Байсерке [1]. Актерлік өнер- ең бір қиын
өнер. Ол әрі суретші, ірі портрет материял. Музыкант жұмысы
тек белгілі аспаптармен болса, актерге барлық органдарын
творчестволық жұмысына икемді етіп ұстауы тиіс.
К.С.Станиславский : актер техникасын өсіру арқылы ғана бойындағы
талантын түгелдей ашуға мүмкіншілік туғызады-дейді [1].
Расында актердің талантты болуы шарт әрине, десекте актердің
өзіне біліне бермейтін қателіктерін және жарасымды
әрекеттерін ең бірінші болып режиссер байқайды. Көбіне
режиссердің айтуымен, бағыт бағдарымен, түзеуімен дайын
таза өнер көрерменге ұсынылады. Режиссерді сахна суреткері
дейді. Өйткені әр-бір сахналық туындының саяси-әлеуметтік,
көркемдік-идеялық, адамгершілік, тәрбиелік,
моральдік-эстетикалық, философиялық ой тұжырымын,
мән-мағынасын, кескін-келбетін анықтайтын адам-режиссер. Театр
саласында актер мен режиссерді бөліп жаруға болмайды. Бір
рөлді сомдау үшін актер мен режиссер бірге және бірдей
толғанады. Қиыны мен қызығын бір көреді. Содан
кейін ғана дайын дүниені көрермен қауымға паш
етеді. Театр-синтездік өнер. Ол сан қырлы, көптеген
мамандықтардың: актер, суретші, музыкант, композитор, декоратор,
бутафор, гример, кастюмер, драматург, вокал, сахна тілі, би, сахна
қозғалысы, хор яғни бәрінің бас қосып, бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шығару нәтижесінде
ортақ шешім шығарар жері. Осы мамандықтардың
ақылшысы, басшысы, анасы да әкесі де-режиссер. Режиссура – белгілі
бір көркем идеялық ойға құрылған
біртұтас ойын-сауық туындысын жасау өнері. Режиссер
өзінің ой-қиялымен пьессаны немесе сценарииді түсіндіре
отырып бүткіл ойын- сауыққа қатысушылардың
шығармашылық еңбегін эстетикалық тұрғыдан
біріктіреді [2]. Сөйтіп ол спектакльдің идеялық
мазмұны, оның жанры мен сыртқы пішінін ашады. Сахна
кеңістігін игеру жолдарын, ырғағын мизансценасын белгілеуші.
Режиссерлік өнердің қалыптасу кезеңі спектакльге
қатысушылардың күш-жігерін бір мақсатқа
жұмылдыру, кейіпкерлер өмір сүрген орта мен тарихи
жағдайды мүмкіншілігінше дәл, шынайы бейнелеу. Көпшілік
көріністерді динамикалық әрі табиғи тұрғыда
көрсету. Режиссура бұл авторлық өнер. Бұлай
дейтінім режиссердің шығармашыл еңбегінің
арқасында, драматург жазған жансыз дүниеге жан бітеді. Актер
мен көрерменнің арасында байланыс пайда болады.
Шығарманың логикасын суреткерлік шеберлігімен жеткізу,
көркемдеу режиссер атқарар жұмыс. Қарапайым әрі
баршаға түсінікті аса шеберлікпен жасалған жұмыс
қашанда көрерменін разы қылары сөзсіз. Жасаған
жұмысты қарапайым етем деп, қарабайыр етіп жіберуге
тағы болмайды. Әр кезде көрермен талғамы мен
ой-өрісі әртүрлі келеді. Сондықтан қарапайым
сөзін өзінің стилдік қарапайымдылығы деп
түсінген жөн. Өнер десе ең бірінші көз
алдымызға домбырада ән салу, яғни терме толғаулар
келеді. Кез-келген жасөспірім, өнерлі жасбуын өнерге ән
айтамыз деп келеді. Неге? Өйткені ән салу өнері бізден
әлде қайда ілгері кеткен. Мұнымен театр өнері мүлде
қалып қойды дегенім емес, домбыра секілді қазақи
өнердің аздығы дер ем. Шыны керек театр өнеріне келмей
тұрып: театр десе Ромео Джулиетта қойылады деп түсіндік.
Көбінесе шетелдік шығармаларды сахналау жатталып жадымызға
сіңіп қалған. Қанымыз қазақ, ата-баба
салт-дәстүріміз болғаннан кейін, өзіміздің ата
тарихымызды көбірек дәріптегенді жөн санаймын. Шетелдің
шығармасына қарсылығым жоқ, тек қазақ
шығармаларының басым болғаны жаныңа сенімділік,
жігеріңе күш қосады. Режиссер Маман Байсеркеұлы:
Өнер туралы сөз қозғап, қалам тербетсең
әрі қарапайым, әрі түсінікті болуға тиіс дейді [2].
Өзің түсінбейтін кейбір басқа елдің
шығармасын өзгеге түсіндірем деу қателік болмақ.
Сахналайтын дүниесін ең бірінші қоюшы режиссер жетік
меңгерген дұрыс, яғни оған өзіндік зейіні
көмектеспек. Өмір зейінінің ерікті, еріксіз түрі бола
береді. Ал сахнада тек саналы түрде, бір нәрсені білуге
мақсат, міндет еткен ерікті зейін ғана болуы тиісті. Сахнада жат
нәрсе болмайды. Себебі сахналайтын көріністі тарихтан,
өмірден аламыз. Тіршілігіңде қалай жүргің келсе
солай жүруің мүмкін, ал сахнада көркем бейнені сомдау
шарт. Сахна әсемдікті,
сұлулықты талап етеді. Сұлу өнер тудыру үшін:
білікті, білімді, парасатты ойға жүйрік, сөз астарын
ұғынарлықтай қабілет керек. Бір ғана театр
саласын біліп қана қоймай, сонымен қатар тарихшы,
әдебиетші, көп кітап оқып тіпті спорт саласын зерттеп
меңгеру де артықтық етпейді. Жан-жақтылық адам
баласын өсірмесе өшірмейді. Көп білу және білгенін
артында өскен ұрпаққа қалдыра білу ол
ұлылық, адами қасиеттің жоғарылығы.
Өнерді дер кезінде пайдалану керек. Өнерде ертең жасаймын деу
болмау керек. Маман Байсеркеұлы
өз еңбегінде: «Театр пластикалық өнер, жалт етіп тез тұтанып,
жалп етіп тез сөнетін қас-қағым сәттік
құйын өнер» [2] Ия, өнер- өмірдің
өзі. Өнер-жарыс. Өнер-озғандікі. Озу үшін
өзіңе әрқашан қатаң талап қойып,
өзінің шеберлік деңгейіне сын көзбен қарай білу
қажет. Жауапкершілігі нық бекем болу. Жауапкершілік қашанда
қозғаушы күш.
Өнерді мәдениеттің жоғарғы сатысы
санауымыз тегін емес. Өнерге құрмет- ол ұлт
қамын, болашақ ғұмырын, өскелең
ұрпағын ойлайтын әрбір азаматтың борышы. Жастарға
тәләм-тәрбие беру жөнінде өнердің
атқарар қызметі орасан. Жігітке жеті өнер аз, жетпіс
өнер көптік етпейді,- дейді дана халық. Біздің ата
тарихымыз сонау том-том дастандардан басталарын ұғынған
жөн. Қобыландыны қойып батыр ұл, Қызжібекті
қойып өнегелі қыз тәрбиелейтін орын киелі театр
сахнасы.Киелі санап жүрген сахнамызда таза өнерді тудырушы,
еңбек ете білетін, білімі ұшан теңіз талапшыл жандардың
жүргені абзал. Қазіргі таңда режиссер сөзінің
ұйымдастырушы деген мағынасын біліп алып тек ұйымдастырып
қана жүрген жандар көпшілік. Ұйымдастыру бір
бөлек, суреткер санаткер болу ол басқа дүние.
Қойған шығармадан саясат, мәдениет, тәрбие,
таным, актуалды шешім және патриоттық сезімнің жалауы
желбіреп тұруы тиіс. Бұдан, режиссер арқалар жүктің
қаншалықты ауыр екендігін көруге болады.
Түйін: Мақалада- өнердің ең бір ауыр
түрі режиссура мамандығы хақында айтылады. Режиссер дегеніміз
кім?, оның атқарар жұмысы және мойнына артылған
жүк қандай?, деген сұрақтарға жауап іздейміз. Сол
сияқты, режиссердің бойында болуға тиісті қасиеттер мен
ерекшеліктері жайлы айтылады.
Резюме: В этой статье- будет говорится об одном из не менее
тяжелых профессий в искусстве «Режиссура».
Кто такой режиссер? Какое он имеет значение? За что он в ответе? Какими
качествами должен обладать режиссер- вот о чем пойдет речь.
Abstract: In this article- will be told
about one of the no less serious professions in the art of «Directing». Who is
the director? What does it matter? What is he responsible for? What qualities a director should have is what
will be discussed.
Кілт сөздер: Режиссер,
қабілет, еңбек, қиял, сапа.
Ключевые слова: Режиссер,
способность, труд, воображение, качество.
Key words: Director, ability, labor, imagination, quality.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. М.Байсеркенов
«Сахна және актер»
Алматы «Ана тілі» 1993ж. (Станиславский жүйесі әм оның тезистері мен негізгі
заңдылықтары.)
2. «Мастерство
режиссера» (Зборник научных трудов) Москва 1982г