Сыбанбаев Қ.У.
философия ғылымдарының кандидаты, доцент
АО Университет Нархоз
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
АДАМ МӘСЕЛЕСІ
Адам мәселесі
философияның пайда болуынан бастап-ақ алғашқы
қойылған мәселелердің бірі. Содан бері адам мәселесі философия
тарихында ешқашанда назардан
тысқары қалған
қалған емес. ХV ғасырда Батыс Европа елдерінің
әлеуметтік,
экономикалық
және рухани өмірінде бірқатар өзгерістер бола бастады. Осы өзгерістер адамдардың ақыл - ойына, рухани өміріне де
елеулі әсер етті. Қоғамның барлық әлеуметтік мәдени
өмірінде діннің, церквидің ықпалынан босану
процесі жүріп жатты.
Сондай-ақ, ғылым,
өнер, философия да бірте -
бірте діннің шырмауынан арыла
бастады. Бұл жаңа
дәуір өткен антика мәдениетін, өмір
бейнесін, ойлау тәсілін қайта
жаңғырту деп қарастырылды. Қайта Өрлеу дәуірі
дүниетанымының ең маңызды
белгісі оның өнерге, мәдениетке қарай бет бұруы. Басты
назар адамға қарай
ауысты. Бұл дәуірде
индивид, яғни, жеке
адам үлкен өзіндік еркіндікке ие болды. Ол белгілі бір топтың немесе
одақтың атынан емес,
өз атынан көріне алады.
Осыдан адамның өзіндік санасы қалыптасып, ол өзіне сеніп, өзінің
қабілетін, күшін мақтаныш етеді. Өзіндік «Мен»
адамның негізгі сипаты бола
бастады. Орта ғасырда адам
өнер, ғылым иесі болып қоғамға жаңалық әкелсе де, олар өздерін сол
қоғамға, қалыптасқан салт-санаға бағыныштымыз деп есептеді.
Ал, Қайта Өрлеу
дәуірінде болса, өнер
иелері барлық істеген еңбек нәтижесіне өздері ие болды. Адамға еркіндік,
өзіндік шығармашылық белсенділік берілді. Сондықтан да,
Қайта Өрлеу дәуірі дүниеге бір қатар танымал, жан-жақты
білімді, ғұлама тұлғаларды әкелді.
Бұған сол кездегі қоғам үлкен жағдай
жасады. Мәселен, бір ғана
Италияның өзінде сол дәуірде бірнеше ғұламалар:
Рафаэль, Тициан, Микеланджело, Леонардо
да Винчи т.б. дүниеге келді. Адам бір маман иесі ғана
емес, жан-жақты болды. Жан- жақты
білімділік Қайта
Өрлеу дәуірі адамының идеалы болды. Мысалы, гуманист
Альбертидің айналысқан
саласы: архитектура, живопись, математика, механика, философия, эстетика т.б. ХV ғасырдың аса ірі гуманисті
Пико делла Мирандола (1463-1494) адам
шоқтығы туралы сөзінде
былай дейді: «Адамды жаратып,
оны дүниенің ортасына
қойып, Құдай оған
айтады: - Ей, адам мен
саған белгілі орын, өзіндік сипат, бет- перде,
міндет те бермеймін.
Дүниедегі орныңды,
бет- пердеңді сен өз
қалауыңмен, өз еркіңмен жаса. Басқа жаратылғандар белгілі бір мүмкіндіктермен шектелген. Ал, сенде
ешқандай шектеулер жоқ,
сондықтан өз бейнеңді өзің анықтайсын»[1]. Мұндай көзқарас антика дәуіріндегі адамды
қарастырудан өзгеше. Онда
адам табиғат жемісі,
адамның мүмкіндігі, дамуы
оның табиғатымен анықталатын. Бейнелеп
айтқанда, антика заманы философиясында адам табиғаттың иесі, оны игеруші емес, керісенше, табиғат -
адамның тәңірі, иесі. Сонымен, гуманист Пико делла
Мирандола адам туралы
ілімі бойынша, құдай адамға
еркіндік, ерік берді,
адам өз тағдырын өзі шешіп, дүниедегі өз орнын, өз
бейнесін анықтауы керек. Қайта Өрлеу философиясында адам тек
табиғаттың
өмір сүрушісі ғана
емес, сондай - ақ, ол
өзін - өзі жасаушы. Осы қасиетімен ол табиғаттағы
басқа өмір
сүрушілерден
ерекшеленеді. Адам табиғаттан жоғары тұрады және оны өзіне бағындырады.
Қайта
Өрлеу философиясында адам іс-
әрекеті
шығармашылық іс-
әрекетке айналды. Оның
көмегімен адам өзінің күнделікті
қажеттіліктерін
қанағаттандырып қана қоймай, жаңа
дүние, жаңа
құндылықтар
жасай бастады. Сондай-ақ, ең жоғарғы құндылық - адам
өзін-өзі жасап, қалыптастырады. Адам
шығармашылық
үрдісінде
өзін-өзі жетілдіріп, тұлға ретінде
дамиды. Шығармашылық
іс-әрекеттің басты ерекшелігі сыртқы
дүниені өзгерте
отырып, адамды өзіндік
дамуға бағыттайды. Бұл
дәуірде ғылым мен көркем өнер адамының іс
әрекетінде айырмашылық
жойыла бастады. Инженер де, суретші де, ғалым да - шығармашылық
адамы. Олар табиғат заттары мен құбылыстарын, оның
заңдылықтарын тануға ұмтылады. Жасайтын жаңа
заттың табиғатпен үйлесімділігін қарастырады. Сонымен қатар,
антропоцентризмге байланысты
әдемілікті асыра бағалау кең сипат ала бастады.
Қыл қалам шеберлері адамның бет әлпетін, ғажайып
денесін бейнелеп, өнерде үлкен баға жетпес
құндылықтар жасады.[2]
Қайта
Өрлеу дәуірінде өнер
мен ғылымның бірнеше саласын бір басына жинаған
көптеген ойшылдар болды. Солардың бірі италяндық Леонарда
да Винчи (1452-1519) ұлы суретші, ойшыл, табиғат зерттеуші
ғалым, өнертапқыш. Философиялық ойлары өз
заманынан озық болды. Ол схоластикалық философияны сынға алып, таным
процесіндегі тәжрибенің
рөліне аса мән беріп, тәжрибеге, адам ақыл - ой күшіне
сенуге шақырды. Адам табиғатпен тығыз байланыста
болып, ол табиғаттың қарапайым заттарынан күрделі заттар жасайды. Леонарда да Винчи өнерді шындықты танып білудің ерекше
құралы деп біліп, өнерді
ерекше бағалаған. Әсіресе, сурет өнерін жоғары қойған. Тән мен жан
сұлулығы ұлы суретшінің шығармаларында
бейнеленіп, әлі күнге дейін құнды, баға жетпес
дүниелер қалдырған.
Н.Макиавелли «Билеуші» атты еңбегін әлеуметтік қажеттіліктен
жазған. Мінсіз мемлекет теориясын
жалғастырмақ болды.
Адамдар табиғатынан қатыгез, алдауға бейім,
мансапқор болады. Сондықтан,
мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп
орнату үшін қажет. Адамдар қабылданған
ережелерге саналы түрде
бағынғанда ғана
қоғамда заңдылық орнайды. Көп нәрсе басшы,
билеушіге байланысты. Билеуші саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы керек. Барлық
ерік-жігері, күші мен құралдарын басты мақсатқа, күшті
мемлекет құруға жұмсауы қажет. Билеуші
мақсатқа жету үшін түрлі айла-тәсіл,
құралдарын пайдалануы тиіс.
Қорыта
айтқанда, Қайта Өрлеу дәуірінің ойшылдары адам мәселесіне келгенде, оның
ең басты ерекшелігі, қасиеті жаңаны жасай білуінде,
шығармашылық іс-әрекет арқылы сыртқы
дүниені өзгертіп, сонымен қатар, өзі-өзі дамытып,
қалыптастыратын тұлға екендігіне басты назар аударды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә.,
Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы,
2002.156 б.
2. Қараңыз: Қасабек А.
Тарихи философиялық таным. - Алматы, 2012. 258 б.