Ашық сот – уақыт талабы.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ
Бүгінгі таңда әлемдегі кез келген
мемлекеттің өсіп-өркіндеуі мен табысқа жетуі ең
алдымен мемлекеттік органдардың тиімді және сапалы жұмыс
істеуімен тығыз байланысты.
Сот
төрелігін атқарудағы тиімділік алдымен – уақыт талабы,
сот актілерінің сапасы, ең бастысы – сот билігіне деген
халықтың нақ сенімділігіне ие болады.
Қазақстанды
әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің
қатарына қосу мақсатында реформалар мен алға
қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел
Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді. Елбасы басты
бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігін белгілеп, «100 нақты
қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесін жетілдіруге
бағытталған негізгі белгілерді белгілеп берді.
Бағдарламада арнайы сот құрылымына
бөлім арналып, оның мақсаттары нақты қадамдармен
көрсетілген. Ел егемендігін алған санаулы жылдар ішінде сот
саласында талай өзгерістер орын алып, бірқатар заңдар
қайта қабылданып, техникалық база нығайтылды.
Бүгінде сот жүйесі де жаһандану көшінен қалмай,
әлемдік талаптарға сай реформалануда.
Сот жүйесі бес сатылы сот
жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне ауысты. Қазір бірінші
сатылы сот жүйесі ретінде қылмыстық, азаматтық істерді
қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар,
мамандандырылған соттар, ал апелляциялық сатылы сот жүйесі
ретінде облыстық және оған теңестірілген соттар,
кассациялық сатыдағы сот жүйесі ретінде Жоғарғы
Сот танылды. Үш сатылы
сот жүйесі толығымен халықаралық стандарттарға
сай келеді, әрі сот процестерін жасанды созбалаңға
салуға мүмкіндікті азайтады.
Cудьяның тәуeлciздiгi: 1) coт төрeлiгiн жүзeгe
acырудың зaңдa көздeлгeн рәciмiмeн; 2) cудьяның
coт төрeлiгiн icкe acыру жөнiндeгi қызмeтiнe aрaлacқaны
үшiн, coндaй-aқ coтты жәнe cудьялaрды
cыйлaмaғaндық үшiн зaңдa жaуaптылық бeлгiлeумeн;
3) cудьяғa eшкiмнiң тиicпeуiмeн; 4) Кoнcтитуциядa жәнe ocы
Кoнcтитуциялық зaңдa бeлгiлeнгeн cудьяны қызмeткe caйлaу,
тaғaйындaу, cудьяның өкiлeттiгiн тoқтaту жәнe
тoқтaтa тұру тәртiбiмeн, cудьяның oрнынaн түcу
құқығымeн; 5) cудьялaрғa мeмлeкeт eceбiнeн
oлaрдың мәртeбeciнe cәйкec мaтeриaлдық жaғдaй
жacaу жәнe әлeумeттiк қaмcыздaндыру, coндaй-aқ oны
нaшaрлaтуғa тыйым caлу aрқылы қaмтaмacыз eтiлeдi. Cудьялaр,
oлaрдың oтбacы мүшeлeрi мeн мүлкi мeмлeкeттiң
қoрғaуындa бoлaды. Eгeр cудьядaн тиicтi өтiнiш түcce,
iшкi icтeр oргaндaры cудья мeн oның oтбacы мүшeлeрiнiң
қaуiпciздiгiн, oлaрғa тиeciлi мүлiктiң caқтaлуын
қaмтaмacыз eтугe уaқтылы жәнe түпкiлiктi шaрaлaр
қaбылдaуғa мiндeттi. Cудьяғa жәнe oның
мүлкiнe кәciптiк қызмeтiнe бaйлaныcты кeлтiрiлгeн зиян
рecпубликaлық бюджeттiң қaрaжaты eceбiнeн өтeлeдi.
Cудьялaрғa eшкiмнiң тиicпeуi қaғидacы. Cудьяны,
қылмыc үcтiндe ұcтaлғaн нeмece aуыр қылмыc
жacaғaн жaғдaйлaрды қocпaғaндa,
тұтқынғa aлуғa, күштeп әкeлугe, oғaн
coт тәртiбiмeн бeлгiлeнeтiн әкiмшiлiк жaзaлaу шaрaлaрын
қoлдaнуғa, Жoғaры Coт Кeңeciнiң
қoрытындыcынa нeгiздeлгeн Қaзaқcтaн Рecпубликacы
Прeзидeнтiнiң кeлiciмiнciз, aл Кoнcтитуцияның 55-бaбының 3)
тaрмaқшacындa бeлгiлeнгeн жaғдaйдa, Қaзaқcтaн
Рecпубликacы Пaрлaмeнтi Ceнaтының кeлiciмiнciз oны қылмыcтық
жaуaпқa тaртуғa бoлмaйды. Cудьяғa тиicпeушiлiк oның
жeкe бacынa, мeншiгiнe, oл тұрaтын тұрғын үй жәнe
қызмeттiк үй-жaйлaрғa, oл пaйдaлaнaтын жeкe жәнe
қызмeттiк куәлiк құрaлдaрынa, oғaн тиeciлi
құжaттaрғa, бaгaжынa жәнe өзгe дe мүлiктeрiнe
тиicпeушiлiктi қaмтиды. Cудьяғa қaтыcты қылмыcтық
icтi Қaзaқcтaн Рecпубликacының Бac Прoкурoры ғaнa
қoзғaй aлaды. Cудьяғa қaтыcты aрнaйы жeдeл-iздecтiру
ic-шaрaлaры бас прoкурoрдың caнкцияcымeн ғaнa жүргiзiлуi
мүмкiн. Cудьяғa Қaзaқcтaн Рecпубликacының
Прeзидeнтi бeлгiлeгeн тәртiппeн куәлiк бeрiлeдi.
Қазақстан
Республикасының «Соттар және сот мәртебесі туралы»
конституциялық заңның 23-бaбынa cәйкec, Рecпубликa
Кoнcтитуцияcындa жәнe Кoнcтитуциялық зaңдa бeлгілeнгeн
тәртіппeн cудьяғa coт әділдігін жүзeгe acыру
жөніндe өкілeттіктeр бeрілeді, oл өз міндeттeрін
тұрaқты нeгіздe oрындaйды жәнe coт билігін жүргізуші
бoлып тaбылaды. Aл, ocы Кoнcтитуциялық зaңның cудьяның
тәуeлcіздігінe тікeлeй бaғыштaлғaн 25-бaбынa caй,
cудьяның тәуeлcіздігі Кoнcтитуциямeн жәнe зaңмeн
қoрғaлaды.
Дeмeк, cудья тәуeлcіз,
тeк қaнa зaңғa бaғынышты, мeмлeкeт aтынaн жeкe
өзі нeмece aлқa құрaмындa, прoцeccуaлдық
тәртіптe, құқықты қoлдaнып, қaжeтті
жaғдaйлaрдa зaңдa қaрacтырылғaн мeмлeкeттік
мәжбүрлeу шaрaлaрын пaйдaлaнып, coт іcтeрін қaрaп шeшeтін
биліктің өкілі.
Coт билігін aтқaрушы
cудьяғa қaтыcты бeрілгeн ocы aнықтaумeн тoлық кeліcугe
бoлaды. Cудьяның тәуeлcіздігінe кeлecідeгі aнықтaуды бeругe
бoлaды. Яғни, cудьяның тәуeлcіздігі дeп Кoнcтитуция мeн
зaңдaрдa бeкітілгeн, coт билігінің өкілі cудьяның,
биліктің бacты ныcaны – coт әділдігін іcкe acыруы үшін,
Кoнcтитуция мeн зaңдaрғa ғaнa бaғынышты бoлуын,
eшкімнeн жәнe бacқa қaндaй дa бoлмacын әceрлeрдeн
тәуeлcіз бoлуын бaяндaйтын құқықтық
нoрмaлaрды ecкeргeн жөн. Мұның өзі cудьяның
өзінe зaңмeн бeрілгeн өкілeттіктeрін жүзeгe acыруы
бaрыcындa қaндaй дa бoлмacын бacқa биліктeр мeн oлaрдың
лaуaзымды тұлғaлaрынa бaғынбaйтынын жәнe
жoғaрғы coт caтылaрынa eceп бeрмeйтінін білдірeді. Іcтeрді
қaрaу бaрыcындa cудья нeмece coт құрaмы тaрaптaрдың eшқaйcыcын
жaқтaмaй, тeк қaнa зaңды бacшылыққa aлып,
өзінің ішкі ceнімінe ceніп, қaрaлғaн
дәлeлдeмeлeрді тиіcті дeңгeйдe бaғaлaудың
нәтижecіндe зaңғa cәйкec шeшім қaбылдaуы
қaжeт. Aйтa кeтeрлік жaғдaй, coттaр Кoнcтитуцияғa қaйшы
eмec нoрмaтивтік-құқықтық aктілeрді ғaнa
қoлдaнуғa тиіcті.
Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасының барлық соттарында, оның
ішінде Қазақстан Республикасының әскери соттарына
«Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинет» сервисі,
«Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен
танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен
байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын
құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін
жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар
қызметке енгізілді. Сот ісін жүргізуді қысқарту
үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне
рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті»
жұмыс жасайды. «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды
тұлғалардың кез келгені сотқа келіп
әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта
үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде
электронды түрде арыздарды, талап арыздарды беруге, шағымдар мен
өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу
барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Сот
кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту
мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот
органдарымен берілетін сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот
кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы
әзірленді.
Сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Жоғары сотының және
республика соттарының интернет-ресурстарында «Сот актілерімен танысу»
және «Сот кабинеті» электрондық сервистік жүйелері енгізіліп
қызмет көрсетуде. Бұларды Қазақстан Республикасы
Жоғары сотының http://www.sud.kz ресми сайттары арқылы
пайдалануға болады.
Сот
төрелігінің ашықтығын және Ұлт жоспарында 20-шы
қадам - ол еліміздің сот жүйесін инновациялық
жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Яғни
республикамыздың барлық соттары заманауи аудио-бейне таспа
құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот
отырыстары аудио-бейне таспа құрылғылармен жабдықталған
сот залдарында өткізіледі. Бұл жүйенің негізгі
басымдылығы болып сот ісіне қатысушыларды, судьяны, мемлекеттік
айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды
тәртіпке шақыру танылады. Сот процесі барысында шешілмеген
және қанағаттанбаушылық туғызған даулы
мәселелер туындаған жағдайда, екі тараптың дұрыс,
не бұрыс жағына көз жеткізу үшін электрондық
жазбаға жүгіне алады, әрі судьялар мен басқа да адамдар
үшін қасақана жала жабу фактісіне белгілі бір кепіл бере
алады. Бір сөзбен айтсақ біздің соттар қоғаммен
өзара іс-қимылдың ашық формаларын енгізу арқылы
дамып келеді.
Сомен қатар, Қазақстан
Республикасының әр аумағының сотталушылары
қаладан ауданға жеткізілетін болса, қазіргі күні осы
байланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге,
сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіндік
бар. Соның арқасында барлық соттармен тікелей
байланысқа шығып, түрлі жиналыстар мен дөңгелек
үстелдерге, семинар сабақтар мен тренингтерге қатысып, сот
процестерін бақылау қазіргі таңда жүзеге асуда.
Елбасының «Қазақстан – 2050»
бағдарламасын орындау мақсатында дамыған 30 мемлекеттің
қатарына кіру үшін әлемдік стандарттарға сай болуымыз
керек. Соның алғышартының бірі – электронды басқару жүйесіне
көшу. Электронды басқару жүйесінің елімізде
қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт өтпесе де
өз жемісін беруде. Нәтижесінде қарапайым халық
уақыты мен қаражатын үнемдейді. ҚР Жоғарғы
соты төрағасының тапсырмасымен сот жүйесінде де бірнеше
электронды сервистер енгізіліп, құжат айналымдары электронды
түрде жүргізілуде. Барлық компьютерлер корпоративтік желіге
біріктірілген және сот органдарының бірыңғай
автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесіне
тіркелген. Электронды кезек алу, сот процесіне қатысушылардың ұялы
телефондарына смс-хабарлама жіберу, электронды пошта арқылы автоматты
хабарландыру жүйелері өз шешімін тапқан. Сот процесіне
қатысушы азамат өзінің ұялы телефонына немесе
электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама (SMS хабарлама)
арқылы өзіне тиісті процесс уақытын біле алады. Сонымен
қатар сот кеңселері қызметкерлері пошталық
хабарландырудан бас тартқан барлық электронды хабарламаларды
көріп отыруға мүмкіндік алып отыр. Бұрын хабарлама
пошта арқылы жолданатын болса, заман жетістігіне орай санаулы минуттар
ішінде кез келген процеске қатысушысын смс-хабарлама арқылы
шақыруға мүмкіндігіміз бар. Әрбір сот отырысы
дыбыс-бейне жазу арқылы жүргізіледі. Аудандық сотта
ақпараттық-анықтамалық киоск ашылған. Осы
арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін,
соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды
қабылдау, ашық есік күндерін көре алады,
төрағаларға блог арқылы сұрақтарын
қоя алады.
Ұлт жоспарының 17-қадамы аясында сапалы
судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілгендіктен,
елде судья лауазымына іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Енді
аудандық сот судьясы лауазымына 25 жастан асқан, жоғары
заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық
қасиеттерге ие және абырой-беделі мінсіз азаматтар ғана
алынады. Кандидат сот жүйесінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс немесе
кемінде 10 жыл заңгерлік салада қызмет атқаруы қажет.
Оған сот жүйесінде қызмет атқарған
кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, прокурорлар мен заңгерлер
де кіреді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының
келесі бағыты шеңберінде судьялардың жаңа
этикалық кодексі әзірленді. Бұл кодекс ағымдағы
жылдың қараша айында өтетін республика судьяларының VII
съезінде қабылданады деп күтілуде. Кодексте бекітілген тәртіп
пен қағидалар барлық әрекет етуші және отставкадағы
судьялар үшін міндетті болып табылады.
Сот төрелігін
кәсіби сауатты және мінсіз тәрбиелі заңгерлер
жүзеге асыруы қажет. Осы екі сапаның қалыптасуы
халық тарапынан судьяға білдіретін құрметтің
бірден-бір кепілі болмақ. Сот жүйесін реформалау мен сот органдарының
жұмысын насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан
шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз
құқықтары мен заңды мүдделерін сот
арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру.
Бүгінгі таңда
отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз
етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай,
қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Судьялар
30-дамыған елдің қатарына кіру мақсатында Елбасымен сот
жүйесінің алдына қойған тапсырмаларды орындауда
айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр.
Қазіргі таңдағы сот жүйесіндегі
жаңашылдықтың бірі – «Талдау» форумы электрондық
сервисі. Форум құқықтық қатынасты реттейтін
заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот
тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларынан және
тағы да басқа сот төрелігін атқару кезінде
қажетті ақпараттардан тұрады. «Талдау» форумы сот актілерін
жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге,
нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот
істерін қараудың бірыңғай тәжірибесін
қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін
қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот
тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді.
Қазіргі уақытта халықтың сот
жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында
бұқаралық ақпарат құралдарында
еліміздегі сот жүйесінің тыныс-тірлігі, көпшіліктің
қызығушылығын тудыратын қоғамдық резонансты
істердің сотта қаралу барысы жайлы жиі мақалалар жарияланып,
телеарналардан сұхбаттар беріліп, арнайы хабарлар әзірленеді. Сот
төрелігіне халықтың қол жетімділігін қамтамасыз
ету мақсатында ғаламтор жүйесінде әрбір соттың
арнайы сайты ашылып, онда сот өндірісіндегі істердің
қозғалысы жайлы мәліметтер, соттың атқарған
жұмысы жайлы хабарламалар жарияланып тұрады және бұл
сайттарға ғаламтор қызметін пайдаланушы әрбір азамат
қол жеткізіп, пайдалана алады. Сонымен қатар соттар
ғимараттарына сотқа келуші азаматтардың арыз-шағымдарын
қабылдау жәшіктері орналастырылып, соттың сенім телефоны
белгіленген.Облыстық сот төрағасымен бекітілген кесте
негізінде ай сайын аудандықжәне оған теңестірілген
соттарда «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп тұрады.
Бұл- шараның өткізілетіндігі жөнінде алдын-ала
баспасөз беттерінде хабарлама жарияланады. Аталған шараға
қатысқан азаматтар өзін толғандырып жүрген
сұрақтари бойынша судьялардың құқықтық
кеңесін алуға мүмкіндігі бар.Сот өндірісін жетілдіру
және жеңілдету мақсатында республика соттарында
«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау
жүйесі» бағдарламасы енгізіліп, өзінің оң
нәтижесін көрсетті. Аталған жүйеге еліміздің
әрбір азаматы еркін қол жеткізіп, өз ісінің
қозғалысын бақылау мүмкіндігіне ие болады.Сот
істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында
соттардың сот мәжілісі залдарына дыбыс-бейне жазбаларын
жүргізетін арнайы қондырғылар орнатылған. Бұл
өз кезегінде сот отырысына қатысушы жақтардың тарапынан
түсетін наразылықтар мен шағымдарды азайтуға,
тараптардың сот отырысы хаттамаларымен жедел танысуына жол ашады.
Республикамызда қолданысқа енгізілген «Электронды Үкімет»
қағидасы да соттар қызметінде кеңінен қолданылып,
соттарда ғаламтор жүйесі арқылы электронды талап арыздар
қабылдануда. Электронды талап арыз беру сотқа жүгінуші
азаматтардың уақытын үнемдеуге, олардың өз
ісінің қозғалысын электронды бақылау жүргізуіне,
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, соттың
әділ өтуіне мүмкіндік береді. Бұл атқарылып
жатырған шаралар Елбасы Жолдауында айтылған артық
бюрократиялық рәсімдерді азайтуға өзінің
үлкен септігін тигізуде. «Электронды үкімет» бағдарламасы сот
жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне алып
келетіні сөзсіз. Елбасымыз Жолдауында «Сот жүйесі іс жүзінде
ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық
дауды тез шеше алатындай болуы тиіс» деген болатын. Осы мақсатта
республика соттары азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерінің қорғалуына,
қоғамдық қатынастардан туындайтын даулардың дер
кезінде әрі заңдылық тұрғысынан шешілуіне
өз үлесін қосуда.
Еліміздің президенті бірнеше рет атап
өткендей қажеттігі туралы барынша ашықтығын
қамтамасыз ету және сот рәсімдерінің
ашықтығы. Қоғамдық пікірге қатысты сот жүйесін
байланысты хабардар болу деңгейін соттардың қызметі туралы.
Қоғам болуы тиіс және сену заңның үстемдігі
және сот төрелігінің салтанат. Судьялар
қауымдастығы жасауы тиіс сот мөлдір деңгейін
арттыруға, олардың қоғам алдындағы жауапкершілік.
Пікір соңында, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні ретінде, әрбір сотқа жүгінген
еліміздің азаматы, сот билігінен барынша заңдылықты,
әділеттілікті, дау-дамайды орынсыз созбалыққа салмай,
барынша қысқа уақытта, қара қылды қақ
жарғандай шешуді күтетіндігі сөзсіз.