Б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Игисинова Ж.Т.,

биология мамандығының 4-курс студенті  Ахмадиева К.Б.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан

Қазақстандық шылым туысының (Trapa L.) биологиясы

 

Шылым немесе су жаңғағы туысы (Trapa L.) халық арасында танымал өсімдіктерге жатады. Көптеген түрлері халық арасында ертеден белгілі, қазіргі уақытта ғалымдар 30–ға  жуық түрі бар деп есептейді. Шылым туысының Тынық мұхиты, Днепр, Волга бассейнінің европалық бөлігінде, Дон, Сура, Орал, Обь және Ертіс, Амур бассейнінде, Еуразия мен Африкада, Бұрынғы КСРО – ның Еуропа бөлігінде, Қиыр Шығыс, Сібір,  Кавказ,  Ресей,  Краснодар, Украина, Алтай аймағы, Қазақстан территоряларында табылған.

КСРО – да 27 түрі таралған болса, төрт түрі Қазақстан территориясында белгілі: 1) Зайсан шылымы немесе Зайсан төртбұрышы - Водяной орех зайсанский  (Trapa saissanica); 2) Қазақстан шылымы  - Водяной орех  казахстанский (Trapa Kazahstanica); 3)Орта шылым – Водяной орех средний    (Trapa media); 4)Сібір шылымы – Водяной орех сибирский (Trapa sibirica)

Солардың екі түрі Зайсан шылымы немесе Зайсан төртбұрышы - Водяной орех зайсанский  (Trapa saissanica) және Қазақстан шылымы  - Водяной орех  казахстанский (Trapa Kazahstanica) Шығыс Қазақстан территориясында  орналасқан Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлінде кездеседі (1 - сурет).

Су жаңғағы – біржылдық өсімдіктер. Су бетінде қалқып жүретін жапырақтарының пішіні қайың жапырақтарына өте ұқсас келеді. Ромб тәрізді, жиектері ара тісті, қалың қою жасыл. Бұл жапырақтар ұзын сағақтармен жалғасады. Бұл сағақтарының іші ауаға толы болады. Сағағы неғұрлым ұзын болса, жапырағы соғұрлым ересек болып келеді.

Өсімдіктің сабағында суға тереңдей еніп жататын  ұзын жіңішке тарамдар бар. Олар тамырға өте ұқсас болғанымен су асты фотосинтездеуші жіңішке жапырақшалары болып табылады. Олай болса, шылым туысында жапырақтың гетерофилия құбылысы анық байқалады, яғни су бетінде қалқып жүрген жапырақтарының жапырақ алақаны жалпақ ұзын сағақты болып келетін болса, су астындағы жапырақ алақаны бөлшектеніп, тарамдалып кеткен және қосымша тамырдың да қызметін атқарады. Пайда болған жіңішке су асты жапырақшалары тез тіршілігін жояды (1 – сурет).

 Жемісі пісіп, көлемі ұлғайып, массасы ауырлаған сайын, сағағының ауа толған бөлігі өсімдіктің су бетіндегі жапырақтарын ұстап тұру үшін соғұрлым ұлғая түседі. 

Жаздың басында өсімдік гүлдейді – су бетіндегі жапырақтарының қолтығынан кішкентай ақ гүлдері шығады. Гүл  төрт тостағанша, төрт күлте, төрт аталық және бір аналықтан тұрады.  Ашылмаған гүлшанағы күйінде су астында гүлдері жиі өздігінен тозаңданады. Су бетінде тозаңданған жағдайда гүлсидамы лезде гүлін су  түбіне жібереді.  Осыдан кейін біртұқымды, диаметрі 2 – 5 см жемісі жетіледі. Жемістің пішінін якорьға ұқсататын төрт мүйізі

1 – сурет. Trapa saissanica морфологиясы  1 – су бетіндегі жапырақ, 2 – жапырақ сағағы, 3 – сағақтың ауаға толы бөлігі, 4 – жаңа дамып келе жатқан жеміс, 5 – ірі  жеміс, 6 – сабақ, 7 –  су асты жапырағы

 

болады, мүйіздерінің үшкір ұштарынан өте мықты ілмекшелері жетіледі.  Осы ілмекшелерінің көмегімен жемісі  су түбіне бекінеді.

Күзде  жапырағы мен сабағы қурайды, жаңғақты жемісі су түбіне түсіп, тек келесі жылы ғана өніп шығады. Су жаңғағы күн көзі жақсы түсетін, ағысы баяу таза өзендер мен көлдерде, тоқтау сулар мен тоғандарда 50 – 100 м тереңдікте жақсы өседі. Күзге қарай су бетіндегі жапырақтарының барлығы өскен кезде су бетін толығымен жауып жатады.

Күзде су түбіне кеткен жаңғақтан көбейеді. Жаңғақтың таралуы әртүрлі жолдармен іске асады. Су ағынымен немесе су құстарының,  жан – жануардың, әсіресе жүні қалың ұзын су жануарлардың көмегімен таралуы мүмкін. Күзде су түбіне кеткен жаңғақтан көбейеді. Жаңғақтың таралуы әртүрлі жолдармен іске асады. Су ағынымен немесе су құстарының,  жан – жануардың, әсіресе жүні қалың ұзын су жануарлардың көмегімен таралуы мүмкін.

Ерте кезде су түбіне кеткен жемісін алу үшін адамдар сабалақ жүнді итті суға аранайы жүзгізген. Өсімдік арасымен өткен кезде ұшында ілгектері бар жемістері иттің сабалақ жүніне жабысып, итпен бірге судан шыққан. Піскен жаңғақтар, жеміс сидамынан ажырап, суқоймасының түбіне түседі және өніп су түбіндегі лайға бекінеді. Бұл жағдайдағы жаңғақтың қабығы өсімдікті бір орнында ұстап тұратын якорь қызметін атқарады. Бір қызығы су түбіндегі лай қабатында жаңғақтар өзінің өнгіштігін 50 жылға дейін сақтайды. Келесі жылы көктемде осы жаңғақтан тамыр шығып, өсімдіктік өне бастайды.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Прозорова Т.А., Черных И.Б. Кормовые растения Казахстана.  Павлодар. 2004 - 158 стр.

2. Иващенко А.А., Ковшарь В.А.  Маңызды биологиялық түрлер атласы.  Астана, 2006 – 43 бет

3. Флора  Казахстана. 6 том,  Алма – Ата, 1963., Изд-во АН, 1963. - 250 стр.

4. Ддух А.Я.  Водяний горх плаваючий - Trapa natans l. s.l. та необхдн заходи для його збереження в укран. //Бюллетень Никитского ботанического сада. 2011.  Вып. 100, С.  22 -26

5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.,  9 том., Алматы, 2007. – 599 бет

6.Красная книга СССР. 2 том.,  Москва., 1985.  - 384 стр.