Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение

Аға оқытушы Күзенбаева А.А

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІНЕ» АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ

 

Ақпараттық және компьютерлiк технологиялар әлемi, қазiргi кезде үлкен дамулы ұмтылыстың жолында. Өткен жылдардың компьютерлiк технологиясын осы уақытпен салыстырғанда, қазiргi компьютерлiк технология өзiнiң құз, шыңына жеттi.

        Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады. Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр бойынша іздуді орындайды. Сонымен қатар, мәліметтер қоймалары өте көп орын алмайды, мысалы, бірнеше мың жазулардан тұрытын мәліметтер қоймасы бір дискетаға сыйуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта көптеген тауарлық фирмалар және ұйымдар тауарларды сату және сатып алу есебін жүргізу үшін мәліметтер қоймасын қолданады. Бұл қолданушыға өте ыңғайлы, өйткені барлық әрекеттер автоматтандырылған.

Қарастырылатын жұмыстың мақсаты «Жылжымайтын мүлік агенттігі» бойынша реляционды деректер базасын өңдеу болып табылады.

Ұсынылып отырған бағдарлама өнімі Borland Delphi тілінде жазылған.

Деректер базасындағы басты файл Project.exe іске қосқаннан кейін, алғашқы форма ашылады. Бұл форма барлық бағдарламаның формаларын ашуға мүмкіндік береді. Осы форма арқылы бағдарламаның басты формасына енеміз, және ол форма арқылы толыққанды бағдарлама мен жұмыс жасай аламыз. Қажетті өзгерістердің барлығын да өзіміздің өзгертуімізге мүмкіндік туады.

 

Сурет 1  - Басты формасы

 

     Бұл формамен таныса кететін болсақ оның құрамына келесілерден тұрады:

-         Горизонтальды меню;

-         Сатып алу – сату кестесі;

-         Тапсыру – тапсырыстан алу кестесі;

-         Өзгерту батырмасы;

-         Жою батырмасы;

-         Қосу батырмасы;

-         Бағалау парағы батырмасы.

       Бағдарламадағы меню басты формада горизонтальді түрде орналасқан. Әр меню ішкі пунктермен қамтамасыз етілген.

Басты формадағы меню келесі топтарға бөлінеді:

-         Жылжымайтын мүлікті іздеу;

-         Жылжымайтын мүлікті есептеу;

-         Барлық кесте;

-         Көмек;

-         Бағдарламадан шығу.

Жылжымайтын мүлікті есептеу менюі келесі пунктерден тұрады:

-         Сатып алу;

-         Сату;

-         Тапсырысқа беру;

-         Тапсырыстан алу.

Бағдарламада кестелер басты формада берілген. Бұл кестелер бағдарламада жұмыс барысында қолданылатын мәліметтерді сақтау үшін және олармен жұмыс жасау үшін қолданылады.

Аталған кестелермен жұмыс жасау үшін немесе қажетті ақпаратты іздеу үшін арнайы формалар қарастырылған.    

Сондай –ақ бағдарламада арнайы батырмалар қолданылған. Олар: өзгерту батырмасы, жою батырмасы, қосу батырмасы, бағалау парағы батырмасы.

Қосымшаларды өңдеп шығу үшін Borland Delphi  интегралдық ортасы зерттемесін пайдаланылды. Бұл орта визуалды емес компьютердің және визуалды базалар арқасында бағдарламалық өнімдерді жылдам және сапалы өңдеп шығарады.

Өткен ғасырда адамзат нағыз ақпараттық жарылыстың куәгері  болды. Адамзат қабылдайтын ақпараттың саны әрбір жыл сайын екі есеге артып отырды. Егер бұрындары  негізінен тек мәтіндік және сандық берілгендер жүйелендірілсе, ал енді, әйтеуір адамзат қабылдай алатын барлық ақпараттар өңделіп, жүйелендіріле бастады.  Соңғы компьютерлік жетістіктер, коммуникация жабдықтарының дамуы осы келеңсіздіктерді шешуге көмектесті.

Осы бағдарламаны жазу қорытындысында жылжымайтын мүлік агенттігі үшін бағдарламалық кешен құрылады. Бағдарламалық өнімді еңдіруден кейін осы ортадағы кәсіпкердің еңбек өнімділігі ұлғаяды.

 

Әдебиеттер:

1.     Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 912 с.

2.     Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Бином-пресс», 2004. – 1152 с.

3.     Сухарев М.В. Основы Delphi. –  БХВ – Петербург, 2003. – 932 с.: ил.

4.     П.Дарахвелидзе, Е.Марков, О.Котенок Программирование в Delphi .-СПб.:БХВ – Санкт-Петербург, 2000.-784 с.