Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение

Аға оқытушы Күзенбаева А.А

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

 «КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРГЕ» АРНАЛҒАН

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ

 

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.

            Қазіргі уақытта көптеген тауарлық фирмалар және ұйымдар тауарларды сату және сатып алу есебін жүргізу үшін мәліметтер базасын қолданады. Бұл қолданушыға өте ыңғайлы, өйткені барлық әрекеттер автоматтандырылған. 

Берілген жұмыстың мақсаты «Коммуналдық төлемдерге» арналған деректер базасын жобалау болып табылады.

Бағдарламада келесі есептер шешулерін табуы қажет:

        1. Мәтіндік құжаттың чек түрінде баспаға шығуы;

 2. Мәліметтердің деректер базасының анықталған өрістері бойынша жылдам есептелуі.

Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі  ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi  программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылды.

Бағдарламаның басты формасы төмендегідей меню батырмаларымен жұмыс жасауды қамтыған: ДБ ашу, ДБ жазуларды ашу, ДБ ізденіс, Көмек, Шығу.

«ДБ ашу менюі» – бағдарламада қарастырылған деректер базасын ашуға мүмкіндік жасайды. Атап айтатын болсақ, электроэнергия, табиғи газ, телефон байланысы, суды жабдықтау, жылуды жабдықтау.

Сурет 1 – ДБ ашу менюінің формасы

 

Бұдан басқада менюлер өздерінің аттарына сәйкес қызметтерді жасайды. ДБ жазуларды жасау менюі базаға жаңа мәліметтерді енгізуге арналған. ДБ ізденіс менюі база бойынша қажетті ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Базаға ең алдымен жұмыс жасау үшін арнайы форма арқылы тіркелу қажет.

Деректер базасын қарастыру үшін біз алдымен «ДБ ашу менюінен» қажетті пункті таңдап алғаннан кейін тіркеу формасы арқылы өзіміз жайлы мәліметті еңгізіп содан кейін ғана деректер базасын ашып қарастыруға мүмкіндік аламыз.

Бұл формада абонентке байланысты қажетті ақпараттардың барлығы да кесте арқылы берілген. Аталған кесте келесі бағандардан тұрады: Жеке шоты, аты – жөні, мекен-жайы, айы және осы базаға байланысты қажетті барлық бағандар.             

Осы базалардағы ақпараттармен жұмыс жасау үшін арнайы қосымшалар қарастырылған. Олар: фильтрация, навигация, модификация, сервис, көмек және шығу. Осы батырмалар арқылы қажетті уақытта мәліметтерді өзгерте аламыз.

Чекті баспаға шығару – кестенің ағымдағы жазуы бойынша ақпаратты баспа бетіне шығаруға мүмкіндік туғызады.

 

Сурет 2 – Чекті баспаға шығару формасы

 

Егер де деректер базасына жаңа абонентті еңгізгіміз келсе, онда басты формадан   ДБ жазуларды жасау менюі арқылы қажетті пункті таңдап аламыз. Оның нәтижесінде жаңа абонентті енгізу формасы пайда болады.

Егер біз базаға жаңа абонентті қосып болсақ, осы базада тіркелген абоненттерді іздеу үшін  «Ізденіс менюін» қолдану ыңғайлы.

      

Сурет 3 – Ізденіс формасы

 

          Бағдарламаның жақсы жағы – оны қолдану өте оңай. Қолданушыға бұл бағдарламыны қолдану үшін арнайы дайындық керек емес. Бағдарламаның достық интерфейсі қолданушыны бұл бағдарламамен жұмыс істеу үшін бағыттайды.

 

Әдебиеттер:

1.     Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 912 с.

2.     Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Бином-пресс», 2004. – 1152 с.

3.     Чекалов А. Базы данных: от проектирования до разработки приложений. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2003. – 384 с.: ISBN 5-94157-283-2