УДК 371.73

Болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыру моделі

 

Данияров Талғат Абубакирович

п.ғ.к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті

Қарынбаев Талғат Сембекович

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ магистрі

 

Резюме

 

Бұл мақалада болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастырудың құрылымдық моделі туралы баяндалады.

 

Резюме

В статье рассматривается педагогических артистический мастерство и структура модельного развития.

Summary

In article skill and structure of modeling development is considered pedagogical artistic.

  

 

  Жоғары оқу орынында болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыру үдерісін модельдеу, эксперимент әдісін қолдануды қажет етеді. В.П.Беспалько, В.А.Штофф пікірінше, модельді құрастыру - арнайы аналогтарды жасау жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы жүйенің ұйымдастьтру және жұмьтс істеу принциптері көшіріледі [1,2].

«Модель» ұғымының мәнін анықтауда М.К.Мамардашвили «эмпирикалы түрде байқалатын шындықтың барлық толып жатқан қасиеттері мен байланыстары тізілетін сияқты, олар бұл жағдайда тек гылыми жолымен алынады; адам оларға қатысты зерттеуші болады», - деп атап көрсетеді [3].

Теориялық зерттеулер көрсеткендей, «модель» ұғымын В.А.Штофф былайша сипаттайды:«Ойша елестетілген немесе материалды жүзеге асырылган жүйе, ол зерттеу объектісін бейнелей отыра немесе қайта жаңғырту арқылы, оның орнын басуға кабілетті болады, бұл жағдайда оны қарастыру бұл объект жөнінде бізге жаңа ақпарат береді».

Әдіснамалық тұрғыдан модель ұғымына анықтама беруде Б.А.Глинский, Б.С.Грязнов, Б.С.Дынина және Е.П.Никитина т.б зерттеулер жүргізген [4].

Американдық философ М.Вартофскийдің көзқарасы бойынша, модельді болашақ әрекетке бағдарланған прототип деп атауды ұсынады. «Ең алдымен менің есептейтінім, модельдер - біздің техникалық жабдықтауымыздың жоғары мамандырылған бөлігі, олардың өзіндік функциялары болашақты жасаудан тұрады. Модель ретінде мен кейбір мәнді ғана емес, осы мәнді анықтайтын әрекет тәсілін көремін. Бұл мағынада модельдер - мақсаттарды іске асыру және сонымен қатар, осы мақсаттарды іске асыратын инструменттер... Модель бір мезгілде мақсатты ескереді және оның жүзеге асуын кепілдейді» [5].

Бірінші - «модель» ұғымы шартты сипатта болады. Екінші - модельді қарастыру үдерісінде зерттеуші алатын ақпараттың құндылығы.

Педагогикалық әнциклопедияда модельдеуді, бір жағынан, табиғи немесе әлеуметтік шындықтың белгілі үзіндісінің модельдерге-аналогтарға объектілерді зерттеудің әдісі ретінде, ал екінші жағынан нақты бар нәрселер мен құбылыстардың немесе құрастырылатын объектілердің моделін кұрастыру және қарастыру үдерісі ретінде анықтайды.

Ал, педагогика және психология түсіндірме сөздігінде модельдеу әдісі бірнеше топқа бөлінеді. Олар белгілерді модельдеу (бейнелік, математикалық, сөздік және т.б.), бағдарламалық модельдер (блок-жүйе, алгоритм, әвристика және т.б.), заттық модельдеу (бионика)... Әрбір нақты жағдайда модель өзінің рөлін түпнұсқаға ұксас болғанда ғана дұрыс орындай алады».

 Модельдеуді біртұтас педагогикалык үдерісті жүзеге асырудың маңызды бөлігі зерттеуші-мұғалім үшін модельдеу зерттелінетін құбылыстың идеалдық моделін қайта жасаудың тәсілі болады. Практик - мұғалім үшін модельдеу іс-әрекетінің мақсатына сәйкес, оньш; жағдайын ұстаз өзгерткісі келетін белгілі бір педагогикалық құбылысты немесе процесті тұтасымен ойша (алдын-ала) қайта-құру тәсілі болады. Басқаша айтқанда, модельдеу мұғалім үшін педагогикалық теория мен нақтылы практикалық іс-әрекет арасындағы бөлік.

Ю.А.Конаржевский модельдеуді «объектіні жанама түрде практикалық немесе теориялық пайдалану әдісі, бұл жағдайда бізге керекті объект тікелей зерттелмейді, керісінше, танылатын объектімен белгілі объективті сәйкестілікте тұратын көмекші немесе жасанды жүйе (квазиобъект) пайдаланылады, ол танымның бслгілі ксзеңіндс оның орнын ауыстыра алады және оны зерттеуде сол модельденетін объекті жөнінде ақпарат бере алады» дсп анықтайды [6].

А.З.Зак модельдеу әрекетін «қарастыратын объектіні басқамен, сол үшін арнайы жасалған үлгімен орын ауыстыру» деп қарастырады. Осы белгілеулерден кейін,   "педагогикалык модель" ұғымын былайша көрсетуте болады: педагогикалық модель педагогикалық жүйенің нақтылы феноменінің жинақтап қорытындыланған, үсынылған және модельдеу объектісі жөнінде жаңа білім бере алатын, педагогикалық зерттеу объектісінің маңызды құрылыммдық-фунционалдық байланысын бейнелеп көрсетуі[7].

Болашақ актерлердің кәсіби даярлаудың көркемдік шығармашылық мәселелері мен бірге актердің әртістік шеберлігін педагогикалық үрдістегі модельдеу мынадай жағдайларда қолданылады:

-педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды
моделдеу;

-оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін модельдеу;

-білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын модельдеу.

Болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыру моделін құрастыруда мынадай талаптарды тірек етеміз:

қазіргі қоғам талаптарына сай, болашақ актерлерді кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіру;

зерттеулердің негізгі идеяларын, олар болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыруды оңтайландыру;

болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру педагогикалық жоғары оқу орындарында (университеттерде) оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыру;

ғылыми, жалпы кәсіби және тереңдетілген кәсіби сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдыларды шығармашылықпен меңгерту;

педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастырудың өлшемдерін және деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтап, болашақ актерлерді даярлауды әдістемелік тұрғыда жетілдіру.

Болашақ актерлердің кәсіби педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру моделінің құрылымы мотивациялық, мазмұндық, эмоционалдық-еріктік және іс-әрекеттік компоненттерін камтиды.

Қорыта айтқанда, педагогикалық әртістік шеберлік қазіргі заманғы педагог тұлғасында қоршаған орта құбылыстарына қарым-қатынасын бейнелейтін, сабақта қолданылатын ақпаратты, сезімдік негізде жеткізуге мүмкіндік беретін кәсіби маңызды сапа болып табылады.

 

 

 

 1. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем. - Воронеж: Изд-во Воронежского ун-та. 1997. - 304 с.

2. Штофф В.А. Моделирование и философия.-М.: Наука, 1996. -С.91-96.

3. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию; Сборник/
Составитель и ответственный редактор Ю.П.Сенокосова. - М.: Прогресс.
Культура, 1992, -414 с.

4. Моделирование как метод научного исследования: (Гносеологический анализ) /Глинский Б.А., Грязнов Б.С., Дынин Б.С., Никитин Е.П.- М.: Изд-во Московск. уп-та, 1965. - 248 с.

5.  Вартофский М. Модели. Репрезентация и научное понимание. /Общ. Ред. И послесл. И.Б. Новика и В.Н. Садковского. -М.: Прогресс, 1988. -507 с.

 6. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школой.-М.: Образовательный центр "Пед. поиск", 1997. -78 с.

7. Зак А.З. Как определить уровень развития мышления школьника. Москва:Знание, 1982. 95-100 с.