Көркем шығармалардағы эпитеттің ерекшеліктері

(Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов шығармалары бойынша)

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Нурсеитова А.

        Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, кеш деген сөз жалпы ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал, қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол көзге елестерліктей нақтылы бейне. Көптеген эпитеттерде ұлттық бояу-бедер болады. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бет деген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар. Бұлар қалыптасқан эпитеттер десек, поэзияда әр ақынның өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер мол кездеседі.      Қазақ тіліндегі эпитеттер  анықтауыш сөздерде ғана емес, етістіктерден де жасала береді және өте келісті болады.[1, 56]

Мысалы:            Шедірейіп, шекейіп,                                                                                        Басын керіп, кекейіп,                                                                                     Қолдан пішін жасаған,                                                                                     Біреу келер секейіп. [2, 100]

Осындағы  шекеиіп, кекейіп, сеекиіп деген бірнеше эпитеттің өзі-ақ сәнқой адамның кейпін анық елестетуге жетерлік.                                                    Эпитеттер еркін (поэтикалық) және тұрақты (тілдік) болып екіге бөлінеді. Еркін эпитеттің де тұрақты эпитеттің де негізгі мағынасы – эпитеттік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Олардың атқаратын стильдік қызметі де ұқсас. Эпитет категориясының бұл екі түрі затты болмаса құбылысты эмоционалдық жағынан тиімді, экспрессивтік жағынан әсерлі етіп суреттеуді мақсат етеді.Тұрақты (тілдік) эпитеттер мен еркін (поэтикалық) эпитеттердің осындай мызғымас байланыстары болумен қатар, олардың бір-бірінен өзгешелігі де жоқ емес. Тұрақты эпитет – тілдің фразеологиялық жүйесіне енетін тілдік штамптар, ал еркін эпитеттер – жеке ақын-жазушылардың творчестволық лабароториясында дүниеге келген жеке авторлық сөз кестелері. Тұрақты эпитет фразеологиялық бірлік екені белгілі болды. Себебі ол міндетті түрде тұрақты сөз тіркесі ретінде өмір сүреді, сыңарларының құрамы тұрақты болып, бүтін бір мағына береді, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалады. Сондықтан эпитетті узуалды (тұрақты) және оккозионалды (еркін) деп екіге бөлдік.         Тұрақты эпитеттер – ежелден қалыптасып, тілде әбден сіңісіп кеткен образдылық конструкциялар. Мәселен, алты алаш деген тұрақты тіркестің анықтауыш компоненті он, қырық сандарымен ауыспайды. Сол сияқты қырық сан Қырым елі деген тұрақты тіркес, отыз сан Қырым ел деп айтылмайды. О баста, бұл эпиеттердің нақты бір мағынаға қырық ру – тайпадан немесе алты тайпадан құрылған этникалық топтың атауы ретінде қатысы болған болуы керек, бірақ, келе-келе бұл анықтауыштар тұрақты тіркес компонентін құрап, поэтикалық фразеологизм элементіне айналған. [3, 67]         Сайып келгенде, тұрақты эпитет дегеніміз – бір затқа тұрақталып бекіген, мағыналық дербестігін сақтаған көркем, бейнелі тұрақты сөз тіркестері.Осындай сөз тіркестері Шәкәрімнің «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасында бой көрсетеді. [3, 8]   

                        Әлі тұр ащы дауыс құлағымда                                                                     Солардың жылағаны «Тай ағалап» [2, 316]                                                       Жас дауыс жылағанмен қарлыға ма,                                                                 Ой жібер міне осындай зарлыға да [2, 316]                                                         Есіл ер есі кетіп аттан түсті,                                                                             Жеңі де қойны-қонышы қанға толып [2,320]                                                   Әперіп алтын жүзік қалтасынан,                                                                             Айтыпты Айсұлудың сәлем сөзін [2, 32]                                                          Нартайлақ терең ойға түсіп кетті                                                                      Білген соң Барғана мен Самсы екенін  [2,328]                                                    Қызыл шапан кимедік,                                                                                    Қырыншыл ат мінбедік  [2,18]                                           Мұндағы сын есімнен болған ащы дауыс, жас дауыс, есіл ер, алтын жүзік, терең ой,қызыл шапан эпитеттері өлең жолдарына айрықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. Мұндай өрнек болмаған жерде суреткер тілі солғындау болып көрінері анық.                                                          Шығарманың көрнекі тілі жөнінде терең түсінік қалыптастырып, оның түрлі әдістерін нақтылай көрсеткен алғаш еңбектің негізі А. Байтұрсыновтан басталады дегенге тоқталдық. А. Байтұрсынов айтқан тұжырымды «Әдебиет теориясы» атты еңбегінде белгілі ғалым Қ. Жұмалиев те анықтай түскен: «Тұрақты эпитет деп көпшілігіне сол нәрсеге тұрақталып, бекіген эпитеттерді айтады. Мысалы: «Қызыл ту», «қызыл әскер», «шұбар түс» т.б.» [4, 12].   Сонымен қатар, әдебиет теориясына арналған еңбекте, эпитет болатын сөз көбіне сын есім, кейде зат есімдер мен есімше, көсемше, етістіктер арқылы затты анықтайтын сөздер болатындығы түсіндіріледі.         Ғылымдағы тың тұжырымдардың байыпты бағалануы және дәйекті дәлелденуінің бір негізі эпитеттерге байланысты болып келетіні, көркем дүниелерімізден соны танудың жолдарын түсіндіретін ізденістер барлығына көз жеткізе түстік. Соның енді бірі – академик З. Ахметовтің еңбегі. Ғалымның жалпы рухани мұрамыздың сөз кестесі мен тіл өрнегіне қатысты байыпты пікірлері ғылымда қуатталып, көркем шығармалардың поэтикалық тілдік ерекшеліктеріне қатысты тексерулерде орынды аталып жүр. Қазақтың өлең құрылысының сан – салалы екендігін айтқан З. Ахметовтің еңбегінде эпитетке қатысты мынадай пікір айтылады: «Халықтық поэзияда белгілі бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес.Халық поэзиясында бейнелі сөз түрлері, сөз нақыштары сан жағынан жазба әдебиеттегідей мол болмағанымен, оның есесіне жиірек қолданылады. Халықтық өлең – жырларда бейнелі сөздердің берік орнығып, тұрақталғанын әбден екшеліп, сұпталғанын, поэзияның тіл кестесіне хас үлгі – нақыштар болып қалыптасқанын байқаймыз».[5, 68].        

                                    Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

                                    Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ [6, 17]

       Сөз өнеріндегі көркемдік-бейнелілік оның ең қуатты эстетикалық құралы, талғам биігінің өлшемі. Шеберлік тұтас көркем шығармаға жан беретін негізгі фактор, суреткердің даралық стилінің көрінісі. Мысалы, түрлі бейнелеуіш құралдар арқылы бейнеленген, сөзбен салынған суреттерден сол суреткердің шеберлігін байқаймыз. Шәкәрім поэзия әлемінде сезім күйін шертер, ой танымын тереңдетер ойшыл-сыршыл із қалдырған суреткер-ақын. Көрнекті ғалым, академик З. Қабдолов: «Айталық, айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын» [7, 207 б.], – деген болатын.                                                                       

      Ақындар шығармасындағы эпитетті тіркестер адамдардың жағымды-жағымсыз мінездерін, адамдардың жан дүниесін әр қырынан,ой-сезімдерін, толғаныстарын айқындай түседі.                         

       Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, шығармаларындағы эпитет сияқты көріктеу тәсілдеріне байсалдылықпен қарап, тексерудің олардың халық тілінің сөз кестесіне тән өзгешеліктерін біліп – түсінудің мәні зор.

Пайдаланылғанған әдебиеттер:

1 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З. Ахметов, Т.Шаңбаев) Алматы: «Ана тілі», 1778. – 384 б.

2  Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары (өлендер, дастандар, қара сөздер). Алматы: Жазушы. 1788, 360-бет.

3 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы.«Ана тілі».1773. 320 б

4 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Жазушы, 1784.

5  Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1773, 212-бет.

6 Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –                 (Құрастырушылар: Шәріпов Ә., Дәуітов С) Алматы: Жазушы, 1787. – 320 б.

7 Қабдолов З. Жанр сыры. – Алматы: ҚМКӘБ. 1764. – 171 б.