Б.Қасым –Абай атындағы ҚазҰПУ,

Мемлекеттік тіл

кафедрасының меңгерушісі,

ф.ғ.д., профессор.

 

Қазақ тіліндегі кейбір аталымлардың шығу тегі

 

Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани өзгерістерінің айнасы. Соңғы жылдарда қазақ елінің  тәуелсіздігімен бірге келген ғылымдағы жаңа бағыттар қазақ халқының ұлттық тілін, ұлттық мәдениетін, ұлттық құндылықтарын қайта жаңғыртып негізгі бағыт-бағдарын бүгінгі замана талабына сай, әлемдік ғылыми сұраныстардың көкжиегіне шыға алатын, талаптарын қанағаттандыратын өзекті мәселелердің қатарында. Осыған байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек лингвистиканың ғана емес, этностану, әлеуметтану, мәдениетану, елтану т.б. нысанына алынып, атаудың қандай ойлау үрдістерінің негізінде туындайтынын тілші ғалымдар зерттеп келеді.

Ө.Жәнібеков:  «Ұлттың ұлылығын, бірыңғай тектестігін, тұрақты қауымдастығын, елдігін, бірлігін аңғартатын белгісі  тілі десек, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын қалыптастырған да, оны ұрпақтан-ұрпаққа алмастырып келген де  осы тіл болып табылады... [1].

Тіл ғылымының дамуы тілді зерттеуде антропоцентристік бағыттың  тереңдеуімен және қарқынды бағыт зерттеулердің жолға қоюылуымен байланысты. Адамды тіл арқылы және керісінше тілді адам арқылы анықтау болса, тіл ғылымында басты назар тілдік тұлғаға (языковая личность) аударылды. Сан қырлы қазақ ұлтының мәдениеті өзіндік дүниетанымдылығымен, табиғилығымен, ерекшеленіп қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосып келеді. Олардың негізін сипаттайтын әтномәдени құндылықтар ұлттық болмысты танытуға негіз болады.

Адам баласының күнделікті тәжірибесінен жинақталған білім қорлары заттар мен құбылыстардың атаулары негізінде жүйеленеді. Зат не құбылысты тану арқылы  ұғым пайда болады да, оны атау қажеттілігі туады. Затқа  атау беруде адам ассоциацияға  сүйенеді. Ассоциацияға адамның  ойлау жүйесінің бір көрнісі, жемісі сөз тудырудың негізігі заңдылықтарының бірі. Атау заттың түрлі қасиеті, қызметі мен ассоциативтік ұқсастықтарымен тікелей уәжделеді және түрлі ерекшелік белгілері ескеріледі. Белгі. Символ. Бейне ....Бейнелеу заттың басқа затпен байланысқа түсуі. Ұқсастық дәл көшірмесі емес. Бейнелеуші бейнеленетін затты дәл сол қалпында көшірмейді, тек бір ұқсастық қырын алады.

      Сөйтіп, Н.И.Ашмарин сөз таптары мен сөз тіркестері тарапынан зерделейді. Тілші чуваш тілінде алғаш рет чуваш тіліндегі күрделі зат есімдер екі сөзден құралып, екінші сыңары еш өзгеріссіз, кейде екінші сыңарға қосымшалар жалғанатынын айтады. Оған мынадай тілдік деректерді келтірген: *хéр-арàм ' женщина ' (хер ' девица ', арàм ' жена '), *еçке-çике ' угощение ', (питье – еда), *сурäм-пус ' заря ' (сурам ' расщелина ', пус ' голова ' – букв. ' начало расщелины '), *курше-аршä ' соседи ' т.б. [2]. Автор зат есімдер қосақталып келіп, қос сөздер жасайды, олар бір күрделі ұғымды және жинақтық мағынаны білдіреді деген қорытынды жасайды (курсив – Б.Қ.). Тілші сөзқосымның бірнеше түрін атап өткенімен, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің кейбір тұстарының аражігін толық ашып көрсетпеген.

Алагеуім. Бұл қазақ тілінде алагөбе (қара), таң қараңғысы, таңсәрі, елең-алаң уақыт дегендермен мағыналас. Ол қарақалпақ тілінде алагеугим түрінде айтылады. Алагеуім екі сөзден біріккен: ала+геуім. Мұндағы ала сөзін жеке айтуға болса да, геуім сөзі дара қолданылмайды. Ала сөзі отыздан астам түркі тілдерінің бәрінде жеке де, туынды түбірде де, қос сөз, біріккен сөз құрамында да өте жиі кездесіп, өзінен кейінгі тұрған сөздің түрін, түсін, белгісін, реңін білдіретін анықтауышы, не қос сөздің алдыңғы компоненті ретінде қолданылады. Ала сөзінің сыңары геуім қазіргі түркі тілдерінің біразында жеке-дара қолданылып жүрген гугум (ұйғ.), геугим (қарақалп.) сөзімен төркіндес. Ол бұл тілдерде «ымырт жабылғанда», «қас қарайғанда», «іңірде» деген мағынада айтылады. Мысалы, қарақалпақша: күн батып, геугим жабылды (кеш батып, қараңғы түсті), геугимле – қараңғы түсу, түн басу; ұйғыр тілінде: гугум – кеш қараңғысы, гугум чушкәнде – қараңғы түскенде, апақ-сапақта, ымырт жабылғанда, іңірде, т.б. Сонда алагеуім деген сөз таң атудың алдындағы елең-алаң уақытты білдіру үшін өзара мағынасы жағынан байланысып, бір-бірімен жымдасып кеткен сөздердің қосындысы. ұйғыр тіліндегі гугум, қарақалпақ тіліндегі геугим сөзінің қазақ тілінде геуім түріне ауысуын дәлелдеу қиын емес. Мұнда да еріндік у дыбысының артикуляция жағынан бір-біріне өте жақын г – ғ – қ дыбыстарын ауыстыру қабілетіне байланысты -угу // -уга дыбыс тіркестері қысқара келе, -уі (-ге, -уі, -м) қалпына келген (Ә.Қайдар).

        Көкпар.  Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк+бөрі. Бөрі сөзі көпшілік түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады. Бұл сөз алтай тілінде бору; тува тілінде бөру; ноғай, татар, башқұрт, ұйғыр тілдерінде бюри, бүре, бөрө болып айтылады. Бурят-монғол тілінде буруу деп бұзауды және әртүрлі тағы аңның (аю, барыс, т.б.), малдың (бұғының) төлін айтады. Көк сөзі басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де «заттың түсі, аспан, жас балауса шөп, жаңа шыққан жеміс – желең, өрімдей жас» деген мағыналарда қолданылады. Бөрі сөзіне қосылып көк сөзі «мықты, азулы, нағыз көк жал қасқыр» деген ұғымды білдіреді. Тува тілінде көк жал қасқырды көк бөрү дейді. Қазақ тілінде бөрі сөзін қасқыр сөзі азды-көпті әдеби тілден ығыстырғанға ұқсайды. Бірақ бөрі сөзі тілімізден қолданылудан шықпаған, жалпыға бірдей түсінікті. Сөйтіп, көкпар сөзі көк және бөрі деген 2 сөзден құралған. Бастапқы б дыбысының қатаңдап п-ға айналуына Бірінші сөздегі қатаң к дыбысы әсер еткен. Екпін алдыңғы дауыстыға түсуіне байланысты і дыбысы түсіп қалған. Алғашқыда қасқыр сөзімен байланысты шыққан көкпар сөзі кейін келе ұлт ойынының бір түріне айналып, қасқыр (бөрі) емес, көкпарға тартатын лақ, ешкі, қозы сияқты асыранды малдардың төлі болған. (Б.С.)

          Абжылан//апжылан // әпжылан. Сөздіктерде берілген анықтамаларда абжылан – «су жылан», «аб» парсының «су» дегені деп түсіндіреді (Г.Жәркешева. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1960). Зерттеушілер бұл «су жылан» емес, «улы жылан» деген түркі сөздерінің тіркесінен жасалған сөз. Саха (якут) тілінде аба, апуащы дәм, суда өсетін улы шөптің тамыры, сиқыр, тылсым, арбау, жадылау, бас айналдыру (Пекарский. Сл. якут. яз.); алтайша ап – екі жүзділік. (Радлов. Опыт. сл. I – IV); көне түркі тілдерінде аб – аң аулау (С.Малов, Палк. Др. письм. Монг. и кирг.); ал ұу, ув сөздері қырғыз, қарақалпақ, ноғай тілдерінде қазақ тіліндегідей у деген ұғымды білдіреді. Бұл талдаулар  аб – ав – ап – ов – ув – ұу сөздерінің түбірлестігін, әрі олардың  у, сиқыр, қулық, айла тәрізді көп мағыналарының барлығын байқатады. Абжылан – екі түбірден құралған біріккен сөз. Бірінші компонентті аб // ап // әп (у, сиқыр, тылсым).  Екінші сыңары жағымсыз кейіпті бейнелеуде қолданылатын жылан болу керек. Сонда абжылан сөзінің мағынасы – арбайтын, сиқырлы жылан болғаны. (А.Мах.). Бозқасқа. Бозкөде. Бозбала. Бозқасқа.

Ақсақал.  Жасы үлкен ер адам, қария.

    Ақсақал айтты, бай айтты,

    Ақылменен жеңсеңіз  (Абай,1.45).

Атшабар.       Хабаршы.  Шабарман.

                       Орныңнан тұра шабасың, Атшабар  келе қышқырып, Ояз келсе,

                       қайтер ең, айдаһардай ысқырып (Абай,1.75). 

Бозбала.       Жас жігіт.

                       Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,

                       Үзілмес үмітпенен бос қуардық.

                       Әйтеуір, ақсақалдар айтпады деп,

                       Жүрмесін деп азғана сөз шығардық   (Абай,1.37).

Желмая.        Өте ұшқыр, жүрдек түйе.

     Үш желмая ұстады жорығына,

     Бірінің азық артты қомдығына  (Абай,1.278).

Бұл жайында сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің даналық ойын келтіре кетейік. «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы – жасаған сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі» (курсив – Б.Қ.). Демек, халық – өзінің тіл қазынасының иесі ғана емес, оны жасаушы, игілігіне жаратушы, көзінің қарашығындай сақтаушысы. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі қажетін, сұранысын өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстардың қатарына жататыны, оның осы қырымен сипатталады. Жалпы жаңа мағыналы лексема я күрделі сөздің қалыптасуында ішкі даму – күрделі сөзді құрастырушы сыңарлардың ішкі мағыналық құрылымының дамуын көрсетеді және ол уәжділік дәрежелерімен сәйкес келеді. Сондықтан сөздің мағыналық дамуы үнемі болып отыратын тілдік құбылыс, сол арқылы жаңадан лексема жасалып отырады деген түйін жасауға болады. Оны тіл деректері де дәлелдей түседі [З].

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. – Алматы, 1992.

2. Ашмарин Н.И. . Материалы для исследования чувашского языка. Казань, 1898, 1903 г.г.

З. Қасым Б. Күделі аталым жасалымы: когнитвті-дискурстық ұстаным. –Алматы: ЖК Волкова А.В., 2010. –383 б.