Қ. Бекхожиннің «Кек» поэмасы

Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы

Ахмет Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің

Практикалық лингвистика кафедрасының оқытушысы, филология магитрі

 

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын Қалижан Бекхожин– қазақ әдебиетінің дамып, өркендеуіне жарты ғасырдан астам уақыт бойы белсенді түрде атсалысқан көрнекті қаламгердің бірі. Оның өлең, поэмалары, әдеби сын, көсемсөздік еңбектері сан рет кітап болып басылып шықты[1.3].

Қалижан Бекхожин поэзиясының басты арнасының бірі – оның эпикалық туындылары екенін барша қауымның бірауыздан мойындағаны аян. [1.22].

Тарихи тақырыпты жырлауда қыруар шығармашылық ізденістер жасап, көп еңбек сіңірген үлкен эпиктердің бірі – Қалижан Бекхожин. Замандас бейнесін бейнелеген, соғыс кезіндегі эпикалық шығармасының бірі «Кек» поэмасы. Қалижан Бекхожиннің айтуынша бұл алғашқы жазған поэмасы: «Менің алғашқы жазған поэмам «Кек». Бұл поэма 1938 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Поэманың бас кейіпкері азамат соғысының қаһарманы – Балтабай Баратпаев. Бұл тағдыры өзгеше адам жайында мен бала шағымда 1919-20 жалдары, (онда мен 6-7-гі баламын ғой) жас қиялыма дүбірлі де үрейлі ой салғандай дулы-шулы әңгімелерді көп естідім... Байшікештер, қанаушы тап адамдары: Балтабай деген бұзық шықты, көрінгенді тонап, атып-жарып, жайратып жүр қаныпезер»-деп гулесті». Яғни, ақын Балтабайды өз көзімен көрген, білген: «Мен сол алты-жеті жастағы ұлан кезімде тар көшемен үйіміздің алдынан найзалы мылтықпен артына жасақ ертіп, қара қасқа атпен құйғытып өткен Балтекеңді талай рет көрген едім». Өзі танып – білген атышулы ер Балтабай туралы поэма - ықшам, жинақы, көңілге қонымды жазылған. Кереку, Баян өңірінде өткен шайқас суреті. Оқиға Баян тауының түбіндегі жаумен қақтығыс кезінде Бағай байдың қашып кетуі, оны екі қызының көзінше Балтабайдың аяғына жығылғаны, еш аяушылықсыз Балтабайдың оны қан жоса етуі. Сол сәттегі Бағайдың бейнесін жазушы былай суреттейді:

                   Жалынам жанымды қи, ер Балтабай

Айтамын алла атынан бар антымды.

                   Қалдыршы шыбын жанды, - деп алдына

Сандықтан төкті Бағай сар алтынды[2.84 б]-деп жалынады.

Осындай қылыққа Балтабай әрекетін былай көрсете білген:

                   Бағайдың ыза болып «құрметіне»,

                   Батырдың ашу жанды сұр бетінде.

                   Тікенді тікенектей қара мұрты

                   Тұрғандай көзінен оқ бұрқ етуге.

                  Көлгір көз тиді ердің намысына,

                   Қалайша сатсын батыр арын сұмға

Алтынды аяғымен теуіп қалды[2.84 б].

Ер жігіттің намыскерлігін, қызу қандылығын, еліне адал жан екенін, ерге тән қылығын көркем суреттеген.

Одан кейінгі беттерінде жел сүймеген қос сұлудың бейнесі суреттеліп, Бағайдың үлкен қызы өр көкірек, өжет Бану қыз Балтабай семсеріне жармаса:

                   -Әке үшін құрбан болам өзім, - деді.-

                   Ағажан, болса сенде,-деді,-

Аяшы, тұр ғой жаным езілгелі,

Азат қыл әке жанын, батыр, сенің

Кірейін құшағыңа қазір,-деді.

Антым бұл айтқан ару кезімдегі,

Бір жанға айтылмаған сөзім тегі.

Сенікі – жүрегім де, дәулетім де,

Сенікі жанған шоқтар көзімдегі[2.85 б]-

деп айтқан сөзіне де ер Балтабай қарамай, мыңдаған пенделрдің кегі бойын шымырлатып, ашу қысып семсерін сермеген.

         Қыз бейнесі поэмада өршіл, өжет, кекті, өз дегеніне жеткен кекшіл жан.

         Оқиғаның негізі осылай шиеленісе отырып, сюжетті желісте жазылған. Әр шумағынан ақын бойындағы күш – қуатқа толы, сезім сырына мол лирикалық  ағымды көре аламыз. Шағын поэма композициясына лирикалық ажар бере, шынайы жырланған Қ.Бекхожин шығармасын сюжетті деп қараймыз.

Поэмадағы Балтабай – аршынды істерімен, берік мақсат-мұратымен есте қалатын айқын мінезді кейіпкер. Халыққа дұшпандық істеуші бандылармен, оның баскесер бастаушылары казак-орыс атамандары, бұзықтарымен шайқастары әсерлі түрде суреттелген.

         Поэмада Балтабай – реалды кейіп. Ақын ертегідей, батырлық эпосындай әсірелемей-ақ оның қаһармандық тұлғасын шындыққа сәйкес танытып отырады. Балтабайдың отаншылдық, ерлік бейнесін толғай отырып, ақының ылғи оны жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсынуы өте орынды.

Ақын поэмасында Балтабай алыстан жау өкілдерін де сол кездің шындығының аясында нанымды баяндаған. Казак-орыс атаманы Жарқанат, Бағай, Бану – халық өміріне қаны қас, мейірімсіз, зұлымдар екеніне иланасың. Бұған шығармада суреттелген олардың ел тонағыштық, қаныпезерлік әрекеттері толық дәлел[1.37].

         Сюжетті желісте жазылған поэма Балтабай өлімімен аяқталады. Бану қыздың қолынан қаза табады. Бану қыз жымия күле жүре береді. Балтабай құлағының түбінен зарды естиді. Еңіреп отырған жігіт екен. Бұл жігітті кездейсоқ жолықтырған, өз жарын құтқармаққа жанталасып отпен алысқан ер жүрек жігіттің бірі. Балтабайдың осы жігітке айтқаны:

                            Бұл дүние бәрімізден өтер-кетер,

                            Арқалап кегін көрге кім әкетер.

                            Кездескен дауылдағы бауырым ең

              Аясаң сонау қыздан кегімді әпер[2.94]

Осындай аманатын айтқызып, көзіне жау жеңілгенін, қыз тұтқындалғанын елестете бейнелей отырып, ақын тапқырлықпен жырлаған.

                   ...Соңғы рет селт етті де жүрек тулап,

                   Бұлқынды бірақ дүние болды жұмбақ.

                   Бітті дем, қиялында сөнді сәуле,

Сол елес өзіменен кетті бірақ[2.94]-

деп Балтабай өмірінің соңғы сәтін шебер көрсете білген, осылай жырлана келген сюжетті поэма аяқталады.

                 

 

         Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Бекхожин Қ. «Дала комиссары» Алматы «Мектеп» 1989-128 б.

2.      Нарымбетов Ә. Терең мазмұн, тартымды сюжет керек // Қазақ әдебиеті.-1962.-7қыркүйек.