Шалтықов А.Е., - саяси ғылымдар докторы, профессор.

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

 

ҚАЗАҚСТАН ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛЫН ҚАРАСТЫРУДА

 

       Жаһандық қаржы – эконмикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын - сонды болған емес. Тарихта тек соңғы жүз жылдың ішінде оннан астам дағдарыстар болған. Олар – бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардардың нәтижесіндегі экономикалық күйзелістер, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі социализм жүйесінің 70-80 жылдардағы дағдарысы, 90-жылдардың аяғындағы Оңтүстік Азия елдерінің дағдарысы да әлемдік экономиканы біршама сілкінткені белгілі.

Ал, бүгін бүкіл әлемді шарлаған дағдарыс ерекше болып отыр. Ол үлкенді – кішілі мемелекеттерді бейтарап қалдырмай, әлем экономикасын түгел қамтып отыр.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең бірінші болып жаһандық дағдарыстан шығудың пәрменді амалдарын қолдана бастады. Экономикамызды тұрақтандыруға Ұлттық қордан 10 миллиард доллар бөлінді.

Міне, бүгінде мұндай щұғыл шаралар өз нәтижесін беруде, ол отандық эконмиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан біздің  аман – есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

Осы біздің бұл айтқандарымыз Елбасымыздың аль- Фараби атындағы Қзаақ ұлттық университетіндегі оқыған дәрісінің әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі бірінші трендті туралы ойлар еді.

Өз дәрісінде Елбасы дағдарыс алдындағы екінші трендт – күштерді әлемдік жаңаша орналыстыруды қалыптастыру деді.

Жоғарыда айтылғандай, бұл дағдарыс әлемдік көшбасшылықтың да күйреуіне әкеліп соқты. Дүниедегі екі қарама-қарсы алыпкүш – АҚШ пен КСРО – 70жылдай теке – тіресінен кейін социалистік лагерь жүйесі таралуы салдарынан әлемдік геосаясатта көшбасшылық жеке АҚШ – қа ауғаны белгілі.

АҚШ өзінің экономикасының қуаттылығы жағынан да, НАТО блогінің негізгі күші ретінде де әлемге ықпалы жоғары болды да көшбасышылық міндетін алғандай болды және өзін солай ұстады да. Оны барлық елдер мойындауға мәжбүр болды.

Бірақ, Америка осы міндетін орындай алды ма? Осы соңғы жылдары дүниеде соғыс жанжалдары жеткілікті болған жоқ па? Оларға АҚШ – тың өзі тікелей қатысты емес пе? Оның қатысуымен Югославияға, Ауғанстанға, Иракқа қарсы соғыстарды қалай ұмыта аламыз.

Әрине, АҚШ дүниенің әртүкпірінде ең алдымен өз мүддесін ойлайтыны белгілі. Мұндай бағыт геосаясаатта екіжүзділікке алып келетіні айдан анық.

Сондықтан, жаңа экономикалық дағдарыстың тағы бір қыры – ол геосаясатта АҚШ – тың көшбасшылық ролінің күйреуін де көрсетті.

Сонымен бұл дағдарыс әлемдегі күштердің ара – салмағының өзгеріп келе жатқандығын айқындап отыр және бұл өзгеріс әлем күштерінің біртіндеп Батыстан Шығысқа қарай ауысуын көрсетеді. Соның нәтижесінде әлемде жаңа күштер қалыптасуда. Дәрісте көрсетілгендей, жаңа дағдарыстың салдары АҚШ пен басқа да қазіргі мемлекеттер (Англия, Франция, Германия, Жапония т.б) әлемдегі ықпалдылықты жаңа күштердің орталығымен бөлісуге тура келеді.

Елбасының сөзінде мынадай дәйек келтірілген. «2001 жылы «Голдман сакс» банкінің жетекші экономисі Джим О Нил БРИК атты қысқартылған сөзді өзінің талдамалық жазбаларында тұңғыш рет қолданды». Ол нені көрсетеді?

Бұл сөздің талдауы – Бразилия, Ресей, Индия, Қытай елдерінің экономикасы тез қарқында дамып, жиырма жылдан кейін ішкі өнімнің өсуі (ІЖӨ) жағынан «Үлкен жетілік» (АҚШ, Англия, Франция: Германия, Италия; Канада, Жапония) елдерінің жиынтық ІЖӨ - сінен асып түседі.

Сайып келегенде, 2050 жылға қарай экономикалық дамыған елдердің алғашқы бестігінде Батыс елдерінен тек АҚШ қана қалады. Оның өзі Қытайдан кейін екінші орында болады да.

Бұл жағдайдың өзгеріп келе жатқанынын Батыс елдерінің басшылары да мойындауға мәжбүр. Англияның бұрынғы премьер – министрі Тони Блэрдің пікірінше, «Бірнеше ғасырлар бойы күштер Батыста шоғырланды... Енді бізге ықпалдылықты Шығыспен бөлісетін әлемде өмір сүру жағдайларымен келісуге тура келеді.

Бұдан шығатын қорытынды, жаңа дағдарыс тек қана экономикаға ғана емес, бүкіл әлемдік геосаясатқа да өзінің ықпалын тигізіп отыр.

Яғни, бұл дағдарыс экономика мен саясат қатар жүреді деген қағиданы растайды.

Біз ғаламшарлық өзгерістер заманында өмір сүрудеміз. Алдағы уақытта әлемдік тәртіптер, әлемдік саяси құрылыстар қайтадан өзгеруі ықтимал. Әлем глобалдық деңгейдегі өзгерістер мен құндылықтардың алмасуы табалдырығында тұр.

Қазір әлемде екі жүзге жуық тәуелсіз мемелекеттер бар. Солардың ішінде Қазақстан да тұр. Бізге өзгеріп жатқан әлемдік тәртіптерге сәйкес, күшті геосаяси ойыншы болудың барлық амалдарын қолдану қерек. Осы әлемдік өзгерістерге жауап беретін мүдделерімізді бетке ұстап, ішкі және сыртқы саясатымызды ешкімге жалтақтамай батыл түрде жүргізе беруіміз керек. Еліміз өзінің мәңгілік мүдделеріне сәйкес одақтастарымызда да таңдай білуде мұқият болуымыз керек.

      Осындай бүкіл әлем өзгеріске ұшырап жатқанда қоғамымыздың басты құндылығы – саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді көздің қарашығындай сақтау керек

 

Әдебиет

1.     Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс. Егемен Қазақстан, 14 қазан 2009 ж.