магистр Шамшеденова С.С.

Атырауский государственный университет им. Х. Досмухамедова  г.Атырау

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ 

МҰНАЙГАЗ  ӨНДІРУ  АУДАНДАРЫННЫҢ  ТАБИҒАТ  ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ  Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсері

Еліміздің экономикасын дағдарыстан алып шығатын маңызды сала мұнай – газ өнеркәсібі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан 2030" жолдауында,  мұнай – газ саласының дамуы республикасының экономикалық өсуін әлеует деп аталған.                                                                                             

Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде. 

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай  өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.                                                                                  

Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі.                                        

Мұнайгаз комплексі  бірден – бір қоршаған ортаны зиянды заттармен жабдықтаушы екендігін қазіргі уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутек күрделі құрамдары  геологиялық  жоғарғы беткі қабаттардың ластануы тіршілік орталарының деградациялануына әкелуде, халықтың денсаулығына залалын тигізуге алып келуде және әлеуметтік  алдыңғы өте маңызды да өткір экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда  мұнайгаз өндіру өнеркәсіп  шаруашылығын алдыңғы  орын алатын аймақтар Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда  облыстары. Экологиялық жоғары қауіпті аймаққа Атырау облысы жатады, яғни барланған (шоғырланған) органикалық және минералдық шикізат қорынан дүние жүзінде алғашқы орынды алады.

Осылардың  ішінде, сыртқы ортаны  мұнай және мұнай өнімдерімен ең көп ластануышы Жылой ауданы, яғни  территориясында  көптеген  мұнай  өнідіретін  кәсіпорындар  орналасқан, яғни Құлсары, Теңіз, Королев, Гүюрва және т.б.

Мұнай және  мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде  жинақталып, қоректік тізбек арқылы жануарлармен  адам  ақзаларына  түседі, ауданның экологиялық  жүйе жағдайына және  тұрғындардың  денсаулығына әсер етуде. 

Қазақстан Республикамызда, әсірессе  Батыс  аймақтарында (Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда) мұнайгаз өңдеу  өндірісінің  жаңа импульс  алуда. Атырау облысы республикамыздың батысында орналасқан, жер көлемі  112,15 мың км 2. Атырау облысы Каспий маңы ойпатында  орналасқан, жер рельефі - толқын тәрізді  жазықтың  каспий ойпатынан біраз  бөлігін бархан және үйінді құмдар алып жатыр. Облыс территориясының жартысы сортан және сортанды, топырақтардан тұрады. Атырау облысының климат жағдайы - жазы құрғақ, қатты ыстық және аз қарлы, қысы желді, ол атмосферадағы улы заттардың айналымға түсуіне жағдай жасайды. Мұнай  өндіру кәсіпорындары - Мартыши, Доссор, Құлсары, Комсомольск, Сагыз, Қошқар, Қаратон, Теңіз.

Мұнай өңдеу  және мұнайхимия  өнеркәсіптері жетілуде, негізгі өнім түрлері: жанғыш майы  материалдар, электродты кокс, полиэтилен, полипропилен сонымен қатар 200- ден астам өнеркәсіп объектілер орналасқан, қалдықтары мен тастанды зиянды заттарымен қоршаған ортаны ластайды.

Мұнай өндірісі: Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқылады, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз,  1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды.

     1965 жылға дейін бізде мұнай тек қана Ембі бассейінінен алынып отырған. 1965 жылдан бастап Маңғыстау кен орны елімізді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған. Соңғы жылдары қазақ жерінде көптеген мұнай мен газға бай орындар ашылған. Қазір істеп жатқан мұнай – газы бар ірі кен орындар – Теңіз, Қарашығанақ т.б. осы Каспий ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) мұнайдың қоры 7млрд. шамасында. Тек Қарашығанақ (1979жылы ашылған, 450 км жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 триллион м3 табиғи газ, 644млн.газ конденсаты, 189млн. тонна мұнай бар.

Мұнайдың табиғатқа әкелетін зардаптары:Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін  зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі.

  Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық, стационалдық болып бөлінеді  (1-сурет).

 

1- сурет. Ластанудың түрлері.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет.                                                                                                     

Бұрғылайтын қондырғылармен магистралдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндігі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап жарылуы(90,5%), сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты келеді.

Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы инградиентті ластануға жатады.

    Өнеркәсіптік энергоқондырғыларда, жылу электро-станцияларында, т.с.с. мұнай өнімдерін жағу салдарынан ауа басейінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады. Мұнай өнімдерінде кездесетін күкіртті және азотты заттар, жану кезінде күкірт оксидін түзеді, ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады. Мұндай элементтерді бөліп шығару мақсатымен мұнай өнімдеріне гидро тазалау қолданып өңдейді – сутегіні қатыстырып, катализатор қосып, қыздырады. Бұл кезде күкіртті заттар мен азоты бар заттар айырылады да күкіртсутегі Н2S мен амиак NH3 түзіледі. Ол заттарды бөліп алып падаланады. Көмірсутек өндірісте күкірт және күкірт қышқылын өндіру үшін жұмсалады. Өндіріс қалдығынан алынған күкірт қышқылы, колчедан негізінде өндірілетін қышқылдан көп арзан болатын көрінеді.

Мұнай өңдейтін және мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар.

Адам табиғатты бүлдіруі туралы сөз еткенде ең алдымен мұнай – газ кешені кәсіпорындарын ауызға аламыз. Олар ауаға зиянды газдардың 90% таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар көлемінің үштен екі бөлігінен астамы солардың үлесіне тиеді. Ал олардың бейтараптану дәрежесі бір пайыздың ширегіне де жетпейді.

Жеріміздің мұнай өнімдерімен ластануы да халықты қатты алаңдатып отыр. Технологиялық, авариялық және басқа атаулыларды тағынған ондаған жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай коллекторларының жарылып, істен шығуы да бізде жиі болып тұрады. Мұнай мен газға жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының да қоршаған ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық. Мұнда жердің беткі қабаты бұзылады, жер асты сулар ластанады. Ал скважиналарды сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында жер улы компоненттермен зақымданады. Табиғатта барынша аз салмақ келтіретін іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы жоқ емес, бар. Скважиналарды тұрғызу жобаларында қоршаған ортаны қорғау мақсатында ең жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы қарастырылған.

Қоршаған ортаға кең көлемде және ұзақ мерзімде әсер ететін мұнай – газ кешенінің негізгі кәсіпорны – Теңіз. Осы Теңізді игеру кезінде атқаратын жұмысқа 2 млрд. доллор жұмсалған. Жобалар мен техникалық шешімдер кешенді іске қосуды қиындатты және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келмеді. Ақыры айтарлықтай дәрежеде қайта жұмыс жасау керек болды. Экологиялық жағынан тереңірек қарастырылған өте күрделі және қиыншылықпен шешіледі.

Кеніштегі экологиялық қауіптің жоғары екендігі мұнда сирек кездесетін біраз факторларға ұштасып жатқандығынан. Бұл факторлардың әрқайсысы дерлік скважиналарды бұрғылау жұмысы мен оларды пайдалану жағдайын жай қиындатып қана қоймай, апат ақуалының туып кетуіне де итермелейді. Ал кеніш қабаттарындағы күкіртті сутегінің өте жоғары болуынан мұнай апатының аса қауіпті сипат алуы әбден мүмкін. Сондықтан кенішті игеру мен пайдалану стратегиясын мүмкіндігінше эклогиялық проблемаларды ескере отырып таңдау қажет. Жалпы алып қарағанда жылына 30 млн. тонна мөлшерінде, мұнай өндіру тым қауіпті. Өйткені коллекторлардың барлық түрлері дерлік бір қалыпты байланыста болғанның өзінде таяудағы жылдар ішінде кейбір скважиналардың істен шығып қалуы да ықтимал.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 1. Ақбасова А. Ж., Саинова Г.Ә., Экология. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы, 2003

2. Амангазиева Г.Д., Экономика нефтяной и газовой промышленности. Учебное пособие.Алматы "Экономика", 2004г.

3. Лұқпанов Ж., Нүсіров Н. Химиялық ұлы препараттардың анықтамалығы. "Қайнар баспасы" Алматы 1999ж

4. Диаров М.Д., Гилажов Е.Г., Димеева Л.А. и др. Экология и нефтегазовый комплекс. - Алматы: Ғалым, 2003. – Т. 2. – 340 с.

5. Фаизов К.Ш., Асанбаев И.К., Абдукаймова А.М. Современные проблемы загрязнения почв нефтепромыслов Прикаспия //Нефть и газ. – 2005. - № 1. – С. 64-68.