Экономические науки/10.Экономика предприятия.
Бухарбаева Акмарал
Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-нің «Есеп және аудит» кафедрасының
оқытушысы, статистика мамандығының магистрі
Кәсіпорынның
айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды
жетілдіру мәселелері
Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін
тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына
қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен
мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда,
қоғамдық өндірістің даму бағыты -
әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге
төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде
еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта
әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына
кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда
кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар
қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады.
Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға
қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық
қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны -
кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде
қоғамға қажетті өнім өндіріліп,
қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп
жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық
экономикаға көшкелі бері ел экономикасы түбегейлi
өзгерiстерге душар болды. Әсiресе, елiмiздiң
экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi
терең әрi ауқымды
өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсеке
қабiлеттiлiк, еркiн сауда, жеке меншiк билiгi т.б. осы сияқты
ұғымдар ене бастады. Ал, өз кезегiнде
ұйымдық-құқықтық формалардың
яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi,
өнiм өндiруi - бәсеке және бәсеке
қабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.
Әрбір шаруашылық субъектісінің алдына қойған
мақсатына табысты жету үшін мамандардың экономикалық
дайындығы қажет. Нарық жағдайында
кәсіпорынның қызметін қарастырғанда ең
бірінші оның қаржы-шаруашылық қызметіне назар
аударылады. Кәсіпорынның қаржы–шаруашылық
қызметіне оның қаржы жағдайы, қаржы
тұрақтылығы, қаржы нәтижелері, яғни
табыстылық деңгейі кіреді. Бұл көрсеткіштер өзара
байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы –
бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын
ұстап тұру үшін оны қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету, мерзімді міндеттемелерді жабу.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және
қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе
қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты
жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша
қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге
байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын
өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің
кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың
прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді. Сондықтан, кез
келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем
және несие қабілеттілігі, оның қажетті айналым
капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне
тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік
құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады.
Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының кұрамы мен
құрылымы, олардың көлемі, активтерді
қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі
болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы
көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады,
түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру
деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды
факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі
міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым
капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің
қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен
анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде
олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы
кәсіпорындардың өндіріс қорларының
құрамында әртүрлі. Мәселен, ауыр өндіріс
кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына
қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын
ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының
қажеттілігін анықтау, оның құрамын,
құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды
реттеу, айналым капиталын басқару және тағы да
басқалар.
Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі
бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең
маңыздыларының бірі айналым қаражаттарының
қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы
жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның
нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы
қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан,
айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды
қолданудың тиімділігін жоғорлату мәселелері
кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі
бұлардың шешілуі өндірістік процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс
рентабельділігінің негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі кезде ғылыми
қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және
қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткіліксіз көңіл
бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс
экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне
байланысты белгілі терминалогиялық айырмашылықтар туындады.
Бұрын жасалған зерттеулерді жарыққа
шығарылған монографияларды және оқулықтарды
талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы,
айналым қаражаттары және айналым активтері туралы тусініктерінің
бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым
қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды
ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды
жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды.
Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері
әсерлерге әкеліп соқтырады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері
құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы
материалдар, тез тозатын кұралдар және басқа да еңбек
заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс
шығындарын одан әрі төмендетеді.
Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі
бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең
маңыздыларының бірі айналым қаражаттарының
қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы
жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның
нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы
қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан,
айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды
қолданудың тиімділігін жоғарлату мәселелері
кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі
бұлардың шешілуі өндірістік процесін үздіксіздігін
қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі
шарты болып табылады.
Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым
капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді
пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс
анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы
көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі
мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын
тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері
кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына,
өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның
төлем қабілеттілігі өндіріске салынған
активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады.
Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары
болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты
ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын
өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай
алады.
Кэсіпорынның айналым капиталының айналымдылық
деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық
көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын
анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген
түрлерінің (негізгі құралдардың,
тауарлық-материалдық құндылықтардың,
дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей
тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген
сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы
факторларға келесілерді жатқызуға болады:
• Кәсіпорынның
салалық ерекшеліктері
(мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы
ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы
кәсіпорындағы активтердің айналым жылдамдығынан
төмен болады);
• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік,
жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);
• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
• Тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастар,
кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін
ішкі факторларға келесілер жатады:
• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске
қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);
• Кәсіпорынның баға саясаты;
•Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың
тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО) қолдануды
қажет ететін есеп саясаты.
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық
құндылықтарды басқару жүйесінің
тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның
өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды.
Активтердің айналымдылығының төмендеуі
кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық
құндылықтардың, дебиторлық қарыздың,
ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.
Кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның
ағымды активтердің - құрамында материалдық
құндылықтар мен дебиторлық қарыз және
ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің
ереқшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына
байланысты ағымды активтердің бұл элементтерін жоспарлау,
болжамдау және алдын-ала есёптеп анықтау өте қиын.
Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді
қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің
тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу
әдістерінің көмегімен арттыра алады.
Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар
ағымдағы активтердің айналымнан шығып
қалған бөлігін қөрсетеді. Бұл өз
кезегінде кәсіпорынды қосымша қаражаттарға
мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының
қиындауына алып келеді.
Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін
кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің
барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы
айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды
активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен,
сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер,
атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық
қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша
міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының
орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да
шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді
қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар
өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан
ақшалық нысанға ауысады.
Аталған ағымдағы активтердің құрамдас
бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді
жатқызуға болады:
• есеп айырысу жэне төлем
дисциплинасын нығайту;
• өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық
мекемелерімен тікелей
шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;
• келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше
келісім шарттағы
міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын
бақылау;
• есеп айырысудың прогрессивті нысанын қолдану
тәжірибесін кеңейту.
Дебиторлық қарыздар шоғырланып, тұралап
қалған қаражаттарды қысқартудың
маңызды факторы - бұл ағымдағы активтерді
толықтыруға бағытталған қаржы ресурстарын тарту
болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымдағы
активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін қысқа
мерзімді несиелерді қажет кезінде және қажет көлемде
тарта білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда
ағымдағы активтерді қысқа мерзімді
қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр.
Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар
дамуы мемлекет тарапынан қажетті шараларды талап етеді.
Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша,
кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын
ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет
көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы екі млрд.
АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы
экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20%
құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді
есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында
шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана
құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының
2003 жылдың ақпан-наурыз айларында қабылданған
«Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары
туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған
бірқатар өзгерістер енгізу қажет.
Нарықтық экономика жағдайларындағы
кәсіпорындардың ағымдағы активтерін қысқа
мерзімді қаржыландырудың негізгі мәселелерін зерттеу
нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы
ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл
бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымдағы
активтердің қаржыландыру тұрғысынан
қарастырғанда Қазақстан жағдайларында
кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын несиелер,
вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.
Қазіргі таңда қарастырылатын өзекті мәселе,
кәсіпорындардың қысқа мерзімді өндірістік
мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын
қалыптастыру-қаржыландыру көздерінің оңтайлы
құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер
қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей
байланысты болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. А.Е.Карлик, Е.А.Горбатко,
М.С.Жанабилов «Управление экономикой предприятия», Санкт-Петербург-Алматы,
1999г.
2. Р. Брейли, С. Майерс «Принципы
корпоративтных финансов: Пер. с англ. – М: ЗАО «Олимп-Бизнес»,
2003.
3. К.О.Окаев, Н.Т.Смагулова «Предпринимательство в Республике
Казахстан», изд. «Экономикс», Алматы, 2009г.
4.
О.В.Ефимова «Как анализировать финансовое
положение предприятия». Практическое пособие. —
«Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.