Экономические науки” 15.Государственное регулирование экономики

PhD докторы, ХАА академигі Оразгалиева А.К.

Қаржы мамандығы магистранты Датпаева С.С.

Қазақ қаржы-экономикалық академиясы

Семей, Қазақстан

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

 

Қазақстан нарықтық реформалар жолдары бойынша үдемелі ілгері қозғалып келеді. Экономиканың үлкен нарықтық бағдарлығына қарай қайта құрылуы жалғасуда, өндірістің бұдан арғы тұрақты өсімі байқалады, еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылардың орта есептік өлшемдері артты. Бұл көптеген халық бөлігінің өмір деңгейін бұдан әрі арттыру мәселесін шешуге, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуын жетілдіруге мүмкіндік беретін анық фактілер.

Саяси-қоғамдық құрылымның түрленуі, нарықтық экономикаға көшу мемлекеттік саясаттың әлеуметтік қамсыздандырылу саласындағы түбегейлі өзгеруін талап етті. Осыған орай, әлеуметтік дамуды басқару, нормативтік-заң базасының құрылу және бірінші кезекті әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын жасап шығару жүйесін талдау және жетілдіру жұмыстары іске қосылды. Осындай мәселелердің біріне Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жатады [1].

Бүгінгі таңдағы бұл проблеманың өзектілігі Қазақстан Республикасының заң базасындағы өзгерістерге байланысты, әлеуметтік зейнетақылары мен жәрдемақыларды тағайындау әдістеріне қазіргі заманғы шешім табу болып табылады.

Қазақстандағы туындаған әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен  отандық зейнетақы жүйесін сәйкестендіру талпыныстары 1991 жылы басталды.  1994 жылы «1994 жылға нақтыланған республикалық бюджет туралы» Заңымен қарттық  зейнетақы және мүгедектік, асыраушысынан, әлеуметтік зейнетақысынан айырылу жәрдемақыларының функционалды және қаржылық бөлінуіне әкелген уақытта және Зейнетақы қоры тікелей Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жетекшілігіне тапсырылған уақыттан бастап  зейнетақы жүйесінде маңызды өзгерістер болды. Зейнетақымен қамсыздандыруды мемлекеттік бюджеттің қаржыландырылуынан шығарғаннан бастап қарттық зейнетақы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өздерімен қаржыландырыла бастады. Жәрдемақылар мемлекеттің қарауында: жазым оқиғалардың салдарынан адам қайтыс болған немесе жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанның нәтижесінде табыс көзінен кенет айырылған жағдайда тиісті жәрдемақы төлемі түрінде мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі әлі де салыстырмалы төмен. Зейнетақымен қамсыздандырудың алдындағы үші негізгі міндеттер:

- қартайған шақтағы кедейліктен қорғау;

- еңбек қызметі аяқталған кейін кепілдік табыс ұсыну, оның өлшемі әдетте тікелей зейнетке шығу алдында төленетін табыс сомасына пропорционалды белгілі соманы құрайды;

- құнсыздану немесе өзге факторлар (үкімет өкілдері немесе қор жетекшілерінің түрлі қаржы айла-амалдары және т.б.) нәтижесінде осы табысты нақты деңгейдің бұдан әрі төмендеуінен қорғау.

Зейнетақы реформасын жүргізуге республикадағы өмір ұзақтығының өсуі салдарынан қарт азаматтардың артуы, бала туудың азаюы және бірінші кезекте халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кетуімен сипатталатын көші-қон үрдістерінің  артуымен сипатталатын демографиялық жағдай себепші болды. Кез келген зейнетақы жүйесінің қорытынды мақсаты еңбек қызметінің тоқтауына байланысты қол жетімді зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету болып табылады, бұл кез келген мемлекеттегі зейнетақымен қамсыздандырудың ең маңызды міндеті.

Зейнетақымен қамсыздандыруды реформалау, еселі жұмысбастылыққа жәрдемдесу және халықтың өмірлік деңгейін арттыру мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Мемлекеттің әрбір даму кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіншіліктерімен анықталады. Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысындағы мемлекеттің экономикалық өсуі белсенді әлеуметтік саясатты жүргізудің алғышарттарын құрды. Әлі де сақталып келе жатқан кедейлік, халықтың қартаюы, нарықтардың жаһандануы, сонымен қатар формальды емес деп аталатын сектордың өсуі әлеуметтік реформалардың бұдан әрі тереңдетілуін талап етеді.

Зейнетақымен қамсыздандырудың әлемдік даму тәжірибесі мен машығы Қазақстанда жүзеге асырылатын нарықтық реформалар шарттарында олардың даму мәселелері мен жолдарын зерттелуіне көптеген негіздер береді.

Жыл сайын мемлекеттегі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі артып келеді, әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасы жақсарып келеді [2].

1997 жылдан 2012 жылға дейінгі мерзімде зейнетақының ең төмен көлемі шамамен бірнеше есе артты (Сурет 1):

 

Сурет 1 – Зейнеткерлер саны мен зейнетақының орта мөлшері

 

Қазақстан Республикасы 1997 жылы 30 жылға есептелген зейнетақы реформасына кірісті, оның мәні зейнетақы қорларын қалыптастыру жүйесін ортақтан жинақтаушыға өту болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет ету барысында оның нормативті-заң базасына бірнеше рет маңызды өзгерістер енгізілді, соның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялау. Қазақстандағы зейнетақы қызметтерінің нарығы зейнетақы активтерін баламалы басқару механизмін енгізу үшін әлі жетілмеген. Осы мәселені бөлшектеп зерттеп, осы механизмге өтудің аса жеңіл үлгілері мен әдістерін жасап шығару керек. 

«Қазақстан 2030» стратегиясымен анықталған ұзақ мерзімді басымдылықтар ретінде Қазақстан қоғамы өз алдына келесі мақсаттар қойды:  шетел инвестициялары мен ішкі қорларының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға негізделетін экономикалық өсу,  сонымен қатар Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Азаматтардың қоғамдағы әл-ауқатын және мемлекеттің экономикалық өсуін сипаттайтын негізгі факторлардың бірі зейнеткерлер өмірінің деңгейі болып табылады. 

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатыны баса назар аударылып отыр. Адамдардың жағдайын түбегейлі өзгертудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті [3].

Сонымен, зейнетақы жүйесін реформалау және республикада жинақтаушы зейнетақы жүйесін қабылдау – бұл объективті қажетті және дұрыс қадам екені бәрімізге анық.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Тулепбаев К. Новая модель пенсионного обеспечения населения Казахстана: теория, методология и механизмы реализации. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора экономических наук., Республика   Казахстан, Алматы, 2007

2. www.kaz.stat.kz. ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері, 2012 ж.

3. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 14.12.2012 жыл.