Экономические науки/3.Финансовые отношения.
Бекешева Д.А.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы, э.ғ.к.
Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінің
тұрақтылығын жоғарлату әдістері
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі
әр кезде, әр елде өте маңызды болған. Бұл
жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік –
экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады.
Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған
зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің
ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды
мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау,
талғау, зертеуді қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол
неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-жақты
тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның
дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы
қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуын және
жарналарына талдау жасап, зерттеу дипломдық жұмысымның
негізгі мақсаты болып табылады.
Республикамыздың «Қазақстан- 2030» бағдарламасында
барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатын,
қауiпсiздiгiн жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында
Президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей, елiмiздiң дамуының
басым бағыттарының бiрi тұрғындардың
материалдық және әлеуметтiк әл-ауқатын
көтеру болып табылады.
Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң
деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және
экономикалық жағдайының маңызды құрамдас
бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы қорының
тұрақты түрде дамуы Қазақстан
Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал
етедi.
Жалпы мемлекетік емес жинақтаушы зейнетақы қоры
салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын,
заңдарға сәйкес түсетін өзге де қаражатты
жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді,
сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі
қызметті және осы заңда белгіленген тәртіппен оларды
зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы инвестициялауды
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы
жүйесі болып табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс
істеу барысында зейнетақы қорларына жарналарын аударады,
қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы
инвестициялауға қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі
аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке зейнетақы мен
қамтамасыз етуіне кетеді.
Қазақстанның зейнетақымен қызмет
көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа
қаржы нарығының сегменнтерінен айырмашылығы,
тұрақты түрде дамып келе жатқанын айта кетуге болады.
1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің елде қызмет еткеніне 10 жылдан асып
отыр. Бірақ та қазіргі таңда зейнетақы жүйесі
бүкіләлемдік дағдарыс нәтижесінен тұралатып
жатқаннын көріп отырмыз. Болашақ
зейнеткерлер соңғы үш айда инвестициялық кірістен
түсетін 48 млрд теңгеден қағылған.
Бұған мемлекеттік құнды қағаздардың
арзандап кетуі себеп. Яғни отандық жинақтаушы
қорларында құнды қағаздардың үлесі 25
пайызды құрайды. Сонымен бірге доллардың
құнсыздануы, құрылыс және банк
салаларындағы тоқырау да жинақтаушы зейнетақы
қорларының кірісін тұралатқан. Кейбір зейнетақы
қорлары дағдарыстан шығу үшін бірігуі де мүмкін деген
болжам бар. Бүгiнде елiмiзде 14 жинақтаушы зейнетақы
қоры бар. Соның ішінде бір ғана жинақтаушы
зейнетақы қорын алып қарасақ, мысалы
«Қазақстан Халық банкі» АҚ Еншілес ұйымы –
«Қазақстан Халық банкі Жинақтаушы зейнетақы
қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы –
активтерінің көлемі бойынша Қызылорда облысындағы ірі
зейнетақы қорларының төрттігіне кіретін және бір
салымшыға шаққанда жинақталған зейнетақы қаражатының
орташа мөлшері бойынша абсолютті көшбасшы болып табылатын
зейнетақы қоры. Қордың ауқымды филиалдық
желісі бар және еліміздің барлық өңірлерінде
салымшыларға қызмет көрсетеді.
2011 жылғы 1 қазандағы жай-күйі бойынша
«Қазақстан Халық банкі» АҚ Еншілес ұйымы –
«Қазақстан Халық банкі Жинақтаушы зейнетақы
қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы
соңғы үш жыл ішінде инфляция деңгейінен жоғары
деңгейде инвестициялық кіріс алып, зейнетақы
активтерінің өсу қарқыны мен салымшылардың саны
бойынша дәстүрлі түрде жетекші орындарға ие болды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қордың
зейнетақы активтерінің серпінмен өсу қарқыны:
- 10610286 млн. Теңге сомасында зейнетақы жарналары
түсімінің;
- салымшылардың 5,9 млрд. Теңгеден астам сомадағы
аударымдарының оң сальдосының;
- 1,9 млрд. Теңгеден астам сомада есептелген инвестициялық
кірістің есебінен қамтамасыз етілді..
Ағымдағы жылдың басынан бері қор салымшыларға
(алушыларға) 3,7 млрд. Теңгеден астам сомада зейнетақы
қаражатын (сақтандыру ұйымдарына қаражат аударды
қоса есептегенде) төледі.
2011 жылғы 1 қазандағы жай-күйі бойынша
«Қазақстан Халық банкі Жинақтаушы зейнетақы
қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы
атаулы кіріс коэффициенті (К2):
• 12 ай үшін 5,88%;
• 36 ай үшін 26,14%;
• 60 ай үшін 37,07% құрады.
Қордың кірістілігі барлық үш кезеңде де
жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша атаулы кірістің
орташа коэффициентінен артық болды. 2011 жылғы 1
қазандағы жай-күйі бойынша қордың зейнетақы
активтерінің басым бөлігі Қазақстан
Республикасының сенімділігі жоғары мемлекеттік бағалы
қағаздарына (53,6%) және қаржылық
тұрақтылығы жоғары ең ірі шетелдік және
отандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары мен акцияларына
орналастырылған. Қордың инвестициялық портфелінің
86,12% қазақстандық теңгемен, 6,74% АҚШ долларымен,
5,79% Ресей рублімен және 1,35% Қытай юанімен номинацияланған
қаржы құралдарымен жасақталған. ҚР
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін және мысалға алынып отырған
«Қазақстан Халық банкі Жинақтаушы зейнетақы
қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы
жаңғырту мәселелерін
зерттеу мен талдау нәтижелері мынадай теориялық және
тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауға
мүмкіндік береді:
4.
Экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір
түрі болып табылатын
зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал
салымдарын қажет ететін
өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың
қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету керектігін нақтылай отырып,
қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін
жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы
қорларының келесі ерекшеліктері негізделді:
· олар әлеуметтік бағыты
бар институттар болып табылады;
· бұл зейнетақы
жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне
байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және
сенімді жобаларға
инвестициялайтын қаржы институттары;
· жинақтаушы зейнетақы
қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар
түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды
құрайтын уақыт лагтары пайда
болады. Бұл, жинақтаушы зейнетақы қорларының
ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және
өзінің портфелін құруға мүмкіндік
береді. Жинақтаушы
зейнетақы қорлары қаржы
нарықтарына тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.
2. Қатысушыларды мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз
ету, ЖЗҚ ерекше түрі болып
табылады. Олардың көбінің инвестициялық
стратегиясын, тартылған
қаржы құралдарын сақтауға және табысты
кепілдендірілген минималды
мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған консервативті
жүйе ретінде
қарастыруға болады.
3. Біздің
көзқарасымыз
бойынша, зейнетақы
активтерін экономиканың нақты секторындағы
шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын
қаржыландыру мақсатында пайдалану керек. Яғни, жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын
нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде
құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар,
банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер. Сонымен
қатар, зейнетақы активтерін өнеркәсіп салаларының негізгі қорларын
жаңартуға жұмсаған орынды деп есептейміз, атап айтсақ: зейнетақы шоттары
бойынша қызмет көрсетуге арналған меншіктің барлық формасындағы өндірістік
кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарының
лизингі; зейнетақылық қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші шаруашылық
салаларындағы алдыңғы қатарлы өндірістік
және
ғылыми-техникалық өзін-өзі ақтаушы
бағдарламаларды қаржыландыру (медициналық қызмет
көрсету; коммуналдық тұрғын-үй қоры
және т.б).
4. Зейнетақымен қамсыздандыру кез-келген
ел үкіметінің
үнемі назарында болатын маңызды әлеуметтік
мәселелері және
тұрғындардың қарттығын әлеуметтік
қамсыздандыру құқығы бізде ҚР-ның
Конститутциясымен бекітілгендігін ескерсек, онда зейнетақы
жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – экономикалық
өсуді қамтамасыз ету,
қаржылық тұрақты және әділ
жүйені құру болып табылады. Зейнетақы жүйесін
жаңа саяси және
экономикалық
жағдайларға бейімдей отырып, өтпелі кезеңде
ескі жүйе зейнетақылық
сақтандырудың жаңа мекемелерінің пайда болуы мен жұмыстарының басталуына дейін әрекет етуі тиіс.
Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, әлеуметтік
сақтандыру салаларына өзгерістер енгізуге зейнетақы
жүйесінің ЖЗҚ қамтамасыз ететін белсенді мемлекеттік реттеу мен азаматтардың
өз қарттықтарын қамтамасыз етуге деген
жауапкершілігін арттыратын үлгі сәйкес келеді деген
қорытынды жасауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1.
Постановление
Правительства Республики Казахстан от 12 мая 1997 года №819 об утверждении
Концепции реформирования системы пенсионного обеспечения в Республике Казахстан.
2.
Закон Республики
Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» от 07 января 2010 года.
3.
А.Алибаев. Пенсионная
реформа Казахстана (вопросы и ответы)// Рынок ценных бумаг Казахстана, №8 / 2009 г.
4.
Национальная комиссия по
ценным бумагам: о результатах функционирования накопительной пенсионной
системы. // Рынок ценных бумаг, №7/2010 г.