Экономические науки/ Инновация или инвестиция

 

ҚАСЫМОВА С.Б.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Резюме

В статье рассмотрены основные направления и пути совершенствования инновационного предпринимательства в Казахстане. Для развития субъектов инновационного предпринимательства остро ощущается информационная,  правовая, государственная поддержка субъектов инновационного предпринимательства.

Для достижения развития субъектов инновационного предпринимательства необходимо решить следующие задачи: информационная поддержка субъектов инновационного предпринимательства, правовая поддержка субъектов инновационного предпринимательства, устранение административных преград стоящих перед субъектами инновационного предпринимательства.

 

Resume

The article describes the main trends and innovative ways to improve the business in Kazahstan. For the development of innovative business entities acute information, legal, state support of innovation business.

To achieve the development of innovative business entities need to solve the following problems, information support of innovative business entities, legal support of innovative business entities, eliminating administrative barriers faced by actors of innovative business. 

 

 Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті  тұр.

Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда  кедергі болатын факторлары келесідей:

-өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;

-инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;

-инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;

-инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.

Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:

-инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;

-инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;

-инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.

Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:

-инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;

-инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

-инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;

-тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;

-инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Шағын және орта инновациялық кәсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін. Және де шағын кәсіпорынның басшысы аталмыш ұйымның қызметкері болып қалады, ал инновациялық идеяларды дәлелдеу және дамыту жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың жабдықтарымен жүргізіледі. Осындай шағын ұйымның аясында қол жеткізілген инновациялық жетістіктер шағын кәсіпорынға да, сондай-ақ ғылыми ұйымға да тиесілі болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындар инновациялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де атқарады.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

-білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

-инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алайда, Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне орай, 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен аталған көрсеткішті ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу көзделіп отыр. Кейбір ғылыми-зерттеулерді қажетті деңгейде қаржыландырмау мен жауып тастау салдарларынан көптеген жас ғалымдар ғылым саласынан кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ғылымның материалды-техникалық базасы тозып, ескірді.

Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны оның ғылымға бөлген қаражаттарымен анықталады. Атап айтсақ, 2000 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда – 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25%), ал Швецияда – 7,6 млрд.долл. (ЖІӨ-нің 4,0%).

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің жəне коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде əртүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ды мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия мен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%),Словакия (48%) жəне Чехия (42%). Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап отыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығару деңгейі нөлге тең болады. Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%, Сингапур-7%, Оңтүстік Корея-4%, Қытай-2%.

Көптеген мемлекеттерде инновациялық саясат шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Өйткені бұл сфера жаңа өнімдерді енгізуге тез икемделеді жəне қолайлы инновациялық бəсекелі ортаны қалыптастырады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2010 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық-белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (сурет 1). Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық-белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Европада – 40%-ға дейін (Румыня – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).

Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: Алматы қаласы – инновациялық белсенділік 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Алматы – 1,4%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%.

 

Сурет 1. 2003–2009 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы

Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар арасында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 01.01.2010 ж. мерзімінде өңдеу өнеркәсібі алда болды – 68,95% (кесте 1).

Кесте 1 – ҚР салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге

 

ҚР экономика салалары

Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, %

Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі

Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Барлығы

1006169,6

100

170320,2

1493127,3

Ауыл шаруашылығы

2664,6

0,26

399,3

3262,5

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

292194,5

29,04

60885,7

576784,5

Өңдеу өнеркәсібі

693754,8

68,95

105306,9

897705,7

Құрылыс

17555,7

1,75

3728,3

15374,5

Ескерту: ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

 

Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол соғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек. 

Қызылорда облысының индустриалдық-инновациялық дамуына тоқталсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және  Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарының күші жойылуы туралы» № 958 Жарлығына, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды- инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  бойынша ҚР Үкіметінің Іс шаралар жоспарын бекіту туралы» №302 Қаулысына сәйкес аймақтық индустрияландыру  Картасы әзірленіп Қызылорда облыс әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі №38 шешімімен бекітілді.

2010 жылы индустрияландыру Картасы шеңберінде жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын 11 жоба іске асырылды, 400 жаңа жұмыс ашылды.

Индустрияландыру Картасын іске асыру таукен, мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің, жол саласының агроөнеркәсіп секторының, энергетиканың дамуына ықпал етті.

Мұнайхимия, мұнайгаз өнеркәсібінің саласында 4 жоба, аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 2 жоба  іске асырылды:

«Шапағат сүт» ЖШС-мен ауысымына 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Облыс орталығын 65 пайызға нан бұйымдарымен қамтамасыз ететін жалғыз ірі кәсіпорын;

 «Голштино фриз» венгерлік тұқымды 660 бас ірі қара малға сүт тауарлы фермасы пайдалануға берілді («РЗА» ЖШС). Ферма жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығарады.

Қызылорда облысының инновациялық белсенді кәсіпорындар деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылдың қорытындысымен 1,5 пайыздан 6,1 пайызға артты.

2011 жылдың басында ғылыми- техникалық қызметпен аймақта 8 ұйымдар мен кәсіпорындар айналысты. 2010 жылы атқарылған ғылыми- техникалық жұмыстар көлемі 110,5 млн. теңгені құрады. Ғылыми- техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде шеберлік зерттеулер үлесі 74,6 пайызды құрады және ғылыми- техникалық қызметтер – 25,3 пайызды құрады.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал жабдықтарды және материалдарды ендіруге бағытталған. 2010 жылы шығындар 17,8 млрд. теңге, оның ішінде 97,8 пайызы- инновациялық процестер.

Республика бойынша облыс технологиялық инновацияларға шығындар бойынша 3 орында. Аймақтың инновациялық инфрақұрылымын дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында инновациялық дамуды стратегиялық міндет ретінде белгілеп, оған осы заманғы ғылым мен техниканың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді осыған негіздеді. Ал мұның өзі әрбір азаматтың белсенділігін, іскерлігін арттырады. Соның нәтижесінде еліміз таяудағы  жылдар ішінде дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.          Ә.Ж. Сапарбаев «Инновациялық экономика», монография, Алматы-2011 ж

2.          Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

3.          Лапин Н.И. Теория и практика инноватики.  М:2008 г.

4.          Бендиков М.А. Оценка реализуемости инновационного проекта. // Менеджмент в России и за рубежом. - №2. - 2001.