Экономические науки/9.Экономика промышленности.

Кенесариева Лаура Бегимбаевна

Болашақ университетінің 2 курс магистранты

Раймбекова А.Т.

экономика ғылымдарының кандидаты

 

Қазақстан Республикасы электр энергетика саласының даму жағдайы

 

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді де сапалы энергиямен қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:

- электр энергиясын өндіру;

- электр энергиясын беру;

- электр энергиясымен жабдықтау;

- электр энергиясын тұтыну;

- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

Бiрiншi кезең 1918 — 1945 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

Екiншi кезеңде (1946 — 1958 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

Үшiншi кезеңде (1959 — 1990 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды [1].

Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресейдің БЭЭЖ-мен және Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) қосарлас жұмыс істейді.

2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстандағы электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы, құрамына 63 электр станциялары кіретін 40 энергия өндіруші ұйым жүзеге асырады. Қазақстанның электр  станцияларының жалпы белгіленген қуаты 19 127,9 МВт, қолдағы қуаты - 14 821,0 МВт құрайды.

Электр станциялары ұлттық электр станциясына, өнеркәсіптік, өңірлік мақсаттағы және кәсіпорындарды жылумен қамтамасыз ететін электр станцияларына бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндіретін және сататын мына ірі жылу электр станциялары жатады:

Екібастұз ГРЭС-1;

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы;

Еуразиялық Энергетикалық Корпорациясы (Ақсу ГРЭС-і);

«Қазақмыс Корпорациясы» ГРЭС-і;

Жамбыл ГРЭС-і,

сондай-ақ ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеу үшін және қосымша пайдаланылатын жоғары қуатты гидроэлектр станциялары:

«Қазмырыш» АҚ-тың Бұқтырма ГЭК-і,

Өскемен ГЭС,

Шүлбі ГЭС.

Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларға мұнай-газ секторының өз қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ГТЭС, электр және жылу энергиясын аралас өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен қамтамасыз етеді:

«Теңізшевройл» ЖШС-тың ГТЭС;

«Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ-ның Құмкөл ГТЭС;
      «Қарашығанақ Петроллеум Оперейтинг Компании Б.В» компаниясының ГТЭС;

«Қарағанды-Жылу» ЖШС-тың ЖЭО-3;

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭЦ-2; БАС ЖЭО

Рудный ЖЭО («ССТӨБ» АҚ);

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-тің Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО;

«Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1;

Шымкент ЖЭО-1,2 («Оңтүстікполиметалл» АҚ) және басқалары.
      Өңірлік маңызы бар электр станциялары - бұл өңірлік электр желілік компаниялары мен энергия беру компаниялары РҚАылы электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын аумақтарға кіріктірілген, сондай-ақ жақын орналасқан қалаларды жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО.

Энергия объектілерінің, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен іске қосу жөніндегі қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу қызметтерін көрсету қызметін құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.
      Өндіру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларын енгізу проблемасын шешуімен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.
      Энергия өндіретін ұйымдар да, электр желілік компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелері болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

- қызметі электр энергетикасы саласымен тікелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

- электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

мүшелерінің мүдделері Қазақстан Республикасының атқару, сот және басқа да мемлекеттік органдарының шешімдеріне тәуелді болған жағдайларда олардың атынан сөз алу және қорғау.

Қазақстанның электр қуатының резервтер пулы мекемесін (бұдан әрі - ЭҚРПУЛ) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектілері құрған, оның негізгі мақсаты шарттық негізде тұтынушы-құрылтайшыларды өндіруші қуаттардың немесе Қазақстан Республикасының электр беру желілері істен шыққан жағдайда үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттар резервін ұсыну.

ЭҚРПУЛ қатысушылары мыналар болып табылады:

- өндіруші компаниялар;

- ҰЭК;

- «KEGOC» АҚ;

- көтерме тұтынушылар.

Электр энергиясының нарығы екі деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бір деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.

Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды:

- нарық қатысушыларының арасында жасалатын екі жақты шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатудың орталықсыздандырылған нарығы, олардың негізінде электр энергиясына арналған шарттық баға айқындалады;
      - электр энергиясын сатудың орталықтандырылған нарығы, онда электр энергиясын сатып алу - сатудың қысқа мерзімді (спот-сауда-саттық), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) мәмілелері жүзеге асырылады;
      - нақты уақыт режимінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасындағы операциялық тәулікте пайда болатын сағаттық теңгерімсіздіктерді нақты және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында қызмет ететін теңгерімдеуші нарық, Қазақстанның БЭЭЖ-де қажетті қуаттар резервтері қалыптасқанға дейін бұл нарықтың жұмысы имитациялық режимде жүреді;
      - жүйелік және көмекші қызметтер нарығы, онда ҚР БЭЭЖ жұмысының сенімділігін белгіленген мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз ету және электр энергиясы сапасы үшін ҚР БЭЭЖ-дің Жүйелік операторы жүйелік қызмет көрсетуді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.
      Қуаты 1 МВт төмен электр энергиясын тұтынушылар мен оларға бәсекелестік жағдайда электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен қамтамасыз ететін компаниялар электр энергиясының бөлшек нарығының қатысушылары болып табылады.

ҚР БЭЭЖ-дің жүйелік операторы мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-і бойынша электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалануға әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдеріне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;

- электр энергиясын өндіру-тұтынуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелі қызметтер көрсетеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

- энергия өндіруші ұйымдар арасындағы қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерінің пайдаланылуын айқындайды;

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- қосарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекет етеді;

- бірыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерін релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

- электр энергиясы теңгерімінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асырады.
      2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы іске қосылады.

ҚР БЭЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруды Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы жүзеге асырады.

 

Кесте 1 – Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының күшті және әлсіз жақтарды, бұл сала үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Электр энергетикасы саласының күшті жақтарына мыналар жатады:
-
арзан көмірді пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндірудің жоғары үлесі (2009 жылы жалпы өндіріс көлемінің шамамен 74%-ы)
-
кернеуі 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желілерінің дамыған схемасы;

- жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі;

- жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетінің болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
- Қ
азақстанның БЭЭЖ-нің Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдің БЭЖ-мен қосарлас жұмыс істеуі;

- электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база жасалды;

- электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің болуы;

- отын-энергетика ресурстарының елеулі қорының болуы.

Электр энергетикасы саласының әлсіз жақтарына:

- өндіруші жабдықтардың парктік ресурсын айтарлықтай ендіру, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндіру мүмкіндіктерін шектейді (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктік ресурс 18-30 % құрайды);

- гидроэлектр станцияларының өндіруші қуаттар құрылымындағы төмен үлесіне байланысты (12% жуық) ең ұшқары жүктемелерді жабу үшін маневрлі өндіруші қуаттардың тапшылығы;

- өндіруші қуаттар таралуының әркелкілігі (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);

- өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілері тозуының жоғары деңгейі (~ 65-70%);

- жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететін тетіктің жоқтығы;

- Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткізілетін электр энергиясына тәуелділігі жатады.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлер

Электр энергетикасы саласының мүмкіндіктеріне:

- Батыс аймақты КР БЭЭЖ негізгі бөлігімен біріктіру;

- елдің жекелеген өңірлерінде энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу;

- қуат нарығын іске қосу;

- Республика өңірлерін ішкі энергетикалық ресурстармен жеткілікті  қамтамасыз ету;

- елдің экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін арттыру;

- электр энергетикасы объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.

Электр энергетикасы саласының негізгі қауіп-қатері:

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларында иелік және қондырылған қуат арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және негізгі жабдықтардың істен шығуы;

- жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;

- елдің шектес мемлекеттердің электр энергиясына тәуелділігі.

 

Ескерту – Автордың құрастыруы

 

Субъектілердің электр энергиясы нарығына ашық кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағаның объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы жұмыс істейді.       2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда электр станцияларының белгіленген қуаты 19,1 мың МВт, қолдағы қуат — 14,8 мың МВт. құрады.

Қуаттың алшақтығы мен шектеу - 4,3 мың МВт. құрады, оның ішінде:
      1,1
мың МВт - су шығыны бойынша шектеуге және төменгі бьефтің жоғары тіреуіне, сондай-ақ су ағысы бойымен шағын СЭС жұмыс істеуіне байланысты ГЭС-те;
      1,5
мың МВт - жұмыс істеуге қабілетсіз жағдайдағы № 1, 2, 8 энергия блоктарды консервациялауға байланысты ЕМАЭС-1-де;

1,7 мың МВтжылу электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының қанағаттандырғысыз жай-күйде болуы мен жылу тұтынудың жетіспеушілігіне және жобалық емес отынды жаққандықтан.

Бүгінгі күні өндіруші қуаттардың 41% жуығы 30 жылдан астам пайдаланылды.

 Электр қуаты және энергиясына перспективті қажеттіліктің өсуін жабу үшін электр станцияларын дамыту мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде:

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларының жабдықтарын техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғырту;

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларында жаңа қуаттарды іске қосу;

- жаңа электр станцияларын салу (ЖЭО, КнЭС, СЭС, ГТЭС)
      - теңгерімге дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздерін енгізу (ЖЭС, КЭС).

2014 жылға қарай электр жүктемесінің 15,4 мың МВт дейін артуы күтілуде. Электр жүктемесінің артуын жабу үшін жұмыс істеп тұрған электр станцияларын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ жаңасын салу жөніндегі іс-шаралар қажет.

Саланың жүйе құрушы инфрақұрылымы ретінде Ұлттық электр желісін оңалту жөніндегі шаралар қажет. Бұдан басқа, ҚР БЭЭЖ маңызды торабы болып табылатын және алдыңғы кезеңдегі салымның болмауы себепті қанағаттандырғысыз жағдайдағы Екібастұз МАЭК-1 500 кВ АТҚ оңалту қажет [2].

Пайдаланылған әдебеттер тізімі

 

1 Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Астана, 2012 жылғы 27 қаңтар.

2 Губина О.В., Губин В.Е. Анализ финансово-хозяйственной деятельности: Практикум: Учебное пособие: М.:Инфра – М, 2010. – 192 с.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

      4 Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

      5 Мұхамбетова З.С. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2008. - 165.