П.ғ.к.
Байғанова А.М.
Ақтөбе
политехникалық колледжі, Қазақстан
Қашықтан
оқытуды ұйымдастыруда интерактивті құрылғылар мен
интерактивті оқу құралдарының қолданылуы
Қазіргі уақытта оқытушылардың
ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен
қашықтан оқыту технологияларын ұштастыра қолдану
құзырылықтарынан, сонымен қатар, жеке
пәндердің қашықтан оқыту
әдістемесінің жасалмауы, электрондық оқу
-әдістемелік кешендерін жасау,
оқу үрдісіне ендіру, электрондық бөлімнің жұмысын
ұйымдастыру бойынша оқытушылар
құрамының
қызмет ережесінің болмауы жалпы қашықтан
оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін
құрайды.
Қашықтан
оқытуды ұйымдастыруды интерактивті құрылғылар мен
интерактивті оқу материалдарының қолданылуы оқу
үрдісін ұйымдастырудың және оқыту
нәтижесінің сапасын арттыратыны сөзсіз.
Сабақ
өткізудің негізгі интерактивті құралдары мультимедиапроектр арқылы
ақпарат жіберетін, сенсорлық
экранна тұратын интерактивті
тақта болып табылады. Интерактивті тақтаға ақпарат
микраскоп, цифрлық фотоаппарат, бейнекамера және т.б
перифериялық құрлығылардың көмегімен
түседі.
Интерактивті тақта
ақпаратты жіберу үрдісін басқаруға мүмкіндік
береді, яғни презентациядан жекелеген обьектілерді белгілеп
көрсетіп және оларға түсініктер жасауға
болады.Және өзгертулер мен түзетулер жасап және келесі өзгертулер мен
қолдану мақсатында сабақ материалын сақтауға
болады. Ол үшін электрондық қалам қолданылады.
Интерактивті тақтаның программалық жабдығының
мүмкіндігін іске асыру үшін кәдімгі бор тақтамен
дәстүрлі жұмыс тәсілін және интерактивті
мультимедиалық құралдар жиынының мүмкіндігін
қолдануға болады.
Интерактивті
тақтаның, мысалы біздің қолданған Starbord Software бағдарламалық
жабдығының видеобейнелерде қарау, жеке бейнекадрлерді
ұстап тоқтату, бейне фрагментіне көмескі жарық
түсіру, бейне элементін фотоға түсіру, оқу
үрдісін ақпарат тасымалдаушыға жазу, шаблондар жиынының
тақырыптарын көрсету сияқты сервистік қызметтерін
қолдану қашықтан оқыту барысында дәрістік
сабақты оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаның кәдімгі тақтадан
айырмашылықтары:
-
Интерактивті тақта компьютердің түсті
палитрасын толық көлемде қолдануға мүмкіндік
беруі;
-
Интерактивті тақтаның ақпараттық
қорлары қайта-қайта қолдануға болатын
әртүрлі типті файлдардың (мәтіндік, видео, графикалық,
презентациялар және т.б) негізінде дайындалуы;
-
Интерактивті тақтада белгі қоюға
және бейненің үстінде жазуға болатыны, және
оларды сақтауға және желі арқылы студенттерге жіберуге
болатыны;
-
Drag & drop функциясы интерактивті тақтада
орналасқан объектілерді басқаруға мүмкіндік беруі,
сызбаларды байланыстыру, объектілерді салыстыру арқылы білімді бақылау мүмкіндігі,
экранның алдын ала дайындалған материалды түсіндіру барысында
Прожектор құралын пайдалануға болатыны;
-
IW Recorder
құралының көмегімен оқытушы мен студенттің
келесі жұмыста пайдалануға
болатын интерактивті тақтадан барлық әрекетті
және оқытушының дауысын таспаға жазып алу
мүмкіндіктері.
Иллюстрациялық және
анимациялық сызбалар, кестелермен
электронды плакаттар, мультимедиалық
презентациялар, интерактивті тестер, веб-беттер және т.б сияқты электронды дидактикалық құралдарды жеке немесе олардың
жиынын оқытушы қолдануға болады. Интерактивті тақтаның бағдарламалық
жабдық шаблонын жеке немесе қажетті жағдайда ішіндегі
объектілермен бірге пайдалануға болады.
Электронды
дидактикалық құралдарды қолданып модулдік оқыту
технологиясының жүзеге асырып материалды интерактивті тақтаны
пайдаланып көрсеткенде көрнекілік, қолайлылық
және жүйелілік қағидасы орындалады.
Анимациялық
сызбаның көмегімен, иллюстрациялар құрылымдарын
көрнекі көрсетуге және үрдісті жүзеге
асыруға болады, динамика ұстанымы бойынша нақты нысандардың
әрекетін көрсету үшін, интерактивті анимациялар түсінікті түрде абстрактілік
ұғымды ұғынуға мүмкіндік береді, сонымен
қатар, мөлшерін өзгертуге, қандай да бір
үрдістің немесе оқиғаның өтуіне
тәуелді.
Интерактивті Flash – тапсырмалар, зейінді
құрастыру үшін конструкторлар, мағыналы өзара
байланысқан конструкциялар, интерактивті тестерлер бақылаушы
шараларды құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі
кезде интернет желісінде интерактивті тақта үшін көптеген
ақпаратты қорлар ұсынылған, қосымша
өңделген бағдарламалық
жабдықтар және интерактивті құрылғыларды
пайдалануға бағытталған дайын тапсырмалардың
үлгілері көп. Әр педагогтың өзіндік пәнді оқыту
және студенттерге оқу материалын беру әдісі бар. Компьютер
мен тақта бар болғаны құралдар, ал оқу
үрдісінің нәтижесі көбінде оқытушының
шеберлігінен және мамандырылған бағдарламалық
жабдық сапасына байланысты болады.
Мультимедиалық
тапсырмаларды құруда интерактивті құралдарды пайдалану
арқылы барлық
тапсырманың жеке кезеңдерін
қарастыру қажет. Ол үшін әдістемелік немесе
сабақтың педагогикалық сценарийін құруға
болады, онда IT және оқыту
технологияларының орны және тағайындалуы көрсетіледі.
Интерактивті
тақта ұжымдық жұмыс үшін үлкен
мүмкіндік береді және конспектілеуден босатады. Динамикалық
материал беруді кейінірек жаңғыртуға болады, мысалы үйде
сабақтың сақталған материалымен өздік
жұмысын жасау барысында. Білімді бақылауды интерактивті
тақтада нысандар және түсінігін оқу, терминдер сәйкестігін анықтау жолдары
арқылы іске асыру.
Интерактивті
тақтаны нәтижелі пайдалану мақсатында оқытушы аудиториямен тұрақты байланыс ұстап тұру қажет,
пәннің басты кезеңдерін белгілеу арқылы оқу
материалының басты элементтеріне студенттердің назарын аударту
керек. Сонымен қатар ақпаратты беру жылдамдығын
бақылап, презентацияның белгіленген бөлігіне қайта
келуге болады. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру үшін
оқу ақпаратын динамикалық кестелерді, графиктерді,
схемаларды, диограммаларды, т.с.с. көрнекі құру керек.
Реквизитке дейінгі жеке реквизиттен кейінгі есепке алу мақсатына
сәйкес пән ішіндегі
және пән аралық байланыс, жалпы құрылымдағы тақырыптың орнын көрсет.
Визуалды жобалау және объектілерді модельдеу, пайда болу, нәтижесі
және қасиеті, сонымен қатар модельмен басқару
арқылы нақты есептің шешімін көрсетуге болады.
Презентациямен
ұсынылған дәрістерде маркермен және түстермен
жұмыс қажеті ақпаратқа назар аудару үшін,
схемалар, нысандар арасындағы байланысты белгілеп, интерактивті
тақтада демонстрациялау үшін қолданылған.
Сонымен,
интерактивтік мультемедиа дәрістер мәтіннің, статикалық
және динамикалық, графикалық ақпаратты, аудио
және бейне ақпаратты ұйымдастыруға тиімді
бағытталған және қашықтан оқыту үшін
дидактикалық бірқатар мәселелерді шешеді.
Әрине
қашықтан оқытуда зертханалық және
тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру қиынға
соғады. Бұған байланысты
компьютерлік зертханалар мен электрондық жаттықтырушыларды
қолдану қажет. Компьютерлік зертқаналық
сабақтарды ұйымдастыруға студенттер модельдеу мәнісін,
қиын экстремальдық жағдайларда жүргізілетін сынауларды
терең түсінетіні анықталады.
Қашықтан
оқытудың педагогикалық жүйесін ұйымдастыруда
қашықтан оқытудың дидактикасын қалыптастыру,
қашықтан оқытудың теориялық негізін,
қашықтан оқытуға арналған оқу
материалдарының
құрылымы мен мазмұнын
беру жолын анықтау, қашықтан оқыту
жүйесінде оқытуды ұйымдастырудың, оқыту
құралдарын дидактикалық орынды қолдануды
көздейтін әдістемені жасау мәселелерін шешу қажет.
Бұл мәселелер әр саланың мамандарын, педагог, психолог,
инженер, ақпараттық технологиялар мамандрының біріккен
жұмысын қажет етеді.
Қашықтан
оқыту қызыметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру, дамыту
мақсатында оларды интернет конференцияларға, on-line тәртібінде
кітапханаларға қатысуды қамтамассыз етіп, желідегі
іс-әрекеттің нәтижесін талқылау және бетпе-бет
кездесу барысында кеңесшілер мен сарапшылардың күшін
біріктіру жұмыстарын жүру орынды.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасы
2. О.Г.Смолянинов «Интерактивтіліктің
түрін анықтау негізіндері»
3. Құрманалина Ш.Х.,
Тәжіғұлова А.І., Винницкий Ю.А «Интерактивтік
оқытудың принциптері