История/ 2. Общая история
Гуманитарлық
ғылым магистрі, оқытушы Уалиева Г.К.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қарағанды
Ортағасырлық Таскешу керуен
сарайының археологиялық зерттелуі
Қытайдан бастап Батыс Еуропа елдері арасындағы байланыста
Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігі, қазіргі
Атырау облысының аумағы үлкен маңызға ие. Орта
ғасырда бұл арада Орта Азия мен Батыс елдерін жалғайтын
құрлық және теңіз жолы жұмыс жасаған.
Үстірт қыраты арқылы Сарайшық пен Көне
Үргеніш қалаларын қосатын құрлықтың
жолы бойымен Орта Азиядан алып келінген тауарлар Сарайшық қаласына
жетіп, Жайық өзенінен Еділ бойындағы Алтын Орда астанасы
Сарай-Бату қаласына немесе Каспийдің батыс жағалауына алып
баратын желкенді кемелерге тиелетін. XIII-XIV ғасырларда бұл жол
Батыс пен Шығысты байланыстыратын негізгі керуен жолына
айналды.
Бұл жол туралы В. В. Григорьев былай деп
мәлімет береді: «Вторая часть пути от Сарайчика до Ургенча издавна привлекала
внимание исследователей и довольно хорошо известна. По всей трассе этой
караванной дороги, пролегавшей по пустынным безводным районам, на расстояниях,
примерно соответствующих одному дневному переходу (около 30км), были вырыты
колодцы и построены караван-сараи, некоторые из них исследованы в последние
годы археологами. Начинавшаяся от Сарайчика дорога впервые описана в
1803 г» [1, 183].
Академик В.В. Бартольд бұл жолды «Европа мен Азияны байланыстырушы
өркениет жолы» деп баға берген болатын. «Гораздо чаще посещались
Хорезм и Куня-Ургенч с северо-запад. Вместе собразованием монгольской империи
возник новый торговый путь из Европы в Азию, путь от берегов Волги через
сарайчик на Урале, Куня-Ургенч, Отрар и Алмалык. Этим путем пользовались как мусульманские, так с
XIV в. И европейские купцы» дей келе: «... Здесь проходил
главный торговый путь из Европы в Азию; купцы возили свои товары и Сарая нарық Волге через Сарайчик
нарық Урале и Устюрт в Куня-Ургенч; мы имеем целый ряд рассказов купцов и
других путешественников орта напрпавлении этого пути, орта характере и цене
товаров, орта способах передвижения и т. п.» [2,
54].
Орта ғасырларда Хорезм, Хиуа және Төменгі Еділ бойын
байланыстырған «Ескі Ноғай Жолының» бойындағы
ескерткіштер туралы В.В. Григорьевтің «Описание Хивинского ханства и
дороги туда из Сарайчиковской крепости» еңбегінде жазылған [1,
184].
XIII ғасырда Каспий теңізінің деңгейі
көтеріліп, теңіз жолын пайдалану қиыншылық
әкелген кезде құрлық жолының маңызы арта
бастады. Алтын Ордадағы Өзбек ханның билігі тұсында осы
«Ескі ноғай жолы» делінетін құрлық жолы
басымдыққа ие бола бастап, керуен жолында әсем безендірілген
бекініс ретіндегі қонақ үйлер, керуен-сарайлар салына
бастады. А. Левшин «Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен
Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған мойнақ
арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең
жақсысы – «Ноғай жолы», - деп жазcа [3, 225], белгiлi кеңес
археологы С.Толстов бұл жолды «Едiлге баратын үлкен патша жолы» деп
атаған [4, 14].
Осы керуен жолымен жүрген керуендерге өзендерден кедергісіз
өтіп, демалатын қонақүйлер қызметін
атқарған керуен сарайлар мен көпірлер салынған.
Соның бірі Сағыз өзеніне салынған Таскешу көпірі
мен керуен сарайы.
Керуен сарайдың орналасқан жері туралы бірнеше авторлар
өз еңбектерінде мәліметтер қалдырған. Соның
бірі С.П. Толстов былай деп жазады: «На левом берегу реки Сагиз находился караван-сарай Тас-кичу,
представлявший собой прямоугольную кирпичную постройку (45 x 42 м) с внутренним двором и помещениями
вдоль стен» [4, 15].
Керуен сарайдың координаталық орны туралы
«Записки императорского русского географического общества» жинағында:
«Ташъ-Кичу, укр.Tasche-kitschou-окончательно северная широта 43
22 18; принимаемыя: долгота от Ферро.64° 9'
13"; Имя наблюдателя Александровъ...1848» деген дерек бар [5, 110].
Сағыз өзенінің бойында орналасқан
керуен сарай туралы мәліметті Л. Мейер өз еңбегінде:
«Сухопутные пути, проложенные с торговой целью, идут от пограничной линии в
южном или юго-восточном направлении, если начать их перечень с востока, то
первый путь будет: 1) Троицкая караванная путь; а) из Калмычовской крепости; б)
из Сарайчиковской крепости и в) из Гурьева городка они сходились на Сагиз у
разрушенной крепости Тас-Качу» нақтылай түседі [6, 132]. А. И.
Левшин «...каменный брод Таскешу на р. Сагыз» деп жазды [3, 227].
«Таскешу» атауының мағынасы туралы Н. Семенов: «Таш-Гечу значит
«каменный брод» деп жазады [7, 495].
Керуен-сарайдың салыну уақыты туралы бірнеше болжамдар бар.
С.Толстов керуен сарайлар Х ғасырдың соңы мен ХV
ғасырдың басында, әсiресе Хорезм мемлекетiнiң ХI-ХII
ғасырлардағы Едiл бойы мен Шығыс Европа елдерiмен
арадағы сауда қатынасының дамыған кезiнде
тұрғызылған деген пiкiр айтады [4, 15]. Ә. Кекілбаев
Үргенiш пен Сарайшық арасындағы парсылардың ежелгi
жолдарының үлгiсiндегi бекiнiстi сауда жолын Х-ХI ғасырларда
Хорезм шахтары салдырған дейдi [8, 127]. Қарақалпақ
филиалының ғалымдарының ойынша бұл күрделi
құрылыстар 1312-1342 жылдар аралығында билiк
құрған Алтын Орда ханы Өзбек ханның заманында
өмiрге келген. Себебi ол кезеңде Хорезм мемлекетiн оның
өз адамы Тұғлық Темір билеген, сондықтан
арадағы қатынас өте жақсы дамыған.
Керуен-сарайдың салынуындағы негізгі
мақсат-көпестер мен дәулетті саяхатшылар үшін
қонақ үй ретінде қызмет ету және Сағыз
өзенінен өтетін өткелді қамтамасыз етіп отыру.
Бұл туралы Л. Мейер: «...На этом пути особенно замечательна крепостца
Тас-Кичу на Сагиз, построенная очевидно с целью обеспечить переправу через эту
реку» [6, 138]. Сонымен бірге, керуен-сарай
хабаршылар атын ауыстырып алатын пошта бекеті қызметін
атқарған. Керуен-сарайларды күзететін және сауда
жолының, өткелдің жағдайын бақылап отыратын
аздаған әскери бөлімшесі қызмет еткен.
Керуен-сарай күйдірілген кірпіштен дұрыс төртбұрыш
түрінде тұрғызылған (55x55м). Осы мәліметті В. Егоров «Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв» еңбегінде былай деп дәлелдейді: «Все здания караван-сараев имеют
стандартную прямоугольную планировку с обязательным внутренним двором и
расположенными по внутреннему периметру стен комнатами. Размеры построек от
30 X 25 до 40 X 40 м. Характерной особенностью зданий,
возводившихся в пустынных местностях Устюрта, является то, что они сложены не
из кирпича, а из бравшегося поблизости ракушечника» [9, 248]. Ал Л. Мейер Таскешу
Сырдария бойындағы құландылардың бір бөлігімен
ұқсас деген тұжырым жасайды: «...По времени существования и
материалам построек ближе всего к упомянутой крепостце Тас-Кичу подходит часть
развалин на Сыр-Дарье. Здесь мы встречаем одинаково хорошо сохранившийся тот же
кирпич квадратной формы» [6, 140].
Қазіргі кезде бұл жерде құрылыстың
қирандысы ғана қалған. Ол Атырау облысы, Мақат
поселкесінен шығысқа қарай 38км жерде, Мақат,
Қызылқоға, Жылыой аудандарының шекара қиылысында,
Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында
орналасқан.
Таскешу керуен сарайын алғаш зерттеген Әлкей
Марғұлан 1950 жылы Батыс Қазақстан археологиялық
экспедициясы оның суретін, жобасын алды. 1950 жлы Хорезмдік
археология-этнографиялық экспедицияның Орал-Үстірт
отряды керуен сарайы
көлемінің құрылыс қалдығын зерттеді. 1973
жылы керуен сарай мен көпірді М. Меңдіқұлов зерттеді.
Соңғы жылдары керуен-сарайдың орнына Атырау
облыстық тарих және археология орталығы қазба
жұмыстарын жүргізуде. Таскешу керуен сарайы Сағыз
өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Бұл жерде қыш кірпіштер үйілген ғимарат
құландысының көлемі 40x40 метр, биіктігі 1,5м.
Ортасында ашық алаң бар. Кірпіштердің көлемі 30x30x5
см. Құрылыстың үш жағында көлемі 20x20 м,
тереңдігі 1м. болатын ойыс шұңқырлар бар. Керуен сарайдан
1 шақырым солтүстікте «Жетібай қауымы» орналасқан. Онда
қыш пен саман кірпіштерден салынған мазарлар мен олардың
құландылары бар. Сонымен қатар, құлпытас,
қойтас тас қойып, қаланған мазарлар бар.
Қорыта келгенде, Таскешу керуен сарайы стратегиялық жағынан
Европа мен Азияның түйісер тұсынан ұтымды
орнығып, Хиуа, Хорезм шаһарларына, Төменгі Еділ бойын
байланыстырған «Ескі Ноғай Жолының» қауіпсіздігін
қамтамасыз етті. Сондықтан да Таскешу керуен сарайы мен
көпірінің стратегиялық, экономикалық алар орны ерекше.
Ал жазба және археологиялық деректер керуен сарайдың
мәдени-экономикалық дамуын, қаншалықты тарихымыз
үшін маңыздылығын анықтауға мүмкіндік
береді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Григорьев В. Описание
Хивинского ханства и дороги туда из Сарайчиковской крепости. - CПб.: ЗИРГО, 1861. - Т. 19. - 564 с.
2. Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекций по истории
турецких народов Средней Азии. -
Алматы: ТОО «Жалын», 1998. - 192 с.
3. Левшин А. И. Описание
киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких гор и степей. - Алматы: Санат, 1996. - 665 с.
4. Археологические и этнографические работы
Хорезмской экспедиции, 1949-1953 гг. / ред. Толстов С. П. – М.: Изд-во АН СССР,
1958. - 811 с.
5.
Записки императорского русского географического общества: научное издание. -
СПб.: Импер. АН. Кн. 10. /Отв. ред. Арапетов А.Н., 1855. - 448 с.
6. Мейер
Л. Киргизкая степь Оренбургского ведомства. - Павлодар.: ЭКО, 2007. - 191 с.
7. Семенов Н.
Туземцы Северо-Восточного Кавказа: рассказы,
очерки, исследования, заметки о чеченцах, кумыках и ногайцах и образцы поэзии
этих народцев. - СПб.: Тип. А. Хомского, 1895. - 486 с.
8. Кекілбайұлы
Ә. Шығармалар жинағы: 12 томдық. - Алматы.: Өлке,
1999. - Т. 7. - 511 с.
9. Егоров В.
Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. - Москва: Наука, 1985. - 245 с.