К.т.н., доцент Тулеп А., к.т.н., доцент Койшиева Т.

МКТУ им.А.Ясави, Казахстан

Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда қолданылатын ақпараттық технологиялар және олардың даму болашағы

 

Қазіргі кездегі қоғамды ақпараттандыру жағдайында маман даярлаудың жалпы мақсаты - ақпараттық-компьютерлік технология құралдарының барлық мүмкіндігін қолдану қабілеттілігіне даярлау арқылы үздіксіз білім беру бағытын қалыптастыру, тұлғаның білім беруді ақпараттандыру саласынан білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Ақпараттық технология [1] еңбекте көрсетілгендей ақпараттық үдерістердің өзара әрекеттесуі негізінде іске асырылады және оларды ұйымдастырудың мына түрін қарастыруы тиіс, яғни олар аутоматтандырылған түрде бірыңғай жүйе ретінде ұйымдастырылады. Сонымен ақпараттық жүйе - жүйе ретінде, яғни жасау объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Бір мезгілде ол жаңа жүйелерді құру және жобалау құралы бола алады. Бұл кезде ақпараттың жоғарғы қолданушы деңгейі көрініс береді [1, 90 б].

И.Роберттің айтуынша, жаңа ақпараттық технология – есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалақ құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өндеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады [2].

 «Ақпараттық технология» ұғымының көпмәнділігі мен көп қырлы болуына байланысты бұл ұғымды ішкі ұғымдарға ажырату, оның кейбір қырларын нақтылау арқылы құрылымдау қажет болады. Сонымен ақпараттық технологияның келесі кластарын атап көрсетуге болады:

-       ауқымды ақпараттық технология, ол қоғамда ақпараттық қорларды қалыптастыру мен қолданудың модельдері, әдістері мен құралдарын қамтиды;

-       базалық ақпараттық технология, ол қолданудың белгілі бір аймағына бағытталады (өндіріс, ғылыми зерттеу, жобалау, оқыту);

-       нақты ақпараттық технологиялар, ол қолданушының нақты есептерінде мәліметтерді өңдеуді қамтиды.

Жаңа ақпараттық технологиялар деп «жаңа білімдерді қалыптастыру үшін адамның есептеу ортасына тікелей интелектуальды тұрғыда енудегі мәліметтерді өңдеу модельдерінің, әдістерінің және құралдарының жиынтығы түсіндіріледі» [1, 89 б].

Көптеген мамандар қазіргі мезеттегі кәсіби бағыттағы құралдарда кеңінен қолданылатын жобалауды аутоматтандырудың әртүрлі құралдарының  маңыздылығын атап көрсетеді. Атап айтқанда, UML (Unified Modeling Language) тілін Rational Software фирмасы және оның серіктестері корпоративті деңгейде бағдарламалық жүйелер жасайтын фирмалар жасады (Hewlett-Packard, IBM, Microsoft, Oracle және т.б.). UML-Booch'a, OOSE/Jacobson және OMT бағдарламалық архитектураларды визуальды модельдеу тілдерінің ұрпағы. Бірқатар үлкен компаниялар UML тілін ауқымды бағдарламалық жүйелерді жасау барысында үлгі ретінде қолданады. UML тілі бизнес-модельдеу жүргізу үшін, талаптарды басқару үшін, жүйе архитектурасын талдау және жобалау үшін, бағдарламалау және тестілеу үшін қызмет етеді.               

Көптеген мамандардың назары бүгінгі таңда ақпараттық жүйелерді жасау мәселелеріне арналады. Ашық жүйелердің әдіснамасын қолдану сыртқы әсерлерге бейімдеуге қабілетті иілгіш (икемді) жүйелерді жасауды ұсынады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер әртүрлі бағыттағы өзара әрекеттесетін ішкі жүйелерден: білімді басқару ішкі жүйелері, шешімді талдау және қабылдау ішкі жүйелері (DSS – decision suppot system), ресурстарды жоспарлау ішкі жүйелері (ERP – enterprise resource planing), сыртқы ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу блогынан тұратын күрделі интеграцияланған кешен болып табылады [3].

Ақпараттық технология құралдарына және оларды оқыту үрдісінде қолдануға оқытуға байланысты неғұрлым қызығушылық тудыратын келесі мәселелерді атап өтейік:

1.     АТ мүмкіндіктерін оқыту құралы ретінде тиімді қолдану;

2.     Жоғары және орта білім беру шеңберіндегі пәндік сала ретінде, осы құралдардың жылдам қарқынды даму жағдайында АТ құралына оқыту;

3.     АТ үлкен мүмкіндіктеріне сәйкес олардың оқыту үдерісінде құралдарын қолдануға қабілетті болашақ мұғалімдерді дайындау;

4.     Иннновацияларға тез бейімделуге қаілетті АТ пәндік сала ретінде оқытатын мұғалім мамандарды дайындау.

АТ құралдарын қолдану-оқыту үдерісін студенттер білім алып, нақты ортада практикалык іс-әрекеттің нәтижесінде шығармашылық өнімдерін жасайтындай тұрғыда ұйымдастыру мүмкіндігін береді [4, 5]. Ұсынылған технология арқылы білімгерлер қоғамға пайдалы қандай-да бір мәселені шеше бастайды, қандайда бір шешімді іздеуде оны зерттейді.

Ақпараттык технологиялар жеке тұлғаның алдында тұрған міндеттерді орындау барысында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы болып отыр.Осы қарастырылған ыңғайды әртүрлі техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен ақпаратты жинау, ұйымдастыру, ұсыну және талдау үшін белгілі бір ғылым саласын оқып үйрену барысында қолдану мақсатқа сай келеді.

Студенттер білімді конструкциялауда және оған жауапты болғанда  ғана олардың оқуға деген мотивациясы арта түседі. Ақпаратты талдауға және қорытынды жасауға көмектессе ғана білімгерлер үшін оқыту нәтижелері неғұрлым мәнді болып табылады.

Ақпараттық технологиялар оқыту үдерісінде ақпаратты жинау, ұйымдастыру және сақтау үшін шығармашылық есептерді шешу, шешім қабылдау, тәжірибе алмасу, өздерінің нәтижелерін ұсыну үшін қолдануға қажет. Нәтижелерді интеграциялау үшін мәліметтер қорын электронды кестелерді, мәтіндік және графикалық редакторларды қолдануға болады. Электронды пошта тәжрибелерімен алмасу, қосымша мәліметтер алу мүмкіндігін береді. Білімгерлелдің шығармашылық іс-әрекеттері үдерісінде алғашқы болжамға қарама қайшы келетін нәтижелер алынуы мүмкін, бұл оларда неғұрлым жоғары денгейдегі ойлау операцияларының: классификация, синтез, анализ алдын-ала болжау, құру дамуына ықпал жасайды.

АТ құралдары оқытудың алға қойылған мақсаттарға жету дәрежесін стандартты сабақтардың көмегімен емес, неғұрлым ашық құралдар жүйесінің көмегімен анықтау мүмкіндігін береді.

-       орындалған жұмыстардың «портфолиосы» (electronic portfolios) – білімгерлердің дамуын бағалау; алдыңғы қатарлы жұмыстардың жиынтығын құру және әрқайсысының нәтижелерін талдау мүмкіндігін береді;

-       студенттік конференциялар, презентациялар – мұғалімге тән саласынан білімдерді тексеру мен қатар, өз ойларын тұжырымдау, сөйлеу іскерліктерін, пікірталасқа қатысуын бағалау мүмкіндігін береді;

-       шығарылатын журналдар мұғалімдер мен оқушыларға оқу үдерісінің барысы туралы пікірлермен алмасу мүмкіндігін береді.

Қарастырылып отырған оқыту нәтижелерін бағалау құралдары XXI  ғасырдың талаптарына сай келеді [6].

Бағалаудың мұндай әдістерінің негізгі мақсаты: білімгерлерде өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларының дамуына ықпал жасау. Компьютерлерді, видеокамераларды, интерактивті тақталарды және арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана отырып олар өз нәтижелерін қайта қарай отырып, соңынан оларға түсінік бере алады.

Осы ыңғайды іске асыру үшін АТ әртүрлі құралдары, соның ішінде графика, дыбыс, видеоны көптеген көздерден пайдаланатын оқу курстары мен практикалық сабақтарды құру үшін гипермәтіндік және мультимедиялы технологиялар қолданылады (HyperCard, ToolBook, HyperStudio (Macintosh), TutorTesh (Apple)).

Бірқатар еңбектерде ақпараттық технологиялар оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады [7, 8]. Оқыту үдерісінде ұсынылатын білім және дағдыларды қабылдаудын тұлғалық ерекшеліктерінің спецификасын ескеру оқыту тиімділігінің артуына ықпал жасайды. Ақпараттық технологиялар оқытудың формалары мен әдістерін түрлендіру, оларды білімгерді тұлғалық ерекшеліктеріне бейімдеу мүмкіндігін береді.

Мультимедиялы және гипермәтіндік құралдар оқытуды дараландыру үшін әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Бір материалды оқып үйрену үшін әртүрлі маршруттар ұсынылуы мүмкін. Оқу үрдісінде оқушылар белгілі бір пән саласында әртүрлі тәсілдермен жұмыс істейді: мультимедиялы құралдарды қолданып олар микроәлемді конструкциялайды, онда олар тәжірибелік жолмен ұсынылатын болжамдарды тексере алады.

АТ құралдарын оқыту үрдісінде қодану жаңа, белгісіз ғылыми тұжырымдарды оқып үйрену қабілетін; шығармашылық қабілетін дамыту; білімгерледдің қойылған оқыту мақсаттарына жету дережесі туралы ақпаратты сақтау; білімгерлерде өзіндік оқу және өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін береді. Бұл дағдылар дамымалы ақпараттық қоғамда келешек өмір сүруде, тез өзгеруші жағдайларға оларды бейімдеуде үзіліссіз оқыту мен өзіндік оқытуды қамтамасыз ету үшін қажет болады.

Қазіргі кезеңде білімді конструкциялау мен тасымалдаудың жаңа моделін құру үшін алғышарттар жасалған. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері оқытудағы кері байланыстардың болуын, білімгердің оқыту үдерісіндегі белсенділігін пәнаралық байланыстардың қамтамасыз етуі тиіс деген Ж.Пежо, С.Пейперт, Л.Выготскийдің пікірлерін дамыту мүмкіндіктерін береді.

Осындай құралдардың бірі ретінде оқыту аспабы ретінде келесі мүмкіндіктері бар WWW технологияларды қолдану ұсынылады, яғни: кең интерактивті мүмкіндіктері; гипермедиа құралдары (гипермәтін және мультимедиа); INTERNET арқылы ақпарат іздеу және алмасу; серверлерге, броузерлер мен көмекші қосымшаларға ену мүмкіндігі.

Бірқатар еңбектерде XXI ғасырда білім беру саласында телекоммуникацияларды қолдану болашағы қарастырылады. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық жүйелер – тәжірибені тасымалдау тәсілдерін жетілдіру бағытындағы келесі бір қадам болып табылады. Бұл білім мен тәжірибені жылдам және дұрыс берудің әлеуметтік қажеттіліктерін табиғи тұрғыда іске асыру. Теледидар сияқты телекоммуникациялық желілер де білім беру жүйесінде өз орнын табады. Бұл өте маңызды, әрбіріңе жоғары сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Көптеген басылымдарда, телекоммуникацияларды оқыту үдерісінде қолданудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін қарастыратын салмақты ғылыми зерттеулердің қажеттігі атап көрсетіледі, яғни: «Олардың мүмкіндіктері біздің алдымызда толығымен ашылады, егер біз олардың ішінде жатқан психологиялық негіздеуді, мотивтерді оқып-үйренсек» [293].

Білім беру мекемелерін оқу курстарына интеграцияланатын, жоғары  сапалы бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз ету қажет:  кез келген жастағы білімгерге,  ата-аналарға, қызметкерлерге – бүкіл өмір бойын оқыту үдерісі мен өзін-өзі оқытуға қатыстырылған қазіргі ақпараттық қоғамның  «ашық оқулық компьютерлік жүйелерді» жасау.

Оқыту үдерісінде мұғалімнің жаңа ролі анықталады, мұғалім мен білімгердің арасында жаңа қарым-қатынастар орнатылады. Ақпараттық технологиялар білікті және  дайындығы жақсы мұғалімдермен қажет уақытта, қажет орында және сәйкесінше ақпараттық ортада қолданылуы керек.

Желілік технологиялар компьютерлік оқытудың маңызды құраушысы болып келеді, олар компьютерлер арасында және адамдар арасында байланыстарды қамтамасыз етеді. Адамдар Internet-ті  байланыс үшін, тәжірибе алмасуда үлкен тиімділікпен қолданады. Қашықтан оқыту телекоммуникацияның көмегімен кеңінен қолданлып келеді. Оқыту орнында нақты, физикалық қатысусыз виртуальды университеттер концепциясы дамып    келеді.

Оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға байланысты қарастырылған мәселелер, АТ қарқынды дамуы жағдайында оның құралдарына оқыту, оқыту пәні ретінде үлкен өзектілікке айналуда.  Microsoft  фирмасының  бағдарламаларының шеңберінде  студенттер мен оқушыларды замани бағдарламалауға оқытуға арналған Internet Distanse Education (IDE) жобасы жасалуда. Серверлерде Visual C++, Visual I++  курстары бойынша қосымша ақпараттар келтіріледі.

Қазіргі заманғы бағдарламалау жүйелерінің жылдам даму қарқыны, олардың алуан түрлері, АТ құралдары саласында болып жатқан өзгерістерге жеңіл икемделетін «ашық» оқу курстарын жасау мәселесін қойып отыр.

Ұсынылып отырған оқыту технологиясының басты құраушылары пәндік сала идеологиясына баламалы оқыту мазмұнын құрылымдауға және оқыту үдерісін іске асыру үшін дистанциялы формаларды қолдануға негізделеді. Оқыту мазмұны тәжірибелі оқытушылар мен кәсіби бағдарламашылардың қатысумен жасалады және мыналарды қамтиды: оқулық материал (textbook); студенттің жұмыс дәптері (workbook); оқыту жоспары (study-guide); тестер жинағы (test-engine).

Оқытудың қашықтан оқыту формасы студенттер мен оқушыларға келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді: кәсіби бағдарламашылардың басшылығымен бағдарламалау дағдыларын және қашықтан оқыту бағдарламасында жүзеге асырылған олардың тәжірибелерін жетілдіру; қандай-да бір ой қорытуды  талап ететін бағдарламалау тілін таңдау;  замани аспаптық орталарда  жұмыс істеу, оқыту үдерісі оқушылардың білім деңгейін тексерумен қатар, қандай да бір құралдың көмегімен нақты шешілетін есептер класы туралы түсінік  қалыптастыру мүмкіндігін беретін бақылау тапсырмаларымен толықтырылады. Microsoft  фирмасының  мамандарынан бағдарламалау тілдері бойынша қосымша көмек алуға болады.

АТ құралдарына оқыту оларды оқыту үдерісінде әртүрлі пәндерде  қолдану, білікті мұғалімдерді дайындау мәселелері бойынша көптеген еңбектерге жүргізілген талдаулар келесі  қорытындыларды жасау мүмкіндігін береді:

1.     АТ құралдарын оқыту мен оларды оқыту үдерісінде қолдануға байланысты  сұрақтарға ауқымды назар аударылады; олардың құрал ретінде  оқыту үдерісінің тиімділігі мен сапасын көтерудегі үлкен орны ескеріледі; АТ оқыту құралы ретіндегі мәнділігін объективті тұрғыда анықтайтын алғышарттар сипатталады.

2.     Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың оқыту құралы ретіндегі  мүмкіндіктері толық көлемде қолданылмайтындығы ескеріледі, олардың мүмкіндіктеріне баламалы емес және осындай жағдайдың  себептері қарастыралады.

3.     Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында  олардың құралдарына тиімді оқытуға қабілетті, жоғары және орта білім беру        бойынша  білікті мұғалімдерді дайындау мәселесі қарастырылады.

4.     Аталған мәселелерді шешу мүмкіндігін беретін ыңғайлар ұсынылады (оқыту үдерісінде АТ құралдарын қолданудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін қарастыратын нақты ғылыми зерттеулердің қажеттігі; оқу курстарына интеграцияланатын жоғары сапалы бағдарламалық қамсыздандыруды, яғни – оқыту және өзіндік  оқыту үдерісінде кез-келген жастағы білімгерге икемді болатын «ашық» компьютерлік оқу жүйелерін жасау; пәндік салада болып жатқан өзгерістерге сәйкес жеңіл икемделетін АТ құралдары бойынша оқу курстарын жасау).

Сонымен, болашақ мұғалімнің объектілі-бағдарлы жобалау іс-әрекетіндегі басымдық нақты, жекелеген ақпараттық технологиялардың құралдары мазмұнының спецификалық аспектілерін қарастырудан білімгерлерде заманауи жобалау идеологиясы, есепті қою дағдылары, жалпы заманауи аппараттарды назарға ала отырып объектінің, құбылыстың моделін құру туралы түсініктерді қалыптастыруға алып келеді.

 

 

1.  Советов Б.Я. Информационная технология. –М.: Высшая школа, 1994. -368 с.

2.  Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. М., 1994.

3.   Педагогика профессионального образования. Под редакцией В.А.Сластенина. М.:ACADEMA, 2004. -368с.

4.   Е.В.Михеева. Информационные технологий в профессиональной деятельности. М.:Академия, 2006. -384с.

5.   В.А.Попков, А.В.Коржуев. Теория и практика высшего профессионального образования. М.: Академический проект, 2004. -428с.

6.   М.Т.Громкова. Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учебное пособие для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. -415с.

7.   М.В. Буланова-Топоркова. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов н/Д:Феникс, 2002. -544с.

8.   Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Учеб.пособие для студ.пед.вузов и системы повыш. пед. кадров.- М.: Издательский центр “Академия”, 2001-272б.