Педагогические науки/2. Проблемы подготовки
специалистов
Беркімбай Р.Ә.
Костанайский государственный университет, Казахстан
Экономикалық мамандықта
оқитын студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
ерекшеліктері
Соңғы
жылдардағы қоғамдық және әлеуметтік
өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер жоғары оқу
орындарының алдына да көптеген жаңа міндеттер қойып
отыр. Қазіргі кезеңде жоғары мектеп алдында
тұрған басты мақсаттардың бірі – студенттердің
жалпы білім деңгейін көтеру, өз бетімен білім алу жолдарын
үйрету, алған білімдерін болашақта практикада
пайдалануға бейімдеу. Математикалық білімдерді
толықтырудың басты көзі -
кітап, ғылыми-көпшілік әдебиеттер. Сондықтан
студенттерді қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге
үйрету - оқытушының басты міндеті болып табылады.
Білім беру
жүйесінде әлемдік деңгейге
жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар мамандарды даярлау
ісінде университет оқытушыларына жаңаша талаптар қоюда.
Студенттердің математикалық дайындық деңгейін
көтеру, оның қолданбалы бағытын күшейтуге
көп көңіл бөлінуде. Дәстүрлі оқыту
жүйесі кредиттік оқу жүйесіне көшірілді. Кредиттік
оқу жүйесіне көшу кезінде оқу бағдарламасы
өзгертілді. Студенттердің өздік жұмыстарының
көлемі көбейтілді және оған бөлінетін сағат
саны арттырылды.
Осыған
байланысты экономикалық мамандықта оқитын студенттерге
өздік жұмыс ретінде берілетін жеке тапсырмалар да қайта
қарастырылды. Онда экономикалық есептерді шешуге
математикалық аппараттың қалай қолданылатынын
көрсететін көптеген есептер қосылды және студенттерге
беретін нұсқалар саны көбейтілді. «Математикалық
талдау» бөлімінен берілетін екі жеке тапсырманы беру және тексеру
ісі компьютерде бағдарлама жасау арқылы автоматтандырылды. Жеке
тапсырманы орындау үшін студенттер өзіне арналған есеп
нұсқасын жеке коды мен паролі бойынша компьютерден алады және
оларды шығарған соң жауабын компьютерге енгізеді. Компьютерде
жауаптар тексеріліп қорытындысында жиналған қорытынды балл
қойылады. Сонда студент өз жұмысының нәтижесін
бірден көреді. Егер кейбір есепті студент дұрыс шығармаса,
оларды алмастыруға мүмкіндік берілген. Дұрыс емес есепті
ауыстырып қайтадан шығаруға болады. Сөйтіп өз
қатесін жөндейді.
Экономикалық
пәндерде жиі кездесетін сұраныс және ұсыныс
функциялары, теңбе-теңдік баға, теңбе-теңдік сату
көлемі «Бір айнымалы функция» тақырыбына берілген мына есептерде
қарастырылады.
1.
сұраныс
қисығын салып және оның координаталар осьтерімен
қиылысу нүктелерін есептеп мыналарды тап:
1)
- сұраныс
функциясының анықталу облысын тап және а мәнін енгіз;
2)
- сұраныс
функциясының мәндер облысын тап және в мәнін енгіз;
3) тауар бағасы р1 =1 бағадан р2 =3
бағаға артқанда сұраныс көлемі қанша
өзгереді?
2.
және
сұраныс
және ұсыныс функциялары болсын. Табу керек:
1) р0 тепе-теңдік бағаны;
2)
теңбе-теңдік сату көлемін;
3) р1 =5 болғанда тауар жетіспеушілігін;
4) р2 =11 болғанда тауар
артықшылығын.
3. Сызықтық
интерполяция формуласымен D(6)=14, D(12)=8;
S(3)=2, S(13)=22 екі нүкте арқылы берілген
және
сұраныс
және ұсыныс функцияларын тауып, мыналарды есепте:
1) тепе-теңдік бағаны;
2) теңбе-теңдік сату көлемін;
3)
тепе-теңдік бағадағы табысты.
Туындының
физикалық және экономикалық мағыналары «Бір айнымалы
функцияның туындысы» тақырыбына берілген мына есептерде
анықталады:
4. Вертикаль жоғары
лақтырылған дене
, мұнда S – көтерілу биіктігі, ал t – қозғалыс уақыты.
Табу керек:
1) алғашқы сәттегі дене жылдамдығын;
2) жерге тиген сәттегі дене жылдамдығын;
3)ең жоғары көтерілу биіктігін;
4) дене жіберілген биіктікті.
5.Бригаданың өнім
шығару көлемінің
жұмыс
уақытынан t тәуелділігі
(0 < t < 8)
теңдеуімен берілген. Уақыттың
сәтінде есептеу керек:
1) бригаданың еңбек өнімділігін;
2) еңбек өнімділігінің өзгеру
жылдамдығын.
«Бір айнымалы функцияның
икемділігі» тақырыбына арналған есептерде икемділіктің
экономикалық мағынасы айқындалады.
Осылайша жеке
тапсырмаларды орындау кезеңінде де студенттерғе кәсіптік
бағдарлама беріледі. Олардың математикаға қызығушылығын арттырады.
Оқу бағдарламасында қамтылған сұрақтарды
тереңірек және кеңірек оқыту ісіне көп
көңіл бөлінеді. Математикалық ойлауларын
тереңдетеді, математикалық қабілеттерін арттырып, іздену
дағдыларын жетілдіреді. Математиканы экономикада, өмірде
пайдалануға үйретеді.
Литература:
1. Красс М.С., Чупрынов Б.П. Основы
математики и ее приложения в экономическом образовании. - М: "Дело", 2000- 688б.
2. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н.
Математические методы в экономике. – М.: «ДИС», 1997
– 368б.