Хонтой Мартина                                            

                                                       №65 жалпы білім беретін орта мектептің

                                                           биология пәнінің мұғалімі

Биология сабақтарында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған технологиялар. 

ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне  қойылатын талаптардың  өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары  қолданылуда.

Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған  мақсаттарға  және күтілетін нәтижеге  жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында  қамтылған  білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс-тәсілдері.Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға  сәйкес болуы керек.

-       оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

-       оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге  талаптандыру;

-       жеке дамуға  бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;

-       өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

-       білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартындаанықталатын түйінді құзыреттіліктер  ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің  әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  -  зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің  негізгі компоненттері:

1.     Оқу мақсаттарының  нақты қойылуы.

2.     Оны шешудің  жолын бірге қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына  оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін  ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын  дәлелдей  білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.  Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.Мысалы: 6 сыныптағы биология пәнінен «Бір жасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар» тақырыбын өткенде қортындылауға  «Семантикалық салыстырмалы карта» кестесі  мысал бола алады.

Коммуникативтік құзыреттілігі анықтау мақсатында 6 сыныптағы биология пәнінен «Тамыр-өсімдіктің топырақтан коректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбын қортындылап, бағалау үшін мына әдістерді пайдалануға болады.Алдын ала оқуға берілген мәтіннен үзінді және сұрақтармен тапсырмалар беріледі, сонымен қатар бағалау жеке парағы беріледі, керек болған жағдайда дұрыс жауаптары көрсетіледі.Сұрақтар мен тапсырмаларды жұппен орындайды. Мысалы,  берілген сөйлемдерден дұрыс анықтамаларды тауып, теориялық білімді қолдана білу біліктілігін дамыту үшін мынадай тапсырмалар қолдануға болады.

Тапсырмалар

жауаптар

1

дұрыс жауап тұсына «+» қате жауап тұсына «-» қойып көрсет

 

 

А.Өсімдік өсуі үшін коректік заттар қажет.

 

 

 

 

Ә.Картоп гүлдеп болған соң азотты қажает етеді.

Б.Бактериалық тыңайтқыштарды арнайы препараттардан әзірлейді

В.Ауыл шаруашылығында  органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдаланады.

Г. Гүлдегенге дейін картопқа фосфор қажет.

Ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктілігіне арналған тапсырма құрылымы мынгадай талаптарға сай болуы керек.

Стимул: Егер сен осы берілген тапсырмаларды табысты орындасаң онда  бүршік түрлерімен танысасың. Бүршік түрлеріне байланысты ақпаратты жүйелеуді үйренесіңдер.

Бүршік атаулары

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан

 

 

 

 

 Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор.Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы.

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р:

1.     Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. // Сыныптағы тәрбие. №1,2007

2.     Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар, 2005

3.     Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

4.     Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. // Білім- Образование. №2,2006

5.     Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы»