БАСТАУЫШ
МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ
ҰСТАНЫМДАР
Молдабек Қ. – п.ғ.д.,
профессор
Таласбаева
Маржан – магистрант Қ. А. Ясауи
атындағы ХҚТУ Түркістан қ. Қазақстан
Егемен еліміздің өркениеті
50 ел қатарына қосылуы үшін заманауи ақпараттар
толқынының пайдалы жақтарын оқыту үдерісіне
енгізе отырып оқушыларды қастерлеуге, мақтан
тұтуға ұлттық сана-сезімде, төл
халқының өзіндік
әдет-ғұрпын , мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелеув бастауыш мектеп мұғалімдерінің басты
міндеттерінің бірі екені даусыз. Сондықтан бастауыш мектептің
қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасы-мен, кәусар
бұлағымен сусындату
қажет.Себебі Ж.Б. Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтардың
халық педагогикасының мақсатарына мыналар:
«
Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға
созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып,
болашақ ұрпақты, өмірге дайындау, өнер-білімге
баулу,бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең
жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге
тәрбиелеу. ... Халық педагогикасының негізіне халық
ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық
материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері,
халық ойындары,
тәжірибелері т.б.» жататындығын атап көрсете келе,
халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне
айрықша тоқталады: « ... халық өзінің тарихы мен
тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы
тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір
тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық,
адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік,
қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау,
оған ілтипат көрсету
сияқты қасиеттерді олардың бойына екті » [1, 322-323 ]
Осыған орай бастауыш мектепте қазақ
тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында
балалардың санасына ұлттық
рухты үнемі сіңіру, ата-бабаларымыздың
атқарған ісіне мақтанышпен қарау,соларға еліктеу
сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке
тұлғалық ұлтжандылық қасиеттерінің
жетілуіне негіз болады.
Бастауыш мектептің қазақ тілі
сабағында оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру мен
дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға
болады. Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау үстінде балалар өздерін еркін сезінеді, өз
ойларын еркін айтып, еркін жеткізеді. Нәтижесінде оқушылардың
жеке тұлғалық қасиеттері дамиды , рухани жан-
дүниесі толысып жетіле
түседі. Оны прогресшіл педагог Ш.Амонашвили
былайша тұжырымдаған: «
... принудительный характер обучения
можно сгладить и преодолеть, направив его на развитие у школьников чувства
свободного выбора , являющегося сущностной чертой игровой деятельности ребенка.
Создание подобной атмосферы возможно путем подачи учебно-познавательных задач в
формах, близких к игре, путем установления с ними деловых отношений и
равноправного сотрудничества, как обычно бывает в игре, а главное – путем общения со школьниками
с позиции гуманного и личностного подхода, иначе говоря, самих же детей. ...
Такой источник мотивации, наподобие игры, ориентирует личность школьника на
свободную и интенсивную активизацию его познавательных сил » [2].
Олай болса бастауыш мектептің қазақ
тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдану
оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіріп, жеке
тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру үшін қажет. Себебі ойнау барысында
оқушылар өздерін еркін сезінеді, ұжымды және
қарсыласын сыйлауға , өз ой-пікірін ашық айтып,оны
дәлелдеуге үйренеді. Сондықтан
бастауфыш мектепте дидактикалық ойындар арқылы қазақ
тілін оқыту үдерісін «... ізгілендірудегі басты мақсат – оқушыларды
ұлттық және адамзаттық құндылықтар
арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне
және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға
назар аудару » [ 3, 15].
Қазақ тілі сабағында дидактикалық
ойындарды пайдалана отырып ұлттық педагогика негіздерімен
оқыту арқылы баланы өз елін, жұртын, ана тілін
құрметтеуге үйретеді.
Бұл оқушылардың өзарақатысым барысында бір-біріне
кішіпейілдікпен қараын, әдеп сақтауын, сыпайы сөйлей білуін қалыптастырады,
нәтижеде балалардың тілдік, сөздік қоры молаяды.
Резюме
В статье рассмотрены вопросы отбора принципов при
использовании дидактических игр на уроках казахского языка в начальной школе
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Астана: ЕҰУ, 1998. -378
б.
2.
Амонашвили Ш. Игра в учебно-познавательной
деятельности младших школьников //
Перспективы вопросы образования. -1987. - №1.- С. 83-93
3.
Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын
рухани дамыту мәселелері. -Алматы: Рауан, 2002. - 124 б.
4. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. - Алматы: 1993. 130 б.
5.
Ушинский К.Д. О преподавании русского языка // Соч.5. -М.: Изд-во АПН РСФСР, 1949. – 225 с.
6.
Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ
тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1996. -248 б.
7.
Исабаев Ә. Қазақ тілін
оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы: Қазақ
университеті, 1993. - 160 б.